Әлемдегі індеттің таралуы бүгінде біздің де елімізде орын алып отыр. Сондықтан санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты ағымдағы оқу жылының ІV тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшіп,аяқталуға жақындады.
Қашықтықтан оқыту жеке дара оқыту негізінде жүреді: білім алушы оқытудың түрін өзі таңдайды, жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін, кейбір бөлімдерді тастап кетуі мүмкін және т.б. Оқытудың бұл жүйесі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын және өздігінен білім алу біліктерін дамытады.