3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар



бет31/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

  1. Берілген жолдардан қатар жатқан ABCD символдар тобын алып тастау қажет.

  2. Жол берілген. Неше рет «+» және неше рет «*» символдары кездесетінін санау қажет.

  3. Жол берілген. Жолдағы барлық «а» әріптерін «б» әріптеріне және бос орындарды «-» белгісіне ауыстырыңыз.

5 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Файлдармен жұмыс

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Delphi ортасында файлдармен жұмыс жасауды үйрену.

Тапсырма. «Файлдан оқу» қосымшасын құру.

Төменде (2.1.21-сурет) осы қосымшаның орындалу нәтижесінің терезесі келтірілген.



2.1.21-сурет. Файлдан оқу қосымшасының нәтижесі

Тапсырманы орындау алгоритмі:

1. Жаңа жобаны ашып, пішіннің Caption қасиетіне «Файлдан оқу» деген мәнді жазыңыз.

2. Пішінге Edit1, Memo1, Button1, Button2 компоненттерін орналастырыңыз. Button1 батырмасының Caption қасиетіне «Ашу», Button2-ге «Сақтау» мәндерін жазыңыз. Edit1-дің Техт қасиетін тазалаңыз. Memo1 компонентінің Line қасиетінің Tstrings тізімін ашып, ашылган диалогтық терезенің ішіндегі Мемо1 жазуын өшіріп, ОК батырмасын басыңыз, содан кейін ScrollBars қасиетінен ssVertical мәнін таңдаңыз, бұл айналдыру жолағын тігінен қою үшін қажет.

3. Button1 батырмасын екі рет шертіңіз. Пайда болған процедураның дайындамасына келесі кодты жазыңыз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var

f: TextFile; // файл



fName: String[80]; // файлдың аты

buf: String[80]; // файлдан оқуға арналған буфер

begin

fName := Edit1.Text;



AssignFile(f, fName);

{$I-}


Reset(f); // оқу үшін ашу

{$I+}


if IOResult <> 0 then

begin MessageDlg('Файлдын адресі қате немесе ондай файл жоқ' + fName,

mtError,[mbOk],0);

exit; end;

// файлдан оқу

while not EOF(f) do

begin

readln(f, buf); // Файлдан жолды оқу



Memo1.Lines.Add(buf); // Memo1 өрісіне жолды қосу

end;


CloseFile(f); // файлды жабу

end;


4. Button2 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:

// файлға жазу

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

var


f: TextFile; // файл

fName: String[80]; // файлдың аты

i: integer;

begin


fName := Edit1.Text;

AssignFile(f, fName);

Rewrite(f); // қайта жазу үшін ашу

// файлға жазу

for i:=0 to Memo1.Lines.Count do // жолдар нөлден бастап нөмірленеді

writeln(f, Memo1.Lines[i]);

CloseFile(f); // файлды жабу

MessageDlg('Берілгендер файлға жазылды ',mtInformation,[mbOk],0);



end;

end.


Төменде (2.1.22-сурет) осы программаның блок-схемасы көрсетілген:

2.1.22-сурет. Программаның блок-схемасы


5. Жобаны сақтап, қосымшаны орындауға жіберіңіз. Орындауға жібергеннен кейін енгізу өрісіне файлдын атын, Memo1 өрісіне файл мәтінін жазып, сақтау батырмасын басқанда, жазылган мәтін енгізілген атпен сақталады. Кейін сол атты енгізу өрісіне жазып, ашу батырмасын басқанда файл мәтіні ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет