Практикалық жұмыс №12. Арнаулы зертханалық есептер шығару 1. Эксперименттік есептер, олардың түрлері
Эксперименттердің кез келгені сияқты, эксперименттік есеп те оқушылардың сабақтағы белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін арттырады, түрлі құбылыстарға сараптама жасауға үйретеді жəне баланың сабақтарда жинаған теориялық білімі мен тəжірибелік шеберлігін жұмылдыра отырып, терең ойлау қабілетін арттырады. Эксперименттік есептерді шешу мəселесі балаларды өз белсенді білімін арттыруға жəне əлемді белсенді түрде білуге құштар болуға үйренеді. . Эксперименттік есептер балалар білімінің формалды болуымен күресте көмек көрсетеді. Эксперименттік есептерді талқылау барысында балалар белгілі мысалдың көмегімен өз білімдерінің өмірге əбден қажет екендігіне, сол білімнің арқасында түрлі физикалық құбылыстарды алдын ала болжауға болатындығына, олардың заңдылықтарына сүйене отырып, тіптен, кейбір құбылыстарды басқаруға да болатындығына көз жеткізе алады. Сондықтан да теориялық, кітаби түсініктер шынайы мағынаға ие болады. 4. Эксперименттік есептерді өз бетімен шешу арқылы оқушылар білімін белсенді түрде жетілдіре отырып, шығармашылық зерттей білу қабілетін арттырады. Бұл жерде олар тек есеп шығару жоспарын жасап қана қоймайды, сондай-ақ кейбір мəліметтерді алу жолдарын анықтаумен қатар, өз бетімен қажетті жабдықтарды құрастыру, тіптен, кейбір жасауларына да тура келеді. 5. Эксперименттік есептерді талқылау кезінде оқушылар өлшемдер нəтижесіне сын көзбен қарап, тəжірибенің жүргізілу жағдайларына мұқият назар аудара білуді əдетке айналдырады. Тəжірибе жұмыстары барысында оқушылар өлшемдердің көрсеткіштері əрқашан салыстырмалы түрде, шамамен алынатындығын, олардың туралығына түрлі себептер əсер ететіндігіне көзі жетеді. Сондықтан да, эксперимент жасаған кезде барлық кері əсер ететін жағдайлардан арылуға тырысу қажет. 6. Экспеименттік есеп шығару оқушылардан қажетті есептеулер жасау үшін, көп жағдайда, есептің мəнін түсіндіріп жатпастан, формулалардың мəнін дұрыс қоя білуді талап етеді.
2. Қиындатылған эксперименттік есептер
1. 100 г суда 800С-та қанықтырылған калий хлориді ерітіндісін 200С салқындатқан. Бұл жағдайда тұнатын тұздың массасын есептеңіз.
Шешуі: Есепті ерігіштік анықтамасына сүйеніп шешеді, яғни:
800С --------- 100 г Н2О ------- 50 г КСІ
200С --------- 100 г Н2О ------- 35 г КСІ
Сонда екеуінің айырымы: 50 г – 35 г = 15 г. Бұл калий хлоридінің тұнатын массасын көрсетеді.
2. 200С 50 г суда 18 г натрий хлориді ериді. Түзілген ерітіндінің тығыздығы 1,2 г/мл-ге тең. Осы ерітіндінің көрсетілген температурада ерігіштігін (г/л) есептеңіз.
Шешуі: 1) Алдымен ерітіндінің жалпы массасын есептеледі:
mер = mН2О + mNaCl = 50 + 18 = 68 г.
2) Есеп мазмұны бойынша ерігіштікті (г/л) есептеу керек, сондықтан ерітіндінің көлемі анықталады.
V = m/ρ; V = 68 г/1,2 г/мл = 56,67 мл
3)Ерігіштікті анықтау үшін 1 л-дегі еріген заттың массасы есептелінеді.
56,67 мл --- 18 г ериді
1000 мл --- х г ериді
х = 317,6 г, яғни ерігіштік 317,6 г/л-ге тең.
Үшінші деңгейге төмендегі есептерді жатқызуға болады. Осыған ұқсас есептер ҰБТ тапсырмаларында да кездеседі, сондықтан химия пәнін таңдаған оқушылар бұл есептер түрін шығара білуге тиісті.
Массасы 40 г калий нитраты ерітіндісін 60˚С – дан 20˚С-ға дейін салқындатқанда неше грамм тұз тұнбасы түзеді? Егер 600С KNO3–тің ерігіштік коэффиценті 110,1 г, ал 200С – та 31,6 г-ға тең болған жағдайда.
Шешуі: Есеп төмендегі алгоритммен шығарылады:
Алдымен 600С ерітінді бойынша: 600С – қанық ерітіндінің массасы:
mер = mН2О + mер.з. = 100 г + 110,1 г = 210,1 г.
Есеп мазмұны бойынша берілген ерітіндінің массасы 40 г, сонда:
210,1 г ---- 110,1 г KNO3 бар
40 г ---- х г KNO3 бар
m(KNO3) = 20,96 г
Осы ерітіндідегі судың массасы:
m(Н2О) = 40 г - 20,96 г = 19,04 г.
Енді 200С ерітінді бойынша:
100 г ---- 31,6 г KNO3 ериді
19,04 г ---- x г KNO3 ериді
m(KNO3) = 6,02 г.
Сонда салқындатқанда тұнбаға түскен KNO3-тің массасы:
m(KNO3) = 20,96 г - 6,02 г = 14,94 г. Жауабы: m(KNO3)= 14,94 г.
Калий нитратын қайта кристалдану әдісімен тазарту үшін массасы 500 г KNO3-ті жоғары температурада 600 г суда еріткен. Алынған ерітіндіні 00С-та салқындатқан. Заттың қандай массасы тұнып тазарады, өнім шығымы нешеге тең? 00С-тағы КNО3-тің ерігіштік коэффиценті 17 г-ке тең.
Шешуі:
100 г Н2О ---- 17 г КNО3 ериді
600 г Н2О ---- х г КNО3 ериді
m(КNО3) = 102 г.
Барлығы 500 г КNО3 болған, сонда:
500 г – 102 г = 398 г КNО3 тұнбаға түседі.
Оның массалық үлесі, яғни өнім шығымы:
500 г ---- 100%
398 г ---- х%
х=79,6% Жауабы: 79,6%.
Достарыңызбен бөлісу: |