4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау


Сүрi жердi өңдеу технологиясын қүру



бет9/14
Дата25.01.2023
өлшемі59,76 Kb.
#166428
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЛПЗ 4
9 кл корип карау
Сүрi жердi өңдеу технологиясын қүру.
Сүрi жердi өңдеу технологиясын жасау үшiн мәлiметтердi оқытушы бередi. Нақтылы жағдайға байланысты (ауа-райы, жер бедерi, ластану типi) сүрi жердi өңдеу технологиясы әр түрлi болуы мүмкiн.
Көбiнесе сүрi жерге физико-химиялық және гидрологиялық қасиеттерiн жақсартуды талап етушi, қатты ластанған танаптар қалдырылады. Алдында айтқандай, сүрi жерлер таза, екпе және арнайы болуы мүмкiн.
Әр түрлi егiншiлiк аймақтарда таза сүрi жерлердiң мынадай түрлерi кездеседi: қара, ерте, жазықтiлгiштi, жазықтiлгiштi-гербицидтi және гербицидтi.
Қара сүрi жер көбiнесе күздiк дақылдар үшiн қолданылады. Ол екi кезеңге бөлініп өңделедi: алғы дақылдарды орған жылы жазғы-күзгi және келесi жылғы көктемгi-жазғы.
Қара сүрi жердiң негiзгi өңдеуi алғы дақылдарды орғаннан кейiн бiрден жасалады. Ол ауыспалы егiстiң басқа танаптарындағы жаздық дақылдар үшiн сүдiгердi өңдеуден айырмашылығы жоқ: аңызды сыдыра жырту және арамшөптер өнгесiн мәдени жырту. Жыртудың алдында органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгiзген дұрыс. Қара сүрi танаптың ең маңызды күту кезеңi – көктемгi-жазғы, бұл кезде бiрнеше беткi және қабаттармен өңдеудi арамшөптер өнген сайын жасайды. Қабаттармен өңдеудiң негiзгi әрбiр келесi өңдеу тереңдiгi бiрнеше сантиметрге тереңдетiлiп отырады. Осылай өңдегенде арамшөп тұқымдары және көпжылдық арамшөптердiң вегетативтi таралу органдары жүдеп жыртылатын қабат тиiмдi тазарады. Өңдеу саны арамшөптердiң өну қарқындылығына байланысты болады. Көктемгi-жазғы кезең жағдайы құрғақшылықты болса сүрi танапты күту қабатпен керiсiнше жасалады, яғни топырақты өңдеу тереңдiгi бiртiндеп азаяды.
Ерте сүрi танап. Қараға қарағанда ерте сүрi танаптың негiзгi өңдеуiн алғы дақылды күзде орғаннан кейiн емес, оны келесi жылы көктемде жасайды. Егер танап жатаған бидайықпен ластанса тамырсабақты уату үшiн көктемде қиылысты дискiлеу жасайды және өскiндерi өнген соң жердi жыртады. Ерте сүрi танапты жазғы күту әдiсi қара сүрi танабын өңдеумен бiрдей.
Жазық-тiлгiштi сүрi танап. Жазықтiлгiштi сүрi танабын өңдеу ерекшелiгi арамшөптердi түтiктенуге жеткiзбей, аралығы 20-22 күн сайын көктемгi-жазғы кезеңде жазықтiлгiш культиватормен 4 беткi қабатты өңдеу жасалынуында. Тамыздың екiншi бөлiгiнде 25-27 см тереңдiкке жазықтiлгiш-терең қопсытқышпен өңдеу жасалады.
Күзi ұзақ жылы жылдары терең қопсытқаннан кейiн арамшөптер өнсе, беткi қабатты өңдеу ұсынылады. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарда, күзде алғы дақыл орылғаннан соң БМШ-15 тырма тiстi шабақтауышпен тырмалау керек.
Көп жыл бойы жазықтiлгiштi өңдеу жасалынған жерде 6-8 жылда бiр реттен шымтiлгiшi бар соқамен жердi жыртуға болады. Жаңбырлы жазда егер танап атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластанса сүрi танапты өңдеуге КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1 ауыр культиваторларын және ЛДГ-10 дискiлi сыдыра жыртқыштарды жазықтiлгiштi құралдардың орнына қолданған дұрыс.
Егер жауқияқпен қатты ластанса сүрi жердi өңдеу технологиясының ерекшелiктерi болады. Мұндай танаптарды жауқияқтың тамырсабақтары орналасқан тереңдiктен 2-3 см терең жыртады, кейiн арамшөптер өнген сайын ауыр культиваторлармен жүдету үшiн және тамырсабақтарын тырнап шығару үшiн өңдеу керек.
Жазықтiлгiштi сүрi танаптың кемшiлiктерiне өсiмдiк қалдықтарының топырақ бетiнде болмауына байланысты жел эрозиясының пайда болуын, қарашiрiктiң қарқынды минерализациясын және топырақтың шамадан тыс борпылдақ болуынан судың булануын жатқызуға болады.
Жазықтiлгiштi-гербицидтi сүр танап көпжылдық арамшөптермен ластанғанда тиiмдi. Көктемде тырмалаумен арамшөп тұқымдарын топыраққа енгiземiз, арамшөптер өскiндерi пайда болғасын, маусымның басында, 2,2-2,5 кг/га әсерлi заттың мөлшерi мен жаппай әсер ететiн раундап немесе ураган гербицидiмен бүрку керек. Содан кейiн жаз бойы арамшөптер өнген сайын механикалық өңдеулер, химиялық өңдеулермен алмастыру керек. Тамыз аяғында 25-27см тереңдiкте терең қопсыту керек.
Егер танап далалы шырмауықпен ластанғанда, бiрiншi жазықтiлгiштi-культиваторлармен өңдейдi, кейiн жаз бойы шiлдеде механикалық өңдеулердi өткiзбейдi, арамшөпке жеткiлiктi жапырақ алақанын құруға мүмкiншiлiк бередi.Тамыздың бiрiншi онкүндiгiнде 2.4Д гербицидiмен немесе 1,0-1,2 кг/га ә.е.з. мөлшерiмен бүркедi, айдың екiншi бөлiгiнде 25-27см тереңдікте қопсыту жүргiзiледi.
Бүрку кезектiлiгiмен саны және жазықтiлгiштi сүрi танаптағы гербицидтердiң таңдауы ластану типiмен және танаптағы арамшөп санына байланысты болады. Бұл сүрi танаптың жа0сы-қасиетi оның жел эрозиясынан жақсы сақтандыруында. Сонымен қатар механикалық өңдеулер химиялық өңдеулермен алмастырылса арамшөптер толық құртылады.
Гербицидтi сүр танап.
Механикалық құрамы жеңiл қатты, тығыздалмайтын топырақтарда, сүр танаптарда арамшөптермен күрестi механикалық өңдеулерден бас тартып, тек қана химиялық әдiстермен күресуге болады. Өсiмдiк жамылғысының сақталуы оны жел және су эрозиясына төзiмдi болуына ы0пал жасайды.
Екпе сүр танаптар.
Сүр танапта егiлетiн дақылдарға қарай олар жаппай егiлетiн және отамалы болып бөлiнедi және екi кезеңде өңделедi, алғы дақылдың жиналуынан сүр танапта егiлетiн дақылды еккенше және сүр танапта егiлетiн дақылды жинағаннан негiзгi дақылды сепкенше.
Күзгi және себу алдындағы топырақты өңдеу бiрiншi кезеңде келесi әдiстерден құрылады, алғы дақылдарды жинағаннан кейiн аңызды сыдыра жыртып, аудара жырту, көктемде ерте тырмалау және себу алдында культивациялау. Егер сүр танапта отамалы дақылдар өңделсе, көктемгi-жазғы кезеңде арамшөптердi өлтiрiп, топырақты қопсыту үшiн қатараралық өңдеу жасалады.
Сүр танапта егiлетiн дақылды жинаған соң жердi жыртады да арамшөптер өнген сайын беткi өңдеу жасалады.
Арнайы сүр танаптарға ықтырмалы, құрама және ықтырмалы-құрамалар жатады.
Сидератты сүр танап.
Топырақтағы органикалық заттарды байыту үшiн, топыраққа жасыл тыңайтқыш ретiнде жерге жырту үшiн дақыл өсiрiлетiн ауыспалы егiс танабы. Сондай дақылдарды сидерат дейдi. Оларға бөрiбұршақ, сераделла, түйежоңышқа, рапс және басқалар жатады.
Сидералды сүрi танап технологиясы бойынша өңделедi. Жобалап күздiк дақылдарды егер алдында екi жұма бұрын сидератты көк балаусаны топыраққа аудара жыртады. Көк балаусаны топыраққа жақсы енгiзу үшiн оны жырту алдына тығыздайды, соқаның әр тұрғысының алдында дискiлi пышақ қояды. Жыртқаннан кейiн немесе онымен бiрге агрегатта топырақты тығыздайды.
Ықтырмалы сүрi танап. Оны өңдеу технологиясы таза сүрi танапты өңдеу технологиясына ұқсас. Олардан ерекшелiгi қар жиналу үшiн және топырақты жел эрозиясынан қорғау үшiн шiлдеде ықтырмалы дақылдар егедi - қыша, күнбағыс, жүгерi ж. т. б. Ықтырмалардың арасы өсiмдiктердiң биiктiгiне, жел режимiне байланысты болады және 7-12 метр аралығында ауытқиды. Күзде ерiген сулар жақсы сiңуi үшiн терең қопсыту немесе тiлу жасалады.
Топырақтың беткi қабатын құрғатып алмау үшiн ықтырма егер алдында тығыздаусыз терең өңдеудiң қажетi жоқ, одан беткi немесе таяз өңдеулер тиiмдi болады.
Арамшөптермен күресу үшiн кейде ықтырма алдында шымтiлгiшi бар соқамен жердi жыртуға болады. Бұл жағдайда екi мiндет атқарылады:

Органикалық заттар мен минералды элементтердi толтыру үшiн танапта алғы дақылды жинаған соң сабанды қалдыру, көң енгiзу, фосфор тыңайтқышын қалдыру керек, кейiн оларды топыраққа енгiзу қажет.
Құрама сүрi танап. Құрама сүрi танап өңдеу технологиясына қоректiк элементтердi толықтыру үшiн алғы дақылды орғаннан кейiн келесi жылдың көктемiнде фосфорлы тыңайтқыштарды енгiзу, арамшөптер қаулап шыға бастағанда 8-10 см тереңдiкке КПШ-9, ОП-8, КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1, КТС-10-02 культиваторларымен жазықтiлгiштi культивациялаулар жатады. Арамшөптердi жою мақсатымен топырақты өңдеу мен тыңайтқыштарды енгiзудi СЗС-6 немесе СЗС-12 сепкiшiн қолданып қиыстыруға болады. Арамшөптер қайтадан өнгенде шiлденiң екiншi онкүндiгiнiң аяғы үшiншi онкүндiгiнiң басында гербицидпен өңдеу жасалады. Гербицидтi таңдау және енгiзу мөлшерi арамшөптердiң түрлерiне және санына байланысты анықталады. Шiлденiң басында 1 гектарға 1,0 млн өнгiш тұқым мөлшерiмен сұлы себiледi. Топырақты эрозиядан сақтау және қысқы кезеңде қар жинау мақсатымен сұлыны себу, оның тұқымдары топырақтың ылғалды қабатына терең енгiзiлiп, бiркелкi өскiн алуына кепiл болуымен түсiндiрiледi. Онымен қатар сұлының тамырлары қуатты болып, қиын алынатын қосындылардан фосфор қорын iске қосады, арамшөптермен күресуде жоғары бәсекелестiк қабiлетi бар, тұзға төзiмдi, фитосанитар, тамыр шiрiгi патогенiн басуға қабiлетi бар.
Сүрi танапта сұлыны себу жазғы-күзгi кезеңдегi ылғал қорын сәл азайтса да, жалпы жауған жауын-шашынды белсендi қолдануын көтеруiне әсер етедi.
Құрама ықтырмалы сүрi танап. Бұл жерде екi-үш қатарлы ықтырма себiледi, ықтырма аралығына сұлы себедi. Күзде қыркүйектiң соңы мен қазанның басында сұлы жасыл жемге шабылады, қышадан себiлген ықтырмалар және ықтырма арасындағы жоғары аңыздар қысқа қалады. Басқа өңдеу технологиясы ықтырмалы сүрi танапты өңдеу технологиясына ұқсас. Құрама және құрама-ықтырмалы сүрi танаптар топырақ бетiнде жеткiлiктi өсiмдiк жамылғысы болғандықтан, олар жел мен су эрозиясынан сенiмдi сақталады.
Сүрi танаптарды өңдеу технологияларын құру үшiн студенттерге оқытушылар шифр бередi (44 кесте). Жағдайға байланысты (ауа райы, жер бедерi, ластану типi) сүрi танапты өңдеу технологиясының варианттары әр түрлi болуы мүмкiн.
Шифрмен байланысты мәлiметтер 43 кестеден алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет