Қазақстан-2030 стратегиясы



Дата10.12.2019
өлшемі3,12 Mb.
#53374
Байланысты:
жолдаулар


Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары

Қазақстан-2030 стратегиясы


Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:


1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.

3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.

5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:


1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.

2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.

3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.

4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.

5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.

6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.

7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Қазақстан — өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Экономикалық стратегия.


Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.

2. Жекешелендіру процесін аяқтау.

3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.

4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.

5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.

6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.

Әлеуметтік стратегия. 


Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:

1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.

2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.

3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.


Ресурстарды пайдалану стратегиясы. 

Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық

ресурстарды пайдалану стратегиясы:

1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.

2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.

3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.

4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.

5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Басқару саласындағы стратегия


Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

7 негізгі стратегия ұстанымдары: 

1. Ықшам әрі кәсіпқой үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Ведомстволық үйлестіру.

4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

5. Орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

7. Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.


Қоғамның даму стратегиясы. 


Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:

1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.

6) Ауылшаруашылық жерлері.

7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.



8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ!

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050:

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,

ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!

Н. Ә. Назарбаев

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа сая си бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

  • Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа сая си бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
  • ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бас­тап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!
  • Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады

Білім беруде:

  • Білім беруде:
  • 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.
  • Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды
  • Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.
  • Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс
  • Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек.

  • 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек.
  • Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек.
  • Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет.
  • Жетекші университеттерді академия лық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет.
  • 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қызметкерлердің еңбекақыларын білім беру саласында – 29 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

  • Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
  • Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

  • Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
  • Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
  • Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
  • Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
  • Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
  • Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет