68
3-тарау.
Сақтар
3.1.
Сақтар туралы тарихи мәліметтер (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің
құрылуын түсіндіру.
Тірек сөздер
дерек
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы: Дәуір,
1994.
3. Ежелгі Қазақстан. «Қазақстан балалар эн-
циклопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
Оқулық: Сақтар туралы тарихи мәліметтер,
68-69-бет.
Зерттеу сұрағы:
қандай деректер сақтар ту-
ралы мәлімет береді?
Сабаққа дайындық
• Геродоттың «Тарих» кітабының суретін А4
пішініндегі параққа шығарып алыңыз. Суреттер топ
санына сәйкес болуы керек. Егер мүмкіндік болса,
суретті интерактивті тақтадан көрсетуге де болады.
• Сыныптағы оқушы санына байланысты А4 па-
рақтарын дайындап алыңыз.
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты
мәліметтерді екі топқа бөлуге болады: 1) Антик де-
ректері: Геродот, Ксенофонт, Птоломей; 2) ежелгі
парсы сына жазбалары. Парсы сына жазба дерек-
көздерінде сақтар туралы ақпарат аз. Дегенмен
анық деректер келтірілген. Көбінесе грек тілінде
жазылған антик дереккөздері өте құнды. Б.з.д. V ғa-
сыpда жaзылған Геpодoттың «Тapих» aтты eңбегінде
cақтаp туpалы мәліметтep жинaқталғaн. Қазақстан
тарихы үшін Геродоттың төртінші кітабы аса маңы-
зды, онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығы сурет-
теліп, Еуразияны мекендеген тайпалар туралы құн-
ды ақпарат берілген. Геродот сақтардың киім үлгісі
туралы деректерді айтқанда олардың тығыз киізден
тігілген шошақ бөрік киетінін жазған. Сақтар соғыс
өнерін жетік меңгерген. Олар арбаны алғаш ойлап
тауып, жастайынан желдей жүйрік аттың құлағын-
да ойнаған. Қола мен темірді қорытуды меңгерген.
«Олар салт атпен де, жаяу да соғыса береді. Әдет-
тегідей, олар садақпен, найзамен және айбалтамен
қаруланады», – деп жазды Геродот. Мыңғырған мал
саны жағынан сақтарға жетер ел болмады. Сақтар
бірнеше тәулік бойы ат үстінен түспей, ат басына
басын қойып ұйықтаған. Тайсалмастай өжет, шы-
мыр болды. Жазбаша деректерден грек тарихшы-
лары сақтарды атымен бірге жаратылған жандар
деп суреттеп, өз аңыздарына қосқанын байқаймыз.
Геродоттың жазуларында сақ тайпалары ағаштан үй
салып, қыста сонда қыстап шығып, ағаш үйді қалың
ақ киізбен жапқандығы туралы баяндалады. Сақтар-
да шикі кірпіштен салынған үйлер де болған. Сақтар
соғыс пен aңшылыққa apнап күймелер жacaған.
Соғыс күймелерін аттарға жегіп, жүк арбаларын қос
ат немесе түйе сүйреткен. Бұл көшпелілерге ортақ
жылжымалы баспананың пайда болуына әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: