Бұлттық Технологиялар Бұлттық технология


) Тұғырнама сервис ретінде



бет3/4
Дата11.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#152681
1   2   3   4
Байланысты:
Бұлттық технологиялар презентация

2) Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз —тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде уеб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.
3)Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) – моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз — тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құралғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т.с.с кіреді.Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.
SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған “виртуалды жұмыс орнын” ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған “виртуалды жұмыс орнын” өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір бағдарлама ғана емес, бағдарламалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады.
Тағы да бір аты аталып жүрген «Барлығы сервис ретінде» (Everything as a service, қысқаша EaaS)моделі жоғарыда аталған барлық қызмет көрсету модельдерінің элементтерінен құралады. Бірақ бұл модель қазір нақты істейтін қызмет емес, тек қана концепция болуы мүмкін. Осындай модельді жуық арада Microsoft, Google, HP т.с.с ірі гигант компаниялар ұсынуы мүмкін деген жорамалдар айтылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет