3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар



бет32/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

  1. Файлды жазу және файлға жазбаларды қосуға арналған программа құрыңыз.

  2. n нақты сандарын файлға жазу программасын құрыңыз.

6 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Delphi программалау тілінің графикалық және мультимедиалық мүмкіндіктері.

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Delphi ортасының графикалық және мультимедиалық мүмкіндіктерімен танысып, қосымшалар жасауды үйрену. Canvas типті обьектінің әдістерін қолданып, графикалық примитивтерді салуды, MediaPlayer компонентін қолдануды үйрену.

1-тапсырма. «Күн шуағы» қосымшасын құру. Бұл қосымшада «күн шуағы» батырмасын басқан сайын, күн суретінің шуақтарының бағыты өзгеріп отыруы қажет.

Тапсырманы орындау алгоритмі:



  1. Жаңа жоба ашып, пішінге Image1 және Button1 компоненттерін орналастырыңыз. Пішіннің Caption қасиетіне «Сурет», Button1-ге «күн шуағы» мәндерін жазыңыз.

  2. Button1 батырмасын екі рет шертіңіз. Пайда болған процедураның дайындамасына келесі кодты жазыңыз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var i:integer;

begin

Image1.Canvas.Pen.Color := clGreen;



Image1.Canvas.Brush.Color := clGreen;

Image1.Canvas.Rectangle(0, 200, 300, 300);

Image1.Canvas.Font.Color := clWhite;

Image1.Canvas.Font.Size := 20;

Image1.Canvas.Font.Name := 'Arial';

Image1.Canvas.TextOut(10, 250, ' Ишангалиева Бану);

for i := 0 to 200 do

begin


Image1.Canvas.Pen.Color := RGB(I, I, 255);

Image1.Canvas.MoveTo(0, i);

Image1.Canvas.LineTo(300, i);

end;


Image1.Canvas.Pen.Color := clRed;

Image1.Canvas.Brush.Color := clYellow;

Image1.Canvas.Ellipse(20, 20, 60, 60);

Image1.Canvas.Pen.Color := clYellow;

for i := 1 to 20 do

begin


Image1.Canvas.MoveTo(40, 40);

Image1.Canvas.LineTo(5 + random(70), 5 + random(70));

end;

end;


end.

3. Жобаны сақтап, қосымшаны орындауға жіберіңіз. Төменде (2.1.23-сурет) қосымшаны іске қосқанда шыққан нәтиже көрсетілген:



2.1.23-сурет. Қосымшаның шыққан нәтижесі


2-тапсырма. «Музыкалық ойнатқыш» қосымшасын құру.

Тапсырманы орындау алгоритмі:



  1. Жаңа жоба ашып, пішінге MediaPlayer1 (System беті), OpenDialog1 (Dialogs беті), Button1 (Standard беті) компоненттерін орналастырыңыз.

  2. Пішіннің Caption қасиетіне «Музыкалық ойнатқыш», Button1 батырмасына «Музыканы таңдау» мәндерін жазыңыз. Пішіннің фондық түсін Color қасиеті арқылы таңдауға болады.

  3. Button1 батырмасын екі рет шертіңіз. Пайда болған процедураның дайындамасына келесі кодты жазыңыз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin


if OpenDialog1.Execute then

begin


MediaPlayer1.FileName:=OpenDialog1.FileName;

MediaPlayer1.Open;



end;

end;


end.

  1. Жобаны сақтап, қосымшаны орындауға жіберіңіз. Төменде (2.1.24-сурет) қосымшаны іске қосқанда шыққан нәтиже көрсетілген:


2.1.24-сурет. Қосымшаның шыққан нәтижесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет