Реферат тақырыбы:"Мемлекеттік бағдарламалар -Қазақстанның болашақ дамуының кепілі"



Дата11.04.2022
өлшемі41,24 Kb.
#138756
түріРеферат
Байланысты:
Реферат та ырыбы Мемлекеттік ба дарламалар - аза станны болаша
МУ Базы данных SQL Server2012 Винокурова, Документ Microsoft Word, 1 дарис мадениеттану, Презентация №12 Әлеуметтану, 486470, otvekzalg, все практика, Лаб микроконтроллер, treatise185769, Зад4КС (2), Элясоциолгэссе, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, general-terms-and-conditions, дәріс 14. Монетарлық саясат

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:”Мемлекеттік бағдарламалар –Қазақстанның болашақ дамуының кепілі”


Орындаған:Әзімбай Ыбырай
Қабылдаған:Мырзаханова Назгүл


2020-2021

Жоспар;
1.Кіріспе


2.ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарлары
3.Мемлекетті дамытуға арналған бағдарламалар
4.Қазақстан-2030 Стратегиясы
5.Қорытынды
Кіріспе
1 Елімізде көптеген дамыту бағытында стратегиялық бағдарламалар жасалынуда.Сол жоюалар елдің әлеуметтік жағдайын біршама орнықтырып елді дамыған елдер қатарына кіргізуге мүмкіндік береді.Дамыған елдер қатарына кірген елдердің қатарына жатамыз.Сонда да бір орында тоқтап қалуға болмайды.Елбасы өзінің жолдауларымен елді бірлікке,алға таруға тәрбиелейді.Елдің сыртқы саясатын жақсарту мақсатында да көптеген жобалар жасалынып,біршамасы іске асқан болатын.Әрине тек саясатын ғана емес жастардың интелектін көтеру мақсатында да,білім беру жағынан да дамудамыз.Баланың білім алуы ел үшін маңызды роль атқарады.Баланы жастайынан отансүйгіштікке,бәсекелестікке тәрбиелесек,елдің қамын ойлайтыны сөзсіз.Дамуға арналған бағдарламалар өте көп.
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.

2 2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторларына қомақты шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайындықта болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.

2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту есебінен өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету саласы экономика құрылымында тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.

2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде 2009 жылдың деңгейінің үштен бірінен жоғары өседі1. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.

Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) ел экономикасының мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) сыртқы борышының көлемінен төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30%-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция жылына орта есеппен 5-8% деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағамы саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-ға төмендейді. Халықтың әлеуметтік осал топтары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде 2020 жылға қарай отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,7%-ға дейін және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың үлес салмағы 2,2%-ға дейін азаяды.

Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жай-күйі айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүретін болады.

3
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

-экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;
-индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;
-экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;
-экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.
-Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

-7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;


-ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
-экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
-өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
-өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.

(Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы кіріктірілді)

Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

-жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 49%, 2020 жылға қарай - 54%;
-3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай - 77,7%, 2020 жылға қарай - 100%;
-Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 80%;
-мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылуын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 78%, 2020 жылға қарай - 80%;
-әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындары санын ұлғайту, 2015 жылы - 1, 2020 жылы - 2;
-халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 65%;
-жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастар санын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 31%, 2020 жылға қарай - 55%.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.

Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:

-мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау;


-мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
-мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру;
-мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру;
-мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
-қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу;
-тiл мәдениетiн жетiлдiру;
-коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi;
-Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау;
-ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену
-Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:

-мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);


-мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
-мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
-тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына -қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
-қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
-республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%);
-ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
-республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
-үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту.
Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

Бағдарламаның міндеттері болып саналады:

-Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;


-денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
-ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс:

-2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді;


-2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді;
-2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі.
4
“Қазақстан-2030” стратегиясы.

« 1997 жылғы қазан – Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мэселелер:

Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
Реформаларды аяктау.
Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
«Қазақстан барысын» калыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі
жағдаиға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды.

Бүл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялык үзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Үзақ мерзімдегі 7 басьшдык:

Үлттық кауіпсіздікті сақтау.
Ішкі саяситүрақтылыкпенкоғамның топтасуын нығайту.
Нарықтық қатынастарнегізінде экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.
Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
Инфракүрылым, көлік,байланысты дамыту.
Демократиялық кәсіби мемлекет қүру.
Үлттық кауіпсіздік басымдыктарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-кон саясаты шығарылуға тиіс. Егер б^ған немқүрайлықпен қарасак, оның салдары өте ауыр болады.

XXI ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сырткы көші-кон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялык апатқа” үшырайды.

Ішкі саясн түрақтылық пен коғамның топтасуьш жүзеге асырудағы міндеттер:

-Теңдікке негізделген бірынғай азаматтықты дамыту.

-Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар қүқықтарыньщ тең болуын қамтамасыз ету.

-Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу.

-Әлеуметтік проблемаларды үдайы шешіп отыру.

-Саяси түрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамсыз ететін бай Қазакстанды қалыптастыру.

-Адамдар арасындағы кдрым-қатынас пен коммуникациялык байланыстардың барлык нысандарын дамыту.

-Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара күрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезенде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта ерлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта таптын мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Сеяо-таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпің беретін және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көніл белетін, инфракүрылымды дамыту түрғысынан басым сала болады.

Қазақстан – өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондыктан оныц моделі басқа ешкімніц моделіне үқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Экономикалық стратегия.

Қазақстанның салауатты экономи-калык өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді рөл аткара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бүл проблеманы шешудің стратегиясы:

Үкіметтің сауда мен өндіріске ; әкімгершілік араласуын жою.
Жекешелендіру процесін аяқтау.
Орталық Үкіметті және жергілікті екімет орындарын парасатты орындастыру.
Сот билігі мен күқык корғау органдарын реформалауды жандандыру.
Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан корғау. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазіргі кезенде макроэкономиканы түрактандыру саясаты нәтижелі жүргізілуде:

-Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын кысқарту.

-Қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізу.

Қазақстан үшін индустриялды технологиялық стратегияны калыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мүнай-газ өндіру және бүкіл ендіруші онеркәсіп келемі артады.

Іүрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшш ендірісті диверсификациялау қажет. Алдағы міндет:

-Қазақстанды дүниежүзілік қауымдыстық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретіқце көрсету.

-Инвестицияларды пәрменді тарту. 2010 жылға дейінгі бастапқы кезенде

мына салаларға коңіл бөлу қажеттігі баса көрсетілді:

-Ауыл шаруашылығы;

-Орман және ағаш өвдеу өнеркәсібі;

-Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

-Туризм;

-Түрғын үй күрылысы;

-Инфрақүрылым жасау.

Әлеуметтік стратегия.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын кетерудегі стратегия:

-Ауруды бощырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.

-Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.

-Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. Көркеюші және саяси түрақтанған

Қазақстанға кажет үш белгі – үлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-аукатының артуы.

Үлттык кауіпсіздіктің бір тірегі -миграциялык саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге коныс аударуы.

Ресурстарды пайдалану стратегиясы.

Қазакстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалык ресурстарды пайдалану стартегиясы:

-Халыкаралык шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, ез адамдарымыздың жүмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу кажеттігін көздеу.

– Мүнай мен газ экспорты үшін қүбыр арналарының жүйесін күру.

– Әлемдік кауымдастыктың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рвліне бағыттау.

-Ішкі энергетика инфрақүрылымын қүру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.

-Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Көлік пен байламысты дамыту стратегиясы.

Инфрақүрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазакстанның міндеті-отандык көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі-теміржол. Осы саланың алдында түрған стратегиялық міндеттер:

Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, Трансазия магистралі бойынша транзитгік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.
»Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.

Барлық көліктік-коммуникациялык монополияларды батыл қайта күрылымдауды жүзеге асыру.


Автомобиль жолдары бойынша:

Жеке меншік магистральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру женіндегі жүмыстарды бастау.


Әуе көлігі бойынша:

Авиацияда тәртіп орнату және үшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді үшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толыктыру.


Әуежайларды қайта жаңарту, кызмет көрсету мен сервисті камтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.
Су колігі бойынша:

“Ақтау” айлағын кайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту.


Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша:

Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру(балаларға арналған аймактык оқыту бағдарламаларын тарату).


Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақүрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық кызмет керсету жүйесін құру.
Ғылыми-техникалық прогресті жаппай жүмылдыру процесі мына белгілерден көрінеді.

-ҒТП-ны қолдау.

-Біздін қоғамда жаңа технологияның дамуын топтастыру.

-ҒТП жетістіктерін өндіріске енгізу жоспарын жасау.

-Дамыған капиталистік елдердің дайын технологиясьш сатып алу.

-Жоғары білікті мамандарды дайындау.

Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі Үлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды.

1991 жылы Дружба – Алашанькоу темір жолы салынды.

1991 жылғы мамырда Теджии-Серахс-Мешхед темір жол торабы Ц90 шақы-рымдық) іске қосылды.

Басқару саласындағы стратегия.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

-Мемлекеттік қызмет пен басқару күрылымының осы заманғы гиімді жүйесін жасау.

-Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет қүру.

-Үлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру. Үкімет пен жергілікті екіметті

түпкілікті калыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия үстанымдары:

1.Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.


2.Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жүмыс.
3.Ведомствоаралық үйлестіру.
4.Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың кызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5.Орталықка тәуелділікті жою.
6.Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес.
7.Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту
Қоғамнын даму стратегиясы.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы

баса керсетілді.

-Тәуелсіз, егемен мемлекетгің негізі қаланды.

-Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

-Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел езгерді.

Адам ресурстарының сапасы артып, Қазақстан халқының ғылыми және шығармашылық деңгейі жоғарылап, білім өрісі биіктеді.

-Орасан зор байлық-табиғи ресурстар.

-Жетекші фактор-адамдардың езі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.

-Ауыл шаруашылық жерлері.

-Қоғамның саяси түрақтылығы мен бірлігі.

-Қазакстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазіргі Қазақстаннын күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор -адамдар, олардың ерік – жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

Қазақстаннын сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктері:

Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналаскан географиялық жағдайы.
Шетелдік мемлекеттер мен донорлық үйымдар тарапынан қолдау көрсетілуі.
Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процессі.
Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

Коммунистік үстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше үрпақтары қалыптастырғаи-діл. Сондықтан бүқаралық сананы , төзімділікпен жаңғырту кажет.


Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың темендеуі.
Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.
Үлттық жинақтардың үлғаюы мен капитал қорлануының баяулауы.
Кедейлік пен жүмыссыздық проблемалары. ;
Демографиялық өнімсіздіктің үлғаюы.
Жете даярланбаған және нашар үйымдастырылған мемлекеттік басқару.
Заңдардың жартыкештігі және түрлаусыздығы.
Қазакстаннык басты мүраты-үлттық біртүтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси түракты Қазақстанды сомдау.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халыктың түрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін камтамасыз ету.

33 жыл өткеннен кейінгі казакстандыктар бейнесі:
-Жауапты да жігерлі, білім ересі биік, денсаулығы мықты азаматтар;

-Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;

-Жоғары ақы төленетін, жаксы оқытып үйретілген^ Қазақстан халқының мүдделеріЙ өздерінің жеке мүдделерінен биік үстайтынына сенімді азаматтар;

-Мемлекеттің өздерінің қүқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік үстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматгар.

2030 жылы Қазақстан жедел еркендеп келе жаткан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдін және Мүсылман әлемінін арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.

•2030 жыл – Қазакстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудыц келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.


Қорытынды

2030 жыл- Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басатын ел болады!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет