№6 дәріс Тақырыбы: Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы. Несеп нәрі биосинтезі



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі349,12 Kb.
#83263
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 6 БХ каз

ұлпа 
протеиназалары
, немесе 
катепсиндер
катализдейді. Олар жасуша лизосомаларында 
шоғырланған; әсер ету оптимумы – рН 4,0-5,0, яғни жоғарғы активтілігін қышқыл ортада 
көрсетеді. Катепсиндер әсерінен ақуыз молекуласы қарапайымдау құрамды бөліктеріне 
дейін ыдырайды. Катепсиндердің төрт түрі белгілі, олар – І-, ІІ-, ІІІ- және ІV-катепсиндер. 
Бұл катепсиндердің әрекет ету механизмі ас қорыту ферменттерінің әрекетіне ұқсас; 
катепсин-І – пепсинге, катепсин-ІІ – трипсинге, катепсин-ІІІ – карбоксипептидазаға, ал 
катепсин-ІV әсер ету механизмі – аминопептидазаға ұқсайды. Ас қорыту ферменттері 
сияқты катепсиндер де экзопептидазаларға және эндопептидазаларға бөлінеді. 
Экзопептидазалар ақуыз молекуласының пептидтік байланыстарын N-ұшынан немесе С-
ұшынан бастап гидролиздейді, ал эндопептидазалар молекула ұшынан алшақ орналасқан, 
яғни ішкі пептидтік байланыстарды бұзады. Катепсиндер әсерінен ұлпа ақуыздары бос 
амин қышқылдарымен дипептидтерге дейін ыдырайды. Дипептидтерді жасуша 
дипептидазалары бос амин қышқылдарына ыдыратады. Ал, босап шыққан амин 
қышқылдары ағзаның жалпы амин қышқылдық қорын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет