қымбат болып табылады. Көптеген Бродвей мюзиклдері өздерінің ерекше əсерлерімен (спецэффекты) танымал, олар көп жылдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, күнделікті қойылып келеді. Мюзикл құрылымдық жағынан көбінесе екі актілі спектакльге ұқсас.
1920–1930 жылдары Америка Құрама Штаттарында мю-зикл жанрында
еңбек еткен Джером Керн, Джордж Герш-вин, Коул Портер сынды композиторлар болды. Мюзиклдегі көптеген əндер музыкалық классикаға айналды. Əншілердің актерлік шеберлігі айтарлықтай өсті.
Кейінірек, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мюзиклдің мазмұны тереңдей түсті. Леонард Бернстайнның «Вестсайд тарихы» пайда болды («Westside story», 1957). Қойылым У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта»
трагедиясын негізге ала отырып, қазіргі Нью-Йоркте болған оқиғаны баяндайды.
1960 жылдардың соңында жаңа музыкалық стильдердің арқасында мюзикл жанрында жаңа түсініктер пайда болды. 1970 жылдары спектакльдер сан жағынан қысқарды, алай-да жаңа мюзиклдердің декорациялары мен костюмдері ке-ремет байлығымен таңғалдырды.
Эндрю Ллойд Уэббердің «Эвита» («Эвита», 1978) атты мюзиклі терең мағыналы тақырыпқа құрылды, ол мюзиклдің даму жолын көрсетті. Уэббердің тағы бір туын-дысы – «Мысықтар» («Кошки», 1981; Эллиоттың өлең топтамалары желісімен). Бұл мюзиклдің басты тақырыбы – «Естелік» деп аталатын Гризабелланың ариясы.
Достарыңызбен бөлісу: