4. ДӘріс кешені 1-модуль: №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен және мазмұны Жоспар



бет4/7
Дата08.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#195804
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ПШ каз
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, Лекция тезистері, Анализы для экз. 4 ОМ
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.
Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр адлуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялык-педагогикалық өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады.
Аттракция (латын тілінен attractic - тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.
Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тындата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті кызметге өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінін және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеітерін сәтті шешуіне мүмкіндік береді.
Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіш мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігікелесі педагогикалықшарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады:
Мақсаттылық - мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі басқару кұралы қызмет аткарады.
Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарга ерекше назар бөлінеді.
Процессуалдық.Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінін арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде карастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді.
Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп карастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет