4. ДӘріс кешені 1-модуль: №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен және мазмұны Жоспар



бет2/7
Дата08.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#195804
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ПШ каз
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, Лекция тезистері, Анализы для экз. 4 ОМ
Педагогикалық шеберлік - мұғалімге оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда қажетгі кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтыгы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

  1. Кәсіби педагогикалық білім;

  2. Педагогикалық тәжірибе;

  3. Шығармашылық тәжірибе;

  4. Тұлғалық қасиеттері;

  5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

Педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:

  1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.

  2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.

Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар,сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік - балалардысүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтыңқолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды:

  1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетгі құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);

  2. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

  3. Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

  4. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылык, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тындата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануга қызығушылық).

Окыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, қазіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет