Күтілетін нәтиже:
математикадан қиындығы әртүрлі есептерді шығара алады;
өз бетімен жұмыстанып, өзін-өзі бағалайды;
логикалық тапсырмаларды орындауға, олимпиада есептерін шығаруға дағдыланады;
Пәнаралық байланыс: математика, өзін-өзі тану
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Математикалық логика» факультатив бағдарламасы 34 сағатқа (аптасына 1сағат) есептеліп құрастырылған.
Ұйымдастыру формасы: жеке-жеке жұмыстану, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Қолданылған технологиялар: «Сыни тұрғыдан ойлау».
Қорытындылау формасы: сыныптан тыс іс-шара, мектепшілік олимпиада өткізу.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
қалалық, облыстық олимпиадаларға, математикалық жарыстарға оқушылар қатыстыру;
жыл бойына өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, алғыс жариялау.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
Г. И.Глейзер. «История математики в школе»;
М. И. Сканави. Математика в задачах;
И. С. Петраков. «Математические кружки»;
М.В. Балк. «Математика после уроков»;
Я.И.Перельман. Жанды математика.
Достарыңызбен бөлісу: |