2017-2019 жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі
азаматтық бюджет.
2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазалы ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.
Макроэкономикалық негіз.
2016 жылы ауданымызда экономиканың тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасын тапты. Макроэкономикалық жағдай біршама жақсарды. Негізгі көрсеткіштерде өсім байқалды.
Алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы Мемлекет Басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахалда: «Өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.
2017-2020 жылдардағы экономикалық саясаттың мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімнің жоспарланған деңгейін тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
2017-2020 жылдары макроэкономикалық тұрақтылық стратегиялық құжаттардың тиімді жүзеге асырылуы және инфляцияны жоспарланған коридор 6,0-8,0 пайыз деңгейінде, ал 2019-2020 жылдары 5,0-7,0 пайыз деңгейінде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
2017-2019 жылдары бюджеттің негізгі шығыстарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға барынша мүмкіндік беріледі.
Жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде аудан орталығы, Қазалы қаласы, тірек елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру жалғасатын болады.
Алайда қалыптасып отырған «ерекше кезең жағдайында» көптеген жобаларды іске асыру мүмкіндігі шектеулі болғандықтан басымдық әлеуметтік сала үлесінде қала береді. Яғни, бюджетті қалыптастыру барысында жаңа бастамаларға бюджеттен қаржы бөлуге мораторий жарияланғандығы ескерілді.
Бюджеттің кіріс көздерінің жағдайы көп күш жұмсауды талап етіп отырған кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау барынша басты назарда болмақ.
Сонымен қатар, аудан халқының қолайлы өмір сүруі үшін тіршілікке қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын іске асыру жалғасады.
«Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосу, білім, мәдениет, денешынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары көзделеді.
2012 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің №438 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы» бекітілді. 2015 жылы аталған Тұжырымдаманы жүзеге асыру қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидалары» №195 бұйрығының 2 тармағына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 2016 жылдан бастап трансферттер берілуде. Қала, кент және ауылдық округтер бойынша 2016-2017 жылдары 6 салық түрлерінен (жеке табыс салық, мүлік, жер, көлік, заңды тұлғалардың жер және көліктерден түсетін салық) қолма-қол бақылау шоттарына қаржы түсіріліп, бекітілген мақсаттарға жұмсалуда.
Салық-бюджет саясаты мемлекеттік саясат тудырған шараларды тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы №25 -VI Заңына 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төменгi мөлшерi –24 459 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi –12 802 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi –– 28 148 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 2 269 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 24 459 теңге болып белгіленді.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Аудандық бюджет – жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиiстi мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары.
Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
«2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет» Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы X cессиясының №70 шешімімен бекітілді, Қазалы ауданы әкімдігінің «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет шешімін іске асыру» 2017 жылғы 5 қаңтардағы №01 қаулысы шығарылды.
2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері
мың теңге
Атауы
|
2016 жылғы
есеп
|
2017
жылға
бекітілген
|
2017 жылға нақтыланған
|
2018
жылға
бекітілген жоспар
|
2019
жылға
бекітілген жоспар
|
Түсімдер
|
12305863,8
|
12470301,6
|
12878072,1
|
11833847
|
12022103
|
Кірістер, оның ішінде:
|
1705439
|
1375255
|
1250274
|
1441904
|
1502227
|
Салықтық түсімдер
|
1666726
|
1332707
|
1190839
|
1396814
|
1454893
|
Салықтық емес түсiмдер
|
12289
|
15473
|
17 185
|
16391
|
17200
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
26424
|
27075
|
42 250
|
28699
|
30134
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:
|
10600424,8
|
11095046,6
|
11627798,1
|
10391943
|
10519876
|
Субвенция
|
5993721
|
9859974
|
9859974
|
10391943
|
10519876
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер
|
3695145,2
|
560644
|
980270,1
|
|
|
Нысаналы даму трансферттері
|
911558,6
|
674428,6
|
787554
|
|
|
Шығыстар
|
12378429,1
|
12470301,6
|
13059326,9
|
11833847
|
12022103
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
1008235,3
|
1005009
|
1087411,9
|
909813
|
927410
|
Қорғаныс
|
3194
|
89613
|
3998
|
94990
|
99739
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
|
4020
|
10531
|
4261
|
4474
|
Бiлiм беру
|
7412864,9
|
7838979
|
7919205,4
|
8409836
|
8502550
|
Денсаулық сақтау
|
150
|
161
|
161
|
170
|
179
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету
|
468877,5
|
514657
|
580058
|
347479
|
358699
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
899110,3
|
971789,6
|
933589,7
|
525587
|
546935
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
|
786673
|
775778
|
773175,1
|
812427
|
822334
|
Отын-энергетика кешені жер қойнауын пайдалану
|
|
|
105970,5
|
|
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
263671,7
|
284471
|
337258,7
|
268489
|
279576
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
531315
|
53956
|
60752
|
40516
|
41260
|
Көлiк және коммуникация
|
675372,4
|
538060
|
689597,3
|
110790
|
116330
|
Басқалар
|
116857
|
151373
|
205347
|
111191
|
116515
|
Борышқа қызмет көрсету
|
70
|
84
|
103
|
78
|
71
|
Трансферттер
|
212188
|
242351
|
352168,3
|
198220
|
206031
|
Бюджеттік кредиттер
|
47854
|
68780
|
68780
|
68722
|
68722
|
Қаржы активтерін сатып алу
|
55802
|
|
|
|
|
Қарыздарды өтеу
|
48295,3
|
68780
|
70048,3,
|
68722
|
68722
|
Түсімдер.
2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.
2017 жылы – 1375255 мың теңге;
2018 жылы – 1441904 мың теңге;
2019 жылы – 1502227 мың теңге;
Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.
Үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің жоғарғы деңгейдегі бюджеттермен қатынасы төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударым аудару арқылы реттеледі.
Облыстық бюджетпен:
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы - 50 % аудандық бюджетке, 50% облыстық бюджетке, әлеуметтік салық бойынша – 50% аудандық бюджетке, 50% облыстық бюджетке.
Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялары).
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 29 қарашадағы №24-VI Заңымен бекітілген.
«2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешімімен 2017-2019 жоспарлы кезеңгі жылдарға аудандық бюджетке түсетін субвенция көлемі белгіленді.
2017-2019 жылдарға Қазалы ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі
мың. теңге
Атауы
|
2017 жыл
жоспар
|
2018 жыл
жоспар
|
2019 жыл
жоспар
|
Қазалы ауданы
|
9859974
|
10391943
|
10519876
|
Аудандық бюджеттің шығындары.
Жоспарланған 2017-2019 жылдарға аудандық бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикасын дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
2017 жылға арналған аудандық бюджет шығындары республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді есептегенде 13059326,9 мың теңгеге нақтыланды. 2016 жылдың бекітілген бюджет көлемімен салыстырғанда 2661790,9 мың теңгеге көбейген.
Аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындарды ұстау шығындары мен шаруашылық, байланыс, коммуналдық қызметіне ақы төлеу шығындары қарастырылған.
Сонымен қатар, қосымша шығындар ескерілді:
Аудандық мәслихаттың депутаттарын оқу курстарына жіберуге 368 мың теңге;
Майлыбас ауылдық округіне кіре беріске арка орнату жұмыстарына -2500 мың теңге;
- Алга, Майдакол, Аранды ауылдық округтеріне бақша шаруашылығын жүргізуге қажетті техникалар сатып алуға 11731 мың теңгеден, Бозкөл, Сарыкөл, Өркендеуге 8081 мың теңгеден және Тасарық,Сарыбұлақ ауылдарына 282 мың теңге;
Бақша шаруашылығын жүргізу үшін қоршау жұмыстарына Аранды ауылдық округіне 1976 мың теңге, Алға-1205 мың теңге, Майдакөл -973 мың теңге, Сарыкол-2651 мың теңге, Акжона-1881 мың теңге, Сарбулак-2493 мың теңге;
қызметтік тұрғын үй сатып алуға Аранды ауылдық округіне 2500 мың теңге, Алга-1500 мың теңге, Құмжиек-3000 мың теңге;
жергілікті полиция инспекторларына қызметтік тұрғын үй сатып алуға Аранды, Арықбалық ауылдық округтеріне - 2500 мың теңгеден, Алға, Бірлік -1500 мың теңгеден және Көларық ауылдық округіне -2800 мың теңге;
- Тасарық, Шәкен ауылдық округтеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында әмбебап өрт сөндіру тіркемесін сатып алуға 1709 мың теңге;
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға Басықара ауылдық округіне «Ауылды абаттандыру жұмыстарына» 121842 мың теңге бөлінді.
Республикалық бюджет қаржысы есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер 101409 мың теңге көлемінде, нысаналы даму трансферттері 404632 мың теңге, барлығы 506041 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді.Оның ішінде:
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 12 777 мың теңге, оның ішінде тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеуге 5050 мың теңге ,оқу кезеңінде негізгі қызметкерлерді алмастырғаны үшін мұалімдерге үстемақы төлеуге 7727 мың теңге;
- Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 49 152 мың теңге,оының ішінде жастар практикасына 34 020 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 15 132 мың теңге;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға 38796 мың теңге,оның ішінде ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 552 мың теңге, Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 21598 мың теңге, Ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге 1101 мың теңге, "Өрлеу" жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 15545 мың теңге;
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бюджеттік бағдарлама әкімшісіне синхронды дыбысты анимациялық қондырғысын орнату жұмыстарына 684 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен 404 632 мың теңге,оның ішінде:
Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтауға 100 000 мың теңге, Әйтеке би кентініен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен (жол салу) қамтамасыз етуге"100 000 мың теңге, Әйтеке би кентініен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен (электрмен жабдықтау) қамтамасыз етуге 104 632 мың теңге, Әйтеке би кенті Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің №192 учаскесінде 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 100 000 мың теңге.
Облыстық бюджеттен 459235 мың теңге ағымдағы нысаналы және 269796,6 мың теңге нысаналы даму трансферттері, барлығы 729 031,6 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Оның ішінде:
Білім бөлімі бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 58539 мың теңге,оның ішінде робототтехника кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16770 мың теңге, жалпы білім беру мектептерді қосымша физика кабинеттерімен қамтамасыз етуге 24582 мың теңге, жалпы білім беру мектептерді компьютерлермен қамтамасыз етуге 9707 мың теңге, жалпы білім беру мектептерді парталармен жаңартуға 7480 мың теңге;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 99 413 мың теңге,оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға сауықтыру үшін біржолғы материалдық көмекке 680 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет істеген) адамдарды әлеуметтік қолдауға 57 723 иың теңге, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарындағы отбасылар санынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 18 784 мың теңге, туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп науқастарға әлеуметтік көмекке 19 604 мың теңге, гемобластозадар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмекке 414 мың теңге, ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2208 мың теңге;
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне ауылдық кітапханаларға кітап сатып алуға 764 мың теңге;
Су шаруашылығы нысандарының құжаттарын дайындауға 79413 мың теңге ( Ауылдық округтер бойынша Алға ауылдық округі әкімінің аппаратына 2999 мың теңге, Көларық ауылдық округі әкімінің аппаратына 1 520 мың теңге, Аранды ауылдық округі әкімінің аппаратына 4 749 мың теңге, Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 420 мың теңге, Мұратбаев ауылдық округі әкімінің аппаратына 5 857 мың теңге, Қарашенгел ауылдық округі әкімінің аппаратына 7 155 мың теңге, Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппаратына 6 583 мың теңге, Ақжона ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 376 мың теңге, ауыл шаруашылық бөліміне 43 754 мың теңге;
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне "Өркендеу-Жанкент" елді мекеніндегі кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу (5,65 шақырым) 184 756 мың теңге, "Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Каукей" жолын орташа жөндеу 30-45 шақырымға 35 666 мың теңге;
Көлік инфрақұрылымын дамытуға :"Аудандық маңызы бар "Бозкөл-Тасарық" аудандық маңыздағы автокөлік жолында темірбетон көпірінің құрылысы, 0-22 шақырым 103 323 мың теңге;
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамыту және жайластыруға 118 674 мың теңге, оның ішінде:
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті көлемі 56 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжатын әзірлеу ( ауыз сумен,газбен жабдықтау) 7 646,6 мың теңге;
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті көлемі 56 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізу (ауыз сумен,газбен жабдықтау) 2 353 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге(ауыз сумен,газбен жабдықтауға) 15 588 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге(ауыз сумен,газбен жабдықтауға) 3 540 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге(газбен жабдықтауға) 9 296 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізу(газбен жабдықтауға) 1 588 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге(газбен жабдықтауға) 8 097,8 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге (газбен жабдықтауға) 1053,6 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 81 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын мәзірлеуге (жолдар салу, ауыз сумен, газбен жабдықтауға) 15 142,8 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 81 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысанының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге (жолдар салу, ауыз сумен, газбен жабдықтауға) 3720 мың теңге;
Әйтеке би кентінін жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жобасын қоса қаржыландыруға 11 169,5мың теңге;
"Әйтеке би кентінен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен (жол салу) қамтамасыз ету " жобасын қоса қаржыландыруға 9 085,4 мың теңге;;
"Әйтеке би кенті Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің №192 учаскесінде 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету " жобасын қоса қаржыландыруғ 8 494,3мың теңге;
Әйтеке би кентінен және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскелеріне салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрлыммен қамтамсыз ету ( ауыз сумен жабдықтау,электрмен жабдықтау ,жолдар салу) жоба сметалық құжаттары әзірленіп,сараптамадан өткізуге төленетін 5 пайыз қаржысы 1 899 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) 5000 мың теңге;
Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу) 5000 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) 5000 мың теңге;
Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу) 5000 мың теңге;
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 99 004 мың теңге,оның ішінде;
Қазалы ауданындағы №249 орта мектебінің бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 12 510 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №234 орта мектебінің бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 10 150 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №170 орта мектебінің бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 15 787 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №165 орта мектебінің бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 8 944 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №21"Алпамыс" балабақшасының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 8 687 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №11"Балапан" балабақшасының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 5 408 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №7"Балдырған" балабақшасының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 5 274 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №4"Шұғыла" балабақшасының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 6 020 мың теңге;
Қазалы ауданындағы №2 "Айгөлек" балабақшасының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 6 577 мың теңге;
Қазалы ауданындағы тарихи өлкентану мұражайының бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 3 593 мың теңге;
Қазалы аданындағы спорт кешенінің бу қазандығын және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 8 760 мың теңге;
Қазалы ауданындағы мәдениет Орталығының бу қазандығын табиғи және пайдаланымдағы қазандықтарын газ өнімдеріне қайта жабдықтауға 7 294 мың теңге;
Достарыңызбен бөлісу: |