Түсінік хат «Математикалық логика» факультативінің бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің, гимназия, лицейлердің 7 - сыныптарына арналған. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнді меңгеру деңгейлері, пәнге деген қызығушылықтары, ескеріліп дайындалды. Оқушылар теориялық материалды нақты әрі тура тұжырымдауға, қиындығы жоғары есептерді шығаруда математикалық тұжырымдарды және формулаларды пайдалана білуге дағдыланады. Оқушылар жаңа теорияның қажеттілігіне, оның өмірде қай салаларда қолданылып келе жатқанына көздерін жеткізеді. Математика ғылымына деген оқушылардың бойында құрмет пен қызығушылық оянады. Математиканы оқытудың мақсаты – оқушыларды қызығушылықтарын математиканың маңызды салаларын оқып үйрену үшін, сондай-ақ сол салалардағы процестер мен құбылыстарды сипаттау және модельдеу үшін математикалық әдістер мен олардың қолдану ерекшеліктерін зерделеу үшін қажетті жағдай жасау.
Мақсаты:
ғылым мен техникада алар орны мен қажеттілігін түсіндіру;
оқушылардың жалпы дайындық деңгейлерін жоғарлату, білім алу дайындығын жалғастыру, шығармашылық және практикалық мүмкіндіктерін ашу, дамыту болып табылады;