А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет48/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
СҒЗЖ оқудан тыс түрлері
Оқудан тыс уақытта студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері:
Ғылыми студенттік үйірмелер;
Студенттердің ғылыми техникалық ұйымы;
Халық шаруашылық келісім шарт және мемлекеттік бюджеттік тапсырма бойынша орындалатын жұмыс;
Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы білім беру;
Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу.

2. СҒЗЖ негізгі жұмыс бағыттары


Мақсаты мен міндеттері: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
- жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
- таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,
СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері: - өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
- студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет