5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет106/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Өздеріңді тексеріңдер
Оқушылар осы тарауда алған білімдерін қорытын-
дылау мақсатында темір дәуірінде орын алған өз-
герісті анықтайды. Оқушылардың жауаптары мына-
дай болуы мүмкін: 
• климаттық жағдай өзгерді; 
• еңбек құралдары темірден жасалды;
• еңбек өнімділігі артты;
• ат әбзелдері жетілдірілді;
• мал басы көбейді;
• көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты. 
Оқушылар темір дәуірінде орын алған ең елеулі 
өзгеріске көшпелі мал шаруашылығының қалыпта-
суын жатқызуы мүмкін.
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға тарау бойынша алған білімдерін 
жинақтау үшін ақпараттық органайзер толтыруға 
тапсырма беріңіз. 
1-тапсырма.
Ақпараттық органайзерді толты-
рыңдар.
Темір дәуірінің 
хронологиясы
Темір дәуіріне 
қатысты үш 
тірек сөз
Темір дәуірінің 
үш ерекшелігі
Бес сөйлем шамасында көшпелілер өмірі туралы 
шағын әңгіме құрастырыңдар.
2-тапсырма.
Ерте темір дәуіріне байланысты әр бағанаға 
кем дегенде үш сұрақтан құрастырыңдар.
"Жуан" сұрақтар?
"Жіңішке" сұрақтар?
Неліктен ... ?
Қалай ойлайсың ... ?
Қашан?
Қайда?
Сен келісесің бе?
3-тапсырма.
Бес сөйлем шамасында көшпелілердің 
баспанасы туралы шағын әңгіме құрастыр.


67
Тарау мақсаттары 
• сақтар туралы жазылған парсы сына жазбалары 
мен грек, рим авторларының дереккөздері арқылы 
сақ тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысын, 
орналасу аумағын картадан анықтау; 
• қазақстандық ғалымдардың Есік, Берел, Шілік-
ті, Бесшатыр жөніндегі археологиялық жаңалықта-
рымен танысып, олардың өзіндік ерекшелігін сипат-
тау, Есік қорғаны ескерткішінің «Алтын адам» деп 
аталуын және маңыздылығын түсіну;
• қорымдардан табылған олжаларды «аң стилін-
дегі» қолданбалы өнер туындысы ретінде сипаттау;
• сақтардың жерлеу ғұрпы, наным-сенімі, әлем 
туралы түсінігі негізінде дүниетанымын түсіну;
• сақ қорғандарының күрделі құрылысын, жер-
леу ғұрпын өзара салыстыру арқылы ерекшелігін 
анықтау; 
• қорғандар мен жерлеу ғұрпы арқылы сақ қоға-
мындағы әлеуметтік топтардың жіктелуі және пат-
шаларға алып қорғандар тұрғызылғанын дәлелдеу;
• тарихи деректер арқылы Томиристің ел басқа-
рушы тұлға ретінде
гі
рөлін анықтау;
• сақ-парсы қарым-қатынас
тарын және
парсы 
патшасы Дарийдің сақтарды жаулап алу мақсатында 
жасаған жорығына қарсы күрескен сақ батыры Шы-
рақтың ерлігін деректер арқылы сипаттау;
• басқыншыларға қарсы соғысқан сақ тайпала-
рының Александр Македонскийдің әскери күшіне 
қалайша қарсы тұра алғанын түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет