Сабақтың тақырыбы Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу



Дата02.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130498
түріСабақ
Байланысты:
Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, работа







«Болашақ» жоғары колледжі

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:




Топ: БББ-11г-17

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: 4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:




Сабақтың тақырыбы

Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

3.1.2.14 санның үлесін табу және үлесі бойынша санды табу



Сабақтың мақсаты




Оқушылардың барлығы:
Барлық оқушылар: Үлесті құру жолын көрсету. Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету.

Оқушылардың басым бөлігі: Көрнекілік негізінде үлестерді көрсету, үлестерді жазу, оқу және салыстыру. Санның үлесін табу.

Өз бетімен фигураны бірдей бөліктерге бөлу, үлестерді ерекшелеу.



Кейбір оқушылар:

Санның және шаманың үлесін табуға, үлесі бойынша санды табуға есеп шығару және зерттеу



Бағалау критерийлері

Білім алушылар санның үлесін оқиды.

Санның үлесін жазады.

Үлестерді салыстырады.

Санның үлесін табады.

Үлесі бойынша санды табады.


Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Үлестердің жасалуын түсіндіру.



Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты,ширек, төрттен бір, үштен бір).

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылау:

-Үлес дегеніміз не ?

-Үлесті қалай жазуға болады ?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.



Алдыңғы оқу

Үлес туралы түсінік.

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, қазақстандық патриоттизм және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу, еңбек және шығармашылық

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер, интерактивті тақта, слайд

Пәнаралық байланыс

АКТ, геометрия, бейнелеу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал тудыру:

 Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Тізбектелген тілек ойыны.

Әр білім алушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады .

Сол тұрған бойында «Үлес», «Жарты», «Ширек» деп түстес стикерлермен топқа бөлінеді.

Білім алушылар топқа бөлінгеннен кейін алдымен оларға топ ережелерін сақтауды және әр топтан топ басшысын сайлауын айтылады.



Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Сабақтың ұранымен танысады:



"Әр сабақ - ілгері қозғалыс, алға ұмтылыс!"

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырамын.


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

– Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? (Білмейміз)

– Нені үйрену керек?

Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек.







Стикерлер



Сабақтың ортасы

1-кезең: Мағынаны ажырату:

- білім алушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

2-кезең: Ой- толғаныс:

анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді




3 – кезең

синтез, бір-бірімен ой бөліседі.




Мағынаны ашу

Постермен жұмыс

Өз ойларын ортаға салады сабақты талдайды

тақырып бойынша өз пікрлерін плакат арқылы қорғайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» -кері байланыс
Мағынаны тану.

Мағынаны тану үшін білім алушылар тәжірибелік жұмыс орындайды.

Ол үшін әр топқа дайын фигуралар беріледі.

Дөңгелек, Төртбұрыш, Сегізбұрыш

–Екіге бүктеңіз.

– Ашыңыз.

– Қанша бірдей бөлік болды? (2) (Жарты)

–Тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек.

– Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (Ширек).

Тағы бүктеуге бола ма?

– Неше бөлік болды?

Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.



  • Басқа тағы қайда пайдаланады екенбіз?

Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдалануға болады.

  • Әр топ өздеріндегі бөліктерді бояйды. «Үлес тобы» 3/8 бөлігін, «Жарты» тобы 5/8, «Ширек» тобы 6/8 бөлігін бояймыз.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


Дескриптор

Білім алушы




– үлесті анықтайды;

– үлесті жазады.





«Ассоциация» стратегиясы (ауызша сұрақтар)

Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап”

Күнтізбе неше бөлікке бөлінген? (12-ге).

Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).

Бір ай бір жылдың неше бөлігін құрайды? 1/12.

Көктем айлары қандай бөлікті құрайды?



  • Математикада бұны қалай жазуға болады: 3/12.

  • Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды?

  • Демалыс күндерін үлес арқылы қалай жазамыз?

  • Үлес деген не?

  • Жартысы деген сөзді  қандай сөзбен алмастыруға  болады?

  • Ширек  бөлігі  басқаша  қалай атауға  болады?

  • Қызанақты өзіңе және үш досыңа қалай бөлер едің? (4 бөлікке бөлемін).

ҚБ: «Қол шапалақтау» әдісімен бағалау
Өзектендіру.



Фигуралардың боялған (боялмаған) бөліктерін атауды ұсынады.




Дескриптор

Білім алушы




– суреттен үлестердің жасалуын көрсетеді;

– үлестерді оқиды;

– үлестерді жазады.

ҚБ: "Смайликтер"арқылы бағалау

Семантикалық картамен жұмыс





Тапсырма

3/4

3/5

1/2

2/8

1

Шеңберді бес бірдей бөлікке бөлді. Шеңбердің үш бөлігін қалай белгілейміз?




+







2

Алманың тең жартысын қалай белгілейміз?







+




3

Тәтті нанды бірдей 8 бөлікке бөлді. Тәтті нанның екі бөлігін қалай белгілейміз?










+

4

Жолақшаны бірдей 4 бөлікке бөлді. Жолақшаның 3 бөлігін қалай белгілейміз.

+










ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау


Топтық жұмыс.

Бұл тапсырманы білім алушылар топпен орындайды. Берілген бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Келесі топтан шығып үлес түрінде атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен жабылған күндерді, содан соң қалған күндерді айтады.




Дескриптор

Білім алушы




– суреттен үлесті көрсетеді;

– үлесті жазады;

– үлесті салыстырады.

ҚБ: Стикер бойынша бағалайды.
Есептеп шығар.

1 қауын тең 10 бөлікке бөлінді. Осы бөліктердің 1,3,6,8,9 бөліктерін жазыңдар және оқыңдар.

Сабақтың 15 минутында өзіндік жұмыс болды. Сабақ уақыты 45 минут болса, өзіндік жұмыс сабақтың қандай бөлігі?

Компьютерде теруші 1 сағатта шығарманың 1/6 бөлігін терді. Ол шығарманы неше сағатта теріп болады?

Жарысқа қатысқан оқушылардан 4 оқушы жеңімпаз болды. Бұл барлық жарысқа қатысқан оқушылардың 1/5 бөлігі. Жарысқа неше оқушы қатысты?

Оқушы кітапты 7 күнде оқып болды. Ол 2күнде, 4 күнде , 5 күнде кітаптың қандай бөлігін оқиды?

Гүл шоғында 3 қалампыр гүлі, 9 раушан гүлі, 12 жасмин гүлі бар. Гүл шоғының қандай бөлігі раушан гүлі?

Оқулықта 60 бет бар. Оқушы оның үштен бірін оқыды. Оқушы неше бет оқыды?

Лентаның төрттен бір бөлігі 8 метр. Лентаның барлық ұзындығы неше метр?

Аю бір жылдың  1/3  бөлігін ұйқымен өткізді. Сонда аю неше ай ұйқыда болды? 

Жәшіктегі алманың төрттен бір бөлігі 4кг тартады.Толы жәшікте қанша кг алма бар?

Дескриптор

Білім алушы




– бөлігі (үлесі) бойынша санды табады;

  • санның бөлігін (үлесін) табады;

  • есепке талдау жүргізеді;

  • үлесті оқиды;

– Есепті шығарады.
ҚБ: "Бас бармақ"арқылы бағалау
Сергіту сәті

  • Айжанда үш бүтін алма , екі жарты алма және төрт ширек алма бар. Айжанда барлығы неше алма бар?

  • Төртбұрышты үйдің әр қабырға бойына алты орындықты тең бөліп орналастыр. Әр қабырға бойында екі орындық болсын.

  • 12345=33 цифрларының арасына (+,-) таңбаларын қойыңдар.

Сәйкестендіру.

Тапсырманың сұрағы мен жауабы бөлек-бөлек аралас жазылған. Дұрыс жауапты сәкестендіріп қосу керек.



ҚБ: "Смайликтер"арқылы бағалау
Конверттегі есептер.

Кубик лақтырып сәйкес жағына қарай конверттегі есептерді шығарады.


Дескриптор

Білім алушы




– бөлігі (үлесі) бойынша санды табады;

  • санның бөлігін (үлесін) табады;

  • есепке талдау жүргізеді;

  • үлесті оқиды;

– Есепті шығарады.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Бағдаршам















Қорапша, бағдаршам



Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Жеке рефлексия



Жалпы рефлексия


Үйге тапсырма: Т.Қ.Оспанов және т.б. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі». 222 беттегі тест. 216-221 б.б оқу

Білімнің сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына-деп сабағымызды аяқтаймыз. Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!







Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Білім алушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмаларымды қарапайымнан күрделіге қарай жоспарлаймын. Жекелеген оқушылардың мақсатқа жетуіне топтық жұмыс арқылы қол жеткіземін. Қажет жағдайда қосымша түсінік беріп отырамын. Дарынды оқушыларға сабақ барысында жоғары деңгейлі сұрақтар қоямын және шығармашылықпен орындайтын тапсырмаларды сол білім алушының мүмкіндігін ескере отырып бермекпін.

  • «Бағдаршам»

  • Смайликтер

  • Басбармақ

  • Блоб ағашы

  • Екі жұлдыз, бір ұсыныс

  • Стикерлер

АКТ – ны уақытынды қосып, сөндіруді қадағалау.

Тақта мен білім алушының арақашықты-ғын сақтауға ерекше мән беру



Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге

назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет