А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме


Автоанализаторларға және басқа да зертханалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі технологиялық операция



бет69/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

Автоанализаторларға және басқа да зертханалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі технологиялық операция

Зертхананың мамандары зерттеу нәтижелерін клиницистерге бергеннен кейін оларды өндірудің бірыңғай технологиялық процесі бүгінгі күні ғана аяқталғанын, ал ертең ол қайтадан қайталанатынын әрдайым есте сақтауы тиіс. Сондықтан автоанализаторларды және барлық зертханалық жабдықтарды жұмысқа дайындау қажет. Зерттеу жүргізілгеннен кейін пайдаланылмаған реактивтер тоңазытқыштарға (егер оларды автоанализаторда сақтауға болмайтын болса) жиналады, бір тәулік ішінде пайдалану үшін (егер оларды сақтау мерзімі шектелген болса) экспресс-диагностика зертханасына ішінара жібереді.

Компьютерлік бағдарламаға енгізілген немесе жұмыс орнында жазбаша түрде бар нұсқаулықтарға сәйкес автоанализаторлар мен басқа да зертханалық жабдықтарға техникалық күтім мен қызмет көрсетуді жүргізеді. Практикалық тәжірибе көрсеткендей, егер Жабдықты күту жүргізілмесе, онда ол жиі істен шығады, талдау сапасы төмендейді, қайта калибрлеу жиілейді,сапаны бақылауды жүргізу кезінде нәтижелер Westgard 5 бақылау ережесінің шегінен жиі шығады.

Тек осы іс-шараларды өткізгеннен кейін анализатор компьютері оны күту режиміне ауыстыруға бұйрық береді.

Автоанализаторларға және басқа да зертханалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және күтім жасау жөніндегі технологиялық операцияны бақылау үшін осы операцияны жүргізу және есепке алу журналын енгізу қажет. Журналда зертханалық жабдыққа қызмет көрсетуді жүргізген маман қандай да бір талдаушыға қатысты орындалғанын, қашан және кім екенін көрсетеді. Әрбір технологиялық процестің немесе операцияның әкімшісі зертханалық жабдыққа жүргізілген қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасын тексеруі тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет