5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет98/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырмалар
Сынып оқушыларын топқа біріктіріңіз. Топтарға 
киіз үйге байланысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен 
тыйым сөздерді жинақтауды тапсырыңыз. Сонымен 
қатар киіз үй жабдықтары мен оның жиһаздарының 
суреттерінен таныстырылым жасауды тапсыруға бо-
лады. Әр топ белгілі бір тапсырманы ғана орындай-
ды. Бұл оқушыларды зерттеу жұмысына баулиды.


62
2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
2.4.
Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипат-
тау.
Тірек сөздер
салт-дәстүр
Наурыз мерекесі
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы, Аруна, 2011. 
3. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. -
Алматы, 2006.
4. С. Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы 
мен мәдениеті. – Алматы: Aлмaтыкітап, 2012.
5. С. Кенжеахметұлы. Қaзaқтың cалт-дәстүpлеpі 
мeн әдeт-ғұpыптapы. – Алматы, Aтамұpa. 2010.
Оқулық: Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы, 
62-63-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
көшпелілердің қандай 
салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
Сабаққа дайындық 
• «Көшпелілер жаңа жылды қалай той-
лаған?»
деген мәтінді бірнеше түрлі түсті парақтарға 
шығарып, сынып қабырғасына іліп қойыңыз.
• «Неліктен көшпелілер от пен күнге та-
бынған?» 
деген мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, сы-
ныптағы парталар мен үстелдердің астына бөлек-
бөлек жапсырыңыз. 
Сабаққа байланысты деректі 
материалдар
Наурыз шығыс елдерінің ортақ бүкілхалықтық ме-
рекесі болып табылады. «Наурыз» атауы парсы сөзі-
нен шыққан. Ол қазақша «жаңа күн» деген мағына-
ны білдіреді. Наурыз айының 21-нен 22-не қараған 
түні күн мен түн теңеседі. Халық бұл күнді "Ұлыстың 
ұлы күні" деп атаған. Бұл аязды қыстың бітіп, табиғат-
тың ояна бастаған кезі. Көктем шығып, мал төлдеп, 
егіншілердің егіске дайындығы басталады. Осы ұлы 
күні адамдар бір-бірін төс қағыстырып құттықтап, әр 
үйде наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжеге міндетті 
түрде жеті затты қосқан. Олар: су, тұз, ет, пияз, сүт, 
бидай, ақталған тары. Еттен міндетті түрде қойдың 
басы немесе ірі қара малдың шекесі және қысқы 
соғымның сыбағасы асылған. Бұл дәстүр қазіргі кез-
де де жалғасын тауып келеді. 
Қазақстан аумағын мекендеген көшпелілердің 
(сақтар) отқа, жылқыға, Күнге табынуы тарихи 
тұрғыда дәлелденген. Антик және көне ирандық 
деректемелерден көшпелілердің басты құдайы Күн 
болғанын білеміз. Көшпелілердің қабірлерінен Күн 
Құдайға құрбанға жылқыны шалу дәстүрі анықтал-
ды. Оның әртүрлі нұсқалары болған. Қабірге аттың 
өлігі мен тұлыбын немесе аттың басы мен аяқтары-
ның терісін және ат әбзелдерін бірге көмген. Барлық 
жаманшылықтан тазартатын киелі күш – отты қадір-
леу Күнге табынудан пайда болған. Көшпелілердің 
қабірлеріндегі қызыл бояу – Күн мен оттың символы 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет