3.11. Тақырып 11. Келтірілген механикалық тізім. Өндірістік механизмдердің механикалыө сипаттамлары. Электр қозғалтқыштардың механикалық сипаттамалары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Москаленко В.В. Электрический привод. М: Энергоатомиздат, 2000– 415 с.
2. Чиликин М.Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. – М: Энергия, 1981. – 1981 г.
3. Басов А.М., Шаповалов А.Т., Кожевников А.С. Основы электропривода и автоматическое управление электроприводом в с.х. – М: Колос, 1972. – 344 с.
4. Шичков Л.П. Автоматизированный электропривод. Методические указания и задания. – М.: ВСХИЗО, 1986.
2.4 Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың тежеу режимдерінің механикалық сипаттамалары
Тізбектепй қоздырылатын ЭҚ тежеудің екі режимі болады: динамикалық тежеу және қарсы қосу арқылы тежеу.
Динамикалық тежеудің сипаттамасы, қозғалтқыштық режим сипаттамаларының жалғасы ретінде теріс бұрыштық жылдамдық аймағындағы өтетін жалғасы болады. Бұл 2.13-суретте І және ІV квадранттарда өтетін сипаттамалармен көрсетілген.
Егер де жүкті қозғалту моменті электр қозғалтқыштың қысқа тұйықгалу Мқ.т. моментінен үлкен болса ғана қарсы қосу арқылы тежеу мүмкін болады.
Якорға келтірілген кернеуді қарама-қарсы өзгерту арқылы қарсы қосу режимін құруға болады. Бұл жағдайда якорь тоғын өзгеріп, қоздыру токтың бағыты өзгермеуі керек. Кернеу қарама-қарсы езгерту кезіндегі механикалық сипаттамалар 2.14-суретте келтірілген.
Динамикалық тежеу екі әдіспен жүргізіледі: өзін-өзі қоздыру және тәуелсіз қоздыру.
Өзін-өзі қоздырып тежеу кезінде (2.15 сурет) қозғалтқыштың якорі және қоздыру орамасы желіден ажыратылып кедергіге (резисторға) жалғанады.
2.13 сурст- Әртүрлі режимдегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары
2.14 сурет.Қарсы қосу арқылы тежеу режиміндегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары
2.15 сурет. Өзін-өзі қоздырып динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың жалғану сұлбасы
Осындай жағдайлар үшін машинаның механикалық сипаттамалары 2.1 суреттегі II квадрантта келтірілген. Бұл тежеу әдісі кезінде ьастапқыда өте үлкен өзін-өзі қоздыру болады,ол кедергі моментініңырғақтауына апарады.Сол себептен механизмде қажетсіз соққылар туады. Осы себептен 2.16 суретте көрсетілген сұлба бойынша ЭҚ-тың тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу қолданылады.
2,16сурет. Тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың қосылу сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |