6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


Кесте – деректер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі нысан. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады. Жазба



бет38/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Кесте – деректер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі нысан. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол деректер базасы мəліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады.
Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-де мəліметтерді енгізбес бұрын өрістердің қасиеттерін сипаттап өту қажет.
Сұраныс – қолданушының керекті мəліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу əдісі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма – деректерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.
Есеп (отчет) – деректерді баспаға шығарып, қағазда бейнелеу тəсілі.
Кілтті өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мəндері қолданылатын негізгі өріс. Ол өріс бірегей немесе жалғыз болуы керек.
Кілт (ключ) – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше кілтті өрістер.
Санағыш (счетчик) – кестедегі жазбаларды реттік номермен орналастыратын өріс қасиетінің сипаттамасы.
Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту арқылы сол өрісті түгел ерекшелеуге болады.
Конструктор – деректер базасы нысандарының (кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.
MS Access-де деректер базасын құрудың 2 тәсiлi бар: жаңадан деректер базасын құру және дайын құрылымдарды пайдалану. Бiрiншi жағдайда пайдаланушы өз талабына сай кесте, форма түрлерiн құра алса, екiншi жағдайда дайын, ұсынылған үлгi бойынша деректер базасы құрылады. Кесте құру үшiн деректер базасы терезесiнiң Кесте (Таблицы) бөлiгiн таңдап, Құру (Создать) түймесiн басу керек. Нәтижесiнде төмендегi терезе пайда болады (1-сурет):

1-сурет. Кесте құру режимдерін таңдауға арналған сұхбатты терезе

Кесте құруда 1-суретте көрсетiлгендей тәсiлдер ұсынылады:


1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет