3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Жобаның компиляциясы мен орындалуы



бет20/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Жобаның компиляциясы мен орындалуы

Жобаны компиляциялау үрдісінде қолдануға дайын файлдар-қосымша (кеңейтілуі exe) немесе динамикалық жүктеу кітапханасы (кеңейтілуі dll) құрылады. Компиляциялау нәтижесінде алынатын қосымшаның аты жоба файлының атымен сәйкес келеді, ал қосымшаның өзі автономды болады және өзінің жұмыс істеуі барысында Delphi-дің қосымша файлдарын қажет етпейді. Компиляция Project-Compile командасын шақыру немесе + пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады. Командада жобаның аты болады. Жобаны басқа атпен сақтау барысында, сәйкесінше, команда мәзіріндегі жобаның аты да өзгертілуі керек. Қосымшаны алу үшін жобаны құрастырудың кез келген кезеңінде компиляциялауға болады. Бұл форманың жеке компоненттерінің қызметінің дұрыстығы мен түрін тексеруге, сонымен қатар құрылып жатқан кодтың бөліктерін тестілеуге ыңғайлы болады. Жобаны компиляциялау барысында төмендегідей әрекеттер орындалады:



  • Барлық модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде модульдің ағымдағы мәтіні бар әр файл үшін dcu кеңейтілуі бар файл құрылады.

  • Егер модульге өзгертулер енгізілген болса, онда тек осы модуль ғана емес, сонымен қатар uses директивасының көмегімен оны қолданатын модульдер де қайта компиляцияланады.

  • Модульді қайта компиляциялау обьектілік файлдарда да (obj) немесе берілген модульмен қолданылатын қосылатын файлдарда да (inc) жүргізіледі.

  • Жобаның барлық модульдерін компиляциялағанда жобаның файлы компиляцияланады және жоба файлының аты бар қосымшаның орындалатын файлы құрылады.

Компиляциядан басқа жобаның құрастырылуы орындалуы мүмкін. Құрастыру барысында енгізілген өзгертулерден тәуелсіз жобаға кіретін барлық файлдар компиляцияланады. Жобаны құрастыру үшін Project – Build командасы орындалады. Жобаны Delphi ортасында, сондай-ақ, Windows ортасында да орындауға жіберуге болады. Delphi ортасында жобаның орындалуы Run – Run командасымен немесе пернесін басу арқылы іске асырылады. Осыдан кейін құрылған қосымша өз жұмысын бастайды. Егер жобаның файлына өзгертулер енгізілген болса, онда алдын-ала жобаның компиляциясы орындалады. Орындауға жіберілген қосымша Delphi ортасынан тыс жерде де жұмыс істей береді, бірақ кейбір ерекшеліктері болады:

Delphi ортасында қосымшалардың отладкасы (дұрыстау) үшін дұрыстаушы (отладчик) құралдарын қолдануға болады. Құрылған қосымшаны Windows ортасында басқа кез келген қосымшалар тәрізді, мысалы, Сілтеуіш (Проводник) көмегімен ашуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет