ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе «Этика және эстетика» курсы болашақ философтарды мораль және
әсемдік туралы ғылымға баулуға бағытталған. Оларды игеру студенттердің
бойында шындықты моральдық-адамгершіліктік және эстетикалық түсіну
тәжірибесін және үлгілі мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Осылайша, бұл курс теориялық қана емес,
нақты-практикалық та миссия
атқарады.
«Этика және эстетика» курсының мақсаты: студенттерді этика және
эстетика кеңістігіне енгізу; адамзаттың адамгершіліктік тәжірибесімен және
дүниені эстетикалық қабылдау тарихымен таныстыру; үйлесімді өмірдің
көзқарастық және рухани-эстетикалық бағдарламаларына ие болуға ықпал
ету.
Пәннің
міндеттері: этикалық және эстетикалық ойлардың тарихи даму
кезеңдерін зерттеу, этикалық және эстетикалық концепцияларды қазіргі
заман динамикасы тұрғысынан талдай білу, студент жастарды әлемдік және
отандық этикалық-эстетикалық мұраға баулу.
Зерттеу
объектісі – адамгершілік, әсемдік, этикалық және эстетикалық
ілімдер тарихы, этикалық және эстетикалық категориялар, шындықты
эстетикалық игерудің ерекшелігі.
Пәнді оқып-үйрену
әдістері. Курсты оқыту барысында келесі
философиялық принциптер қолданылады:
-
тарихилық және логикалықтың бірлігі;
-
абстрактылықтан нақтыға көшу;
-
жүйелілік;
-
даму;