№6 дәріс Тақырыбы: Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы. Несеп нәрі биосинтезі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі349,12 Kb.
#83263
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 6 БХ каз

Пептидгидролазалар
 
Эндопептидазалар Экзопептидазалар 
 
пепсин – асқазан сөлі 
ас қорыту аминопептидаза – ішек сөлі 
трипсин 
ұйқы безі 
жүйесінің карбоксипептидаза – ұйқы безі сөлі 
химотрипсин 
сөлі 
ферменттері дипептидаза – ішек сөлі 
катепсиндер - I, -II жасушаішілік катепсиндер- III,- IV 

ферменттер 


Ақуыз гидролизинің сызбанұсқасы
Ақуыз
Эндопептидазалар Полипептидтер
Олигопептидтер 
 

Экзопептидазалар


 

Амин қышқылдары 


 
Сонымен, ақуыз гидролизінің соңғы өнімдері болып амин қышқылдары 
табылады. 
Амин қышқылдарының негізгі сіңірілетін жері – ащы ішек; онда олар талғаумен 
сіңіріледі. Ішектің шырышты қабығындағы эпителий жасушаларына амин қышқылдары 
диффузия, осмос үрдістері немесе активті тасымалдану нәтижесінде өтеді. Амин 
қышқылдарының активті тасымалдануы концентрация градиентіне қарсы жүзеге 
асырылады. Ол үшін тасымалдаушы-ақуыздар және Na
+
иондары қажет. Амин қышқылы 
өзінің тасымалдаушы-ақуызымен және Na

иондарымен байланысып, соның нәтижесінде 
берік кешен қалыптасады. Осындай кешен құрамында амин қышқылдары ішек 
жасушасының (энтероцит) мембранасы арқылы өтуге қабілетті. Жасуша цитозолінде 
кешеннен ең алдымен амин қышқылдары, сонан соң Nа

иондары босап шығады. 
Тасымалдаушы-ақуыз кері қарай ішек қуысына өтіп келесі амин қышқылымен және Nа
+
иондарымен қосылады. Натрий иондары энтероциттен белсенді түрде шығарылып 
отырады. Сіңірілген амин қышқылдарының біраз мөлшері ішек қабатының 
энтероциттерінде арнайы ақуыздардың түзілуіне жұмсалады, ал басым көпшілігі 
энтероциттен диффузия арқылы қанға (95%) және лимфаға сіңіріледі. Қанға сіңірілген 
амин қышқылдары бауырға жеткізіледі. Бауырда амин қышқылдарынан қарқынды түрде 
ақуыздар түзіледі. Ал, бауырда пайдаланылмаған амин қышқылдары қан айналымының 
үлкен шеңберіне түсіп, ағзаның әр ұлпа-жасушаларына жеткізіледі. 
Қорытылмаған ақуыздар және ас қорыту үрдісінде түзілген амин 
қышқылдарының бір бөлігі ішектің төменгі бөлімінде ішек бактерияларының әсерінен 
шіру үрдісіне кенеледі. Кейбір амин қышқылдары улы заттарға: аминдерге, фенолдарға, 
меркаптандарға айналады. Олардың бір бөлігі ағзадан ішек газдарымен және нәжіспен 
шығарылады, ал келесі бөлігі қанға сіңіріліп, онымен бауырға жеткізіліп –
зиянсыздандырылады.
Күрделі ақуыз ас қорыту жүйесінде қарапайым ақуызбен простетикалық тобына 
ажырайды. Қарапайым ақуыздардың амин қышқылдарына дейін гидролизденуі жоғарыда 


көрсетілгендей өтеді. Простетикалық топтың өзгерулері оның химиялық табиғатына 
байланысты атқарылады. Мысалы, хромопротеидтердің гемі ішекте гематинге дейін 
тотығады. Гематин қанға сіңірілмейтіндігінен ағзадан нәжіспен шығарылады, сондықтан 
да ол ұлпалардағы хромопротеидтер синтезіне пайдаланылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет