Медицинада, табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар.
Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?
Инсерт әдісі бойынша рефлексия жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Сабақтан алған әсерлерін жазады.
Деңгейлік тапсырмалар.
САБАҚ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП
Екі сабақа да бірдей мақсат қойдым. Сабақтың мақсаты толық айқындалды деп ойлаймын. Сабақтың формасы: әңгіме-дебат. Әңгіме-дебат барысында оқушылар ой-пікірлері арқылы өз шешімдерін айта білуге мүмкіншілік жасалды. Мысалы митоз бен мейоздың айырмашылығы неде? проблемалық сұрақ қойылды. Оқушылардың осы тақырыптың мазмұнын өрбіту үшін бір-біріне кері сұрақтар қою арқылы қарым-қатынас (диалог) құрылды. Бұл бағытта диалог құру арқылы іске асты. «Иә, бұл солай», «менің ойымша», «жоқ, олай емес», «егер былай болса», «менің пікірім» т.б. Осы бағыт бойынша оқушылар арасында бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестік бағыт басым болды. Оқушыларға үлестірме карточкалар таратылды. Карточкалар арқылы оқушыларға проблемалық сұрақ қойылды. Екі сабақта да қолдарындағы үлестірме карточкаларды салыстыра отырып, бір-бірімен диалог құрды. Оқушылар тақырып бойынша ойларын дәлелдеуге барлық мүмкіншілік жасалды (алуан түрлі жұмыстар арқылы (кесте, сызбанұсқа, Венн диаграммасы, дұрыс пікірді тап, суретті сөйлету, суретке ат беру, сәйкестендіру, т.б.). «Пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестік болып табылды. «Пікір алмасу» оқушылардың арасында диалог құрылды, өз шешімдерінің дұрыс еместігіне көз жеткізіп, пікірлерін ортаға салды. Алынған мәліметтермен қосымша деректер арқылы біріктіріп сабақтың мазмұнын аша білді және алдағы жұмыстарға бағыт-бағдар ала білді. Оқушылар бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталды. Оқушылардың бір-біріне түсіндіру кезінде (тілді және коммуникативті қабілеттерін дамыту үшін) пікірталас өткізу үшін аз уақыт қалды және сабақ аздап нашар аяқталды. Кейбір оқушылардың арасында қобалжу байқалды. Диалог барысында оқушы өз пікірін дұрыс жеткізе алмай, ойын шашыратып алды. Екі сабақ бойынша мен өзім қойғам мақсатымен күткен нәтижеме жеттім деп ойлаймын. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып,осы модульдер бойыншa жұмысты жaлғaстырaмын, әлі де болсa іс-тәжірибемді жетілдіремін, оқушылар бойында жаңа тәсілдерді қолдану арқылы білімдерін бекіте алатындай, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра алатындай, сұраққа нақты жауап бере білуге және өзінің түсінуін бағалауына, сонымен қатар өз бетінше тұжырымдай, талдай алатындай етіп өзгертемін.