Бұлттық Технологиялар Бұлттық технология



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#152681
  1   2   3   4
Байланысты:
Бұлттық технологиялар презентация


Бұлттық Технологиялар
Бұлттық технология
Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаңа
технологиялардың бірі – Бұлттық технология.
Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud computing”
(Cloud – бұлт; technology – технология; computing – есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты уеб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.
Қазіргі уақытта, «бұлтты» есептеу технологиясы өте танымал, ал Cloud Computing концепциясы дамыған ақпараттық технологияларының ішіндегі ең сәнді тенденция болып табылады. Gartner-дің бағалауы бойынша «бұлт» - 2010 жылғы бизнестің ең басты артықшылықтарының бірі. Ірі әлемдік ИТ вендорлар (Microsoft, Amazon, Google және т.б) «бұлтты» есептеу сервисін енгізуде. Қазіргі уақытта бұлтты есептеу әдетте қажетті есептеу қуатын желіден сұраныс бойынша алуға мүмкіндік береді, ал пайдаланушыға бұл механизмнің құрылу деталі маңызды емес және ол «бұлттан» барлық керек нәрсесіне қол жеткізе алады.
Сloud computing - ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы — тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
«Бұлтты» есептеу концепциясы соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды және қазіргі уақыттағы ақпараттық қоғамның дамуына бизнестің жауабы ретінде алуға болады. Аналитиктер Гартнер тобы (Gartner Group) бұлтты есептеу - болашақтағы ең ұтымды стратегиялық технология, 5-7 жылдықта ақпараттық технологиялардың көп бөлігі «бұлт»-қа көшеді деп болжауда. Олардың бағалауы бойынша, 2015 жылы бұлтты есептеу көлемі бойынша жасалынған қызметтер құны 200 миллиард долларға дейін жетеді.
Ақпараттық технологиялардың төңiректерiндегi ашық қызметте бұлтты есептеулердi қолдану туралы алғашқы идеяны белгiлi ғалым, 1960-шi жылы LISP тiлiн ойлап тапқан, профессор Джон Маккартиға (John McCarthy) Стэнфорд университетi ұсыныс жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет