5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет221/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
"Ақ бұғы туралы" аңыз.
«Ғұндар жазық даладан 
өтіп, теңізге келгенде атпен өте алмай тоқтауға 
мәжбүр болады. Сол күні аңға шыққан ғұн сарбазы 
бір маралдың соңына түседі. Теңізге жеткен марал 
суға секіріп, жүзіп кетеді. Сарбаз аңтарылып тұрып 
қалып, біраздан соң ол да маралдың соңынан теңіз 
суына түседі. Теңіздің қарсы жағалауына шыққан 
марал артына қарап, ғұнға өзіне "ілес" дегендей 
белгі беріп, көзден ғайып болыпты. Маралдың бел
-
гісі бойынша екінші жағалауға шыққан сарбаз көк
-
шалғын шөп, сылдыраған суға толы жерді көреді. 
Қасиетті жануар ғұндарға жаңа жер – Қырым тү
-
бегіне осылайша жол көрсеткен екен».
Картамен жұмыс 
Оқушылар 
«Батысқа қоныс аударудың екінші 
толқыны» 
мәтінімен жеке танысады. Мәтін мазмұ-
нын меңгеріп алғаннан кейін, жұппен кескін картада 
ғұндардың Қазақстан аумағы арқылы батысқа жыл-
жуын белгілейді. Осы арқылы ғұндардың қоныс 


5-тарау. 
Ғұндар
137
аударуы Қазақстан аумағындағы тайпалардың орна-
ласуына әсер еткенін, олардың да батысқа жылжуға 
мәжбүр болғанын түсінеді.
Жауаптары
Алтай, Сарыарқа, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, 
Сырдария, Арал, Каспий аймақтарын қамты-
ды. Жергілікті тайпалар да ғұндардың қысымымен
шығыстан батысқа жылжыды. 
Анықтаңдар 
Оқушыларға 
«Ғұндар қандай өзгерістер әкелді?»
мәтінімен танысуға уақыт беріңіз. Оқушылар жұппен 
ғұндардың қоныс аударуы нәтижесінде өзгеріске 
ұшыраған тайпаларды атайды. Бұдан соң ғұндар-
дың Қазақстан аумағына қоныс аудару үдерісі 
әкелген кем дегенде 3 өзгерісті жеке анықтап, дәп-
терлеріне жазады. Өздері тапқан негізгі өзгерістің 
астын сызады, өз пікірлерін дәлелдейді. 
Жауаптары. 
Ғұндардың батысқа жылжуы саяси 
картаға, тұрпаттық, тілдік өзгерістерге әкелді. Осы 
үш өзгерістің негізгісі – тұрпаттық өзгерістер. 
Бұдан соң қабырғаларға үш түрлі пікір жазылған 
қағаздар орналастырыңыз.
Ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы
жергілікті тайпалардың: 
– дамуын бәсеңдетті.
– дамуын бәсеңдетпеді.
– екеуі де мүмкін. 
Өздері келісетін пікір жазылған қабырғаға баруды 
сұраңыз.
Бұдан соң пікірлестер топтарынан өз көзқараста-
рын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, дәлел-
дердің тізімін жасауды сұраңыз. Бұдан соң әрбір топ-
тан спикерлер шығып, өз көзқарастарын белгіленген 
уақыт ішінде дәлелдейді. Спикер сөйлеп болғаннан 
кейін қарсы жақтар сұрақтар қоюына болады. Қой-
ылған сұрақтарға жауапты барлық топ мүшелері 
береді. Пікірталаста жеңілгендер болмайды, бәрі де 
ұтыста болады. 
Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың «Пайғамбар» 
өлеңінен үзінді жолдарын слайд арқылы көрсетіңіз 
немесе оқып беріңіз.
"Ерте күнде отты күннен мен туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам".
Содан кейін мынадай сұрақтарды қойыңыз.
1. Өлең жолдарының негізгі идеясы қандай?
2. Өлеңнің екінші жолында автор қандай ойды біл-
діргісі келеді? 
Оқушылар ғұндар – қазақ халқының арғы ата-ба-
балары екенін түсінуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет