44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі


Қазақстандық дипломатияны қалыптастыру. ҚР және қазіргі заманғы әлемдің қоғамдастық



бет34/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
шпор

71. Қазақстандық дипломатияны қалыптастыру. ҚР және қазіргі заманғы әлемдің қоғамдастық.
Дипломатия (франц. Diplomatie) – белгiлi бiр мемлекеттiң сыртқы саясат саласындағы мақсаттары мен мiндеттерiн орындауға, құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған сол мемлекет пен мемлекет басшыларының және арнаулы сыртқы iстер ұйымдарының халықаралық қатынастағы саяси әрекетi² дипломатияға:

  • аса жоғары және жоғары деңгейдегi ресми және өзге де сапарлар мен келiссөздер жүргiзу;

  • дипломатиялық конгресстер, мәслихаттар, мәжiлiстер және кездесулер өткiзу;

  • қостараптық және көптараптық халықаралық шарттарды әзiрлеу және жасасу мiндеттерi де кiредi.

Мемлекеттiң дипломатиялық қызметiн тiкелей үкiмет (Министрлер Кабинетi) басқарса, қызметтi сыртқы iстер ведомосты (Сыртқы iстер министрлiгi) жүзеге асырады.Ал дипломат (мәмiлегер) – белгiлi бiр мемлекеттiң басқа бiр мемлекеттермен ресми iс-қатынастарын iске асырып отыратын қажеттi арнаулы даярлығы бар қызметкер.Елдердiң бiр-бiрiн тануы, түсiнуi, ұғынысуы, сыйлауы елшi алмасқан соң басталмақ.Елшi – сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлерiне берiлетiн жоғарғы дипломатиялық дәреже. Оның толық ресми атауы – Төтенше және Өкiлеттi Елшi.Елшi атауы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында бекiтiлген. Елшi мен Елбасының саясаттағы көзқарастары алшақтамайды. Ондай алшақтыққа жол берiлсе, Президент Төтенше және Өкiлеттi Елшiнi айырбастайды, ол елдiң беделiн ойлағандық болып табылады. Президентi бiр бөлек, елшiсi бiр бөлек сөйлеген елдiң сыртқы саясатында абырой болмайды.Дипломатияның алғашқы белгiлерi сонау құлиеленушiлiк қоғамда, б.д.д. 2 мың жыл бұрын ежелгi Қытайда, Үндiстанда, Египетте, Урарту мемлекетiнде пайда бола бастаған.Ежелгi Шығыс тарихында бiздiң қызығушылығымызды тудыратын түрлi құжаттар – дипломатиялық хаттар, келiсiмдер мен ежелгi шығыс хандықтарымен арадағы қатынастарды айғақтайтын халықаралық актiлер сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет