EE 2206 – ЭТИКА ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА
Көлемі 2 кредит
Авторлар:
Нұрышева Г.Ж. –
философия ғылымдарының докторы, профессор,
ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі;
Әбдірасылова Г.З. –
философия ғылымдарының кандидаты,ҚазҰУ
философия кафедрасының доценті;
Әмірқұлова Ж.А. –
философия ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ
философия кафедрасының доценті.
Пікір жазғандар:
Еділбаева С.Ж. –
философия ғылымдарының докторы,Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;
Сағиқызы А.С. –
философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР
БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты философия
бөлімінің меңгерушісі.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Этика және эстетика»
–
«5В020100-Философия» мамандығы бойынша
бакалавр дайындауға арналған білім беру бағдарламасының міндетті оқу
пәні.
Курс студенттердің бойында этика мен эстетика, этикалық және
эстетикалық ойлардың тарихи кезеңдері туралы білім қалыптастыруға;
этикалық және эстетикалық нормаларды түсінудің теориялық негізін
құрайтын басты да шешуші ұғымдар мен категорияларды игеруге;
ғылымилығымен және тарихилығымен ерекшеленетін іргелі зерттеулердің
әдістемесін дамытуға бағытталған.
Курсты оқытудың қажеттілігі Қазақстандағы қоғамдық өмірдің барлық
салаларында болып жатқан сапалы әлеуметтік өзгерістерден туындайды,
себебі демократиялық қоғам құруды этикалық және эстетикалық білімге ие,
үйлесімді қалыптасқан тұлға ғана табысты жүзеге асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |