6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет39/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Кесте режимi (Режим таблицы) - қарапайым кесте құру тәсiлi;

  • Конструктор (конструктор) - кесте құрастырушы көмегiмен кесте макетін құруды ұсынады;

  • Кесте шеберi (Мастер таблиц) - шебер көмегiмен дайын үлгілерге сүйеніп, кесте құруды ұсынады;

  • Кестелердi импорттау (Импорт таблиц) - белсендi деректер базасына сыртқы файлдан кестелер кiрiстiру, мұнда жеке кесте емес, таңдалған деректер базасының барлық кестелері ашық деректер базасына көшіріледі;

  • Кестелер арасындағы байланыс (Связь с таблицами) - ағымдағы деректер базасымен iшкi файлдарды өзара байланыстыруда қолданады.

    Кесте құру тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір жағдайда конструктормен құру тиімді болса, кейде кесте режимі өте ыңғайлы болады.
    Назар аударыңыз. Деректер базасы терезесi әр түрлi режимде әр түрлi мәзiр және құралдар панелiн көрсетедi.
    Кестенің əр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) жəне тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттары ішкі функция жəне MS Access қасиеттері аттарымен сəйкес болмағаны дұрыс. Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. Конструктор режимiнде кестеге енгiзiлетiн мәлiметтердiң, өрiстердiң типтерiн бекiту өте ыңғайлы.
    MS ACCESS-те деректердің 9 түрi пайдаланылады :

    • мәтіндік (текстовый)

    • сандық (числовой)

    • ақшалай/қаражаттық (денежный)

    • санағыш (счетчик)

    • күн/уақыт (дата/время)

    • МЕМО (поле МЕМО)

    • OLE объектiсі (поле объекта OLE)

    • гиперсiлтеу (гиперссылка)

    • алмастыру шеберi (мастер подстановок)

    Басқа режимдерде мәліметтер типтерін Access өзі автоматты түрде бекітіп отырады. Бірақ программаның бекіткен типтері сәйкес келмеуі де мүмкін, мұндай жағдайда конструктор көмегін пайдалануға тура келеді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет