4. ДӘріс кешені 1-модуль: №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен және мазмұны Жоспар



бет1/7
Дата08.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#195804
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ПШ каз
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, Лекция тезистері, Анализы для экз. 4 ОМ

4. ДӘРІС КЕШЕНІ
1-МОДУЛЬ:
1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен және мазмұны
Жоспар

1.Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің компоненттері ретінде


2.Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет.
4.Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады.


Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С.И.Ожегов,1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан- жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырга жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

  1. мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

  2. пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың соңында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

  3. оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар,жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

  1. педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

  2. педагогикалық кәсіби білгірлігі;

  3. педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;

  4. педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар;

  1. педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

  2. тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

  3. әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

  4. іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:

  1. Педагогикалық білім бірлігі.

  2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.

  3. Ситуацияларды меңгеру.

  4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалык белгісі - ой өрісінің кендігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен тендей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпаратган хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс- әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет