ҰБТ және мемлекет аралық бақылау алдындағы дайындық жүргізудің психологиялық аспектілері.
Мақсаты:
МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарлату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
МАБ–қа және ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар мен ұстаздардың оқушыларға қандай көмек көрсету әдістері және кеңестері туралы ақпарат беру.
Міндеттері:
- Оқушыларда қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну .
- Эмоциялық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесу әдістермен таныстыру.
- Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру.
Емтихан болсын, сынақ болсын тест болсын - бұл оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Барлық қатысушылардың соған деген конструктивті көзқарасын қалыптастыру жақсы болар еді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оны тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау деп есептесе, онда негативті эмоциялар мен стрестер өзі – ақ жоғалады...
Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл жүйке процестерінің электрохимиялық реакциялрдың негізінде өтуіне байланысты ал бұл процестердің өтуіне су керек. Судың тапшылығы жүйке процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистрестік мақсатқа судытамақ ішер алдында 20 минут немесе тамақтан соң 30 минуттан соң ішеді.
Ең тиімдісі – минералды су, себебі мұның құрамында натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар, жай су мен көк шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп.
Стрестік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы – бұл мидың екі бөліктерінің (сол жақ және оң жақ) жұмыс үндестігінің бұзылуы.
Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі оң жақ ми бөлігі дененің сол сол жағына жауапты, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясы мидың екі бөлігінің координациясына әкеледі.
Мида үздіксіз 100 миллиард жүйке жасушалары жұмыс істейді, сонымен қатар олар тағы 10000 басқа жасушалармен тығыз байланысты. Әр секунд сайын олар бір – бірлерімен ақпаратпен ауысып жатады, миллион сигналдар береді. Осындай күрделі механизм ешбір кедергісіз жұмыс жасау үшін, оларға көп мөлшерде энергия керек екен. Күнде тамақ арқылы қабылданатын барлық энергиядан ми өзіне 20 алады. Сонымен мидың жақсы жұмыс жасауына тағамның түрлері мен құрамы маңызды.
Сақтау қабілетін жақсарту үшін:
Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жасауына керекті омега-3 бар. Сонымен қатар балықта йод бар.
Асқабақ шемішкелерінің құрамында цинк бар, ол мидың жылдамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Зейінді жинақтау үшін:
Пияз мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде көмектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшерде, 1 пияздың жартысынан кем емес.
Қара жүзім – допамин гормонының деңгейін көтереді, бұл есте сақтау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стакан шырын, ал кешке жүзімнің 1 талын жесеңдер әр түрлі ми қатырғыштары оңай шеше аласыңдар.
Мейіз – құрамында бордың қосындысы бар, бұл есте сақтау қабілетті белсендіреді.
Грек жаңғағы – құрамында лицетин бар, бұл мидың жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін белсендіреді. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.
Ата – аналарға ұсынылатын кеңестер:
Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін кеңестерге назар аударыңыз:
Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
Тесттік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағаты беріңіз;
Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай, мадақтап, олардың өз – өзіне сенімін жоғарылатыңыз;
Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. ми жұмысын белсендіреді;
ҰБТ – ның алдында балаңыз толыққанды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
ҰБТ – дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз.
Психологтың 9-11 сынып оқушыларына ҰБТ, МАБ сынағының алдындағы кеңестері:
Сабақ оқу үшін үйде орын дайындау: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал – жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлердә, қаламсаптарды қойыңыз;
Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді енгізу керек. Олар ақыл – ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;
Сабақтың жоспарын құрастыру. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты жоспарлар керек;
Қабылдауға қиын келетін немесе нашар түсінетін материалдан бастау. Бірақ, егер өте қиын болса, онда жеңіл немесе қызықты материалдардан бастауға болады;
Сабақты оқу мен демалуды реттеу. 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кзінде ыдысты жууға, гүлдерге су құюға, муға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;
Секундомерді қолда ұстап, жаттығу. Тесттерді қанша уақытта жасағанын есептеу;
Емтихандарға дайындалу кезінде «тапсырманы орындай алмаймын» деп ешқашан ойламау.
Мұғалімдер тек қана ата – аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге алады.
Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата – аналарға: «Сіздің міндетіңіз – балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу», - деп әр ата – ананы мектеп өміріне жақындатқан жан.
Достарыңызбен бөлісу: |