Жұмысты орындау реті: 1.Зерттелетін үлгі денесінің бастапқы Lo ұзындығын штангенциркульдің көмегімен 3 рет өлшеп, алынған нәтижелерді 1-кестеге жазамыз.
2.Пробирканың 3/4 бөлігіне су құйып, оның бастапқы t0, °C температурасы өлшенеді.
3. Су құйылған пробиркаға үлгі денесін сфералық ұшымен (дөңес ұшы) төмен қаратып салу қажет.
4. Пробирканы қыздырғышқа орналастырамыз.
5. Индикатордың штогын жоғары көтере отырып,оны үлгі денесінің ойыс ұшымен түйістіреміз.
6. Индикатор көрсеткішін нолге қоямыз.
7. Қондырғы ток көзіне қосылады.
8. Пробиркадағы су қайнаған кезде зерттеліп жатқан үлгі денесінің (стерженнің) температурасы судың қайнау температурасына,яғни t=100+0,0375(Н-760) тең болады, мұндағы Н-атмосфералық қысым, мұны барометрдің көрсетуінен жазып аламыз.
9. Осы кездегі индикатордың көрсетуін шкаланың бір бөлігінің құнына көбейту (шкала бөлігінің құны 0,01 мм) арқылы үлгі денесінің салыстырмалы ұзаруы ∆L – анықталады.
10.Үлгі денесінің сызықтық ұлғаю коэффициентін мына формуламен есептеп шығарамыз. , мұндағы Т-Т0-абсолют температура (T=273,15+t)
11.Тәжірибені әрбір дене үлгісі үшін үш рет қайталаймыз.
12.Өлшеу және есептеулер нәтижелерін статистикалық жолмен өңдеу.
1-кесте