4. ДӘріс кешені 1-модуль: №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен және мазмұны Жоспар



бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#195804
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ПШ каз
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, Лекция тезистері, Анализы для экз. 4 ОМ
Мұғалімнің кәсіби білімі - мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін- өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:

  1. жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;

  2. оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға уйрету;

  3. оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;

Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:

  1. балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;

  2. баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;

  3. балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;

  4. оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;

  5. педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу.

Педагог тұлгасының арнайы қасиеттері мен сапалары:

  1. әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық);

  2. рефлсксивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық,өзіндік, сыншылдык, білімпаздық);

  3. коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя біліушілік, міндеттілік);

  4. эмпатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, кайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:

  1. ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау,жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);

  2. зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді, обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау,бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.б.);

  3. интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат кою ой жүгірте алу)

  4. креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу, негізін бөліп алу, алдын ала білу, жаңаша түрленді

  5. диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);

  6. болжау (біліктер: мақсат кою, акырғы нәтижені болжау, ( болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулержасау және т.б.);

  7. коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, акпараттарды алмастыру, вербальды және вербальды емес карым-қатынас, өзара әрекеттік жасау және т.б);

  8. аксиологиялық (біліктер: обьект пен бақылау формаларын таңдау, параметрді тандау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);

  9. басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);

  10. жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, ұйымдастыру, технологияландыру);

  11. инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы бағалау, кадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет