7 Маңғыстау облыстық білім департаменті №4 гимназия-орта мектебі



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі462,09 Kb.
#33279
  1   2   3
7 Маңғыстау облыстық білім департаменті

№4 гимназия-орта мектебі

Морфология бойынша жаттығу жұмыстары

Алдаберген Қ. Е.

Ақтау қаласы

Түсінік хат

Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тілдің қарым -қатынастық жағына баса назар аудару десек те , грамматикасыз тілді үйрену де, үйрету де оңай емес. Осы орайда жыл сайын оқулық жаңарып шыққанмен, балаға терең граммтикалық материалды үйрететін, сөйтіп оның сөйлеу, түсіну қабілетін кеңейтетін жаттығу жұмыстары жоқтың қасы. Сондықтан морфологиялық тапсырмалар ретінде осы жаттығулар топтамасын ұсынып отырмын. Әрбір өткен материалды қайталау барысында болсын, жаңа тақырыпты өткен соң да тиісті жаттығуды мұғалім жасатып отырса, сол материал оқушының есінде қалып, грамматикалық материалды тереңірек меңгереді деп ойлаймын. Бұрын мұғалімдерге арнап, оқушы білімін тексеріп отыру үшін «Оқушы білімін анықтаудың ұтымды жолдары» деген көмекші құрал шығарып едім. Бұл соның жалғасы десек те болады. Әрі оқушы білімін күнделікті сабақта тексеріп, анықтап отыруға да мүмкіндік береді. Сол себепті грамматикалық материал бойынша түрлі жаттығу жұмыстары жүйелі жасалып, сөздіктер тексеріліп отырса оқушы біртіндеп сөз табын , оның жасалу заңдылықтарын меңгереді. Ал ауызекі қарым –қатынас қабілетін арттыру үшін диалогтар мен күнделікті қолданылатын фразаларды орысша – қазақша қайталап отыру керек. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына сөздерді қою жаттығулары сол мәтінді еске сақтап, бір қайталаған соң мазмұнын айтуға мүмкіндік береді.

Мына жаттығулар мүмкіндігінше оқулықта қамтылмаған жаттығулар мен тапсырмалар орнын толтыруға көмектеседі. Әрі мемлекеттік аралық бақылауға және емтиханға дайындалуға арналған тапсырмалар бар. Кейбір тапсырмалар қазақ тілі тест жинағынан алынды. Жаттығу жұмысын күнде жасап отырған оқушы материалды теориялық және практикалық жағынан меңгереді. Мысалы: одағайдың түрлері аралас беріліп, «шақыру және жекіру одағайларын бағанға бөліп жаз » деген тапсырма беріліп ,ол және он күннен кейін қайталанса, бала одағай түрлерін меңгереді. МАБ-да немесе ҰБТ-де дұрыс жауапты қиналмай табады. Ал сөздіктер мен мәтін бойынша тестік жұмыстар түрлері берілген лексикалық материалды меңгеруді қамтамасыз етеді. Бір жаттығуға бірнеше тапсырмалар берілді. Сондықтан мұғалім оқушылардың жас ерекшелігіне қарай отырып,тапсырманы таңдап береді.

Сөз құрамы.


  1. жаттығу. Берілген мәтіннен туынды сөз бен күрделі сөздерді теріп жазып, мәтін бойынша сұраққа жауап жазыңдар.

Алтай соңғы кезде : «Мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы»дегенді шығарып алды. Құндыз жұмсай қалса, соны сылтауратып, безеріп отырып алады. Міне, бүгін сол қыңырлығына басып отыр.Таңертең шайдан кейін Құндыз :

-- Үстел үстін жинай салшы, мен сабағымды даярлайын, - деді.

-- Иә, саған! Мені қыз дейсің бе? Өзің жина,-- деп, далаға шығуға бет алды.

-Ешқайда бармайсың!-- деді Құндыз оның алдын кес-кестеп. –

Сабағыңды оқыдың ба , өзің?

--Оқыдым. Кеше оқығам. Тек еңбек сабағын орындағаным жоқ.

(Т.Дәуренбековтен.)

2. Сұраққа жауап беріңдер. 1. Бұл отбасында неше бала бар ?

2. Алтай үй ішіндегі жұмыстарды қалай бөледі?

3. Үй ішін тек қыздар жинауға міндетті ме?

4. Алтайдың әрекетін қалай бағалар едің?

2- жаттығу. Мәтінді оқып, күрделі сөздерді табыңдар.

Ақбота мен Нұрлыгүл есік алдында ойнап жүрген. Қастарына Бауыржан мен Болат келді. Бауыржанның қолында жап-жаңа ойыншығы бар екен. Үлкен, әдемі қара жүк көлігі.

--- Кеше атам Ақтөбеден іссапардан келді. Атам әкеп берді,-- деді ол қуанышы қойнына сыймай.

--- Біз де отбасымызбен бірге алысқа қыдырамыз. Қазір апам аурыңқырап емханаға барып жүр. Ертең емі біткесін жолға шығамыз,-- деді Болат.

--Әп- әдемі екен. Бірақ менің бозторғайым одан да әдемі,--деп Ақбота қолындағы құс ойыншығын көрсетті.

3– жаттығу. Тәуелдік, жіктік жалғауларын бөліп жазыңдар. 2. «Төмен», «нұқып» сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Шешем: -Менің екі ұлым --- анау Егізтөбе секілді. Оң жақтағысы –Нұрлан, сол жақтағысы --- сенсің, қара домалағым, -- деп мені нұқып қалатын.

Нұрлан ---менің ағайым. Трактор айдайды. Жиырмаға биыл шықты. Ағайым мені бір күні отынға ертіп барды. Біз қураған отын іздейміз деп таудың құзар басына шығып кеттік. Ауыл да ,Егізтөбе де төменде қалды. (О.Бөкей).

4 – жаттығу.Күрделі сөздерді тауып, жасалуын айтыңдар. 2. Жалқы есімнің астын сызыңдар.

«Ақбаевтың атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқаның келе жатқанын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете алмай, оны үнемі қауіп –қатерде , жоқшылықта ұстап келгенім,.... ойыма түсіп, көзімнен бір тамшы жас шығып кетті. Сонда қайран шешем қасыма келіп: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көз жасыңды шығарып тұрсың?!» - деп жағымнан шапалақпен тартып –тартып жіберді- деді Құрманғазы. (А.Жұбанов).

5 – жаттығу. Күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп жазыңдар.

Үлгі: тасбақа –біріккен сөз; сәресі – кіріккен сөз; көзбе-көз – қайталама қос сөз; ашу-ыза -- қосарлама қос сөз.

Талдықорған, тау –тау, Алматы қаласы, ҚазҰМУ, құрбақа, арық –тұрық, кедей-кепшік, ұсақ-ұсақ, жаздыгүні, ендігәрі, ғылыми –көпшілік, АҚШ, шай-пай, үйдей-үйдей, ірілі-ұсақты, етек-жең,жап-жас, ала жаздай, см,биыл,қолғанат,қайғы-мұң, ақсүйек, жаздыгүні ,еңбеккүн,га, ұжымшар,тастүйін,басы-қасы, ақсақалдар,мәре-сәре,саяжай,құлаққағыс.

6 – жаттығу. Түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек жазыңдар.

Достық, ән, бөлім, тау, қалашық, балалық,жақсы, жастық,биші,жыр,жазғы, түне, тазалық, білгір, сыпырғыш,үй, әдепті, сыпайылық, кем, артық, қысқы, сыбаға,құнарлы, қуаттылығын,ыдыстар, мекендеген.

7 - жаттығу. Қос сөздердің астын сызыңдар.

Осы отбасы - - балалы-шағалы үлкен бір шаңырақ. Үй ішінен үнемі бала –шағаның шуылдаған даусы үзілген емес. Өздері де, келін –балалары да әрдайым ұлттық дәстүрді ұстанып , халқымызға тән дәстүр –салттарды орындап келеді. Бірде келін- кепшік, көрші – көлемін шақырса, бірде ерулік беріп, бірде жақын –жуықты көңіл алу шайына шақырып жатқанын көремін. Үй. иелерінің пейілі кеңдігі болар, бай болмаса да, байлардан кем емес. Сенбі-жексенбіде той- думанға кетіп бара жатады, қаржысы мол болар деп ойласам, отағасы қарапайым ғана қызметте екен. Қазақтың « пейілімді алма» дегенін енді түсінгендей болдым.

8- жаттығу. . Орысша аударып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Шоқан жасында ауыл мектебінде оқып, кейін 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында дәріс алады. Осында оқып жүргенде ол туған өлке, Шығыс елдері тарихына құмартады. Кадет корпусында әскери сабақтарға қоса Ресей географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шет тілдері оқытылған.



Жазғы демалыс кезінде ол ел ішіндегі әңгімелерді ,халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған.

9– жаттығу. Күрделі сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

Биыл жаз ыстық болатын шығар. Жаздыгүні ыссы болса да, қыстыгүні суық болғаны жаман. Сөйлей- сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың. Қатты жаңбырдан соң ағаш жапырақтарының бәрі су-су болып, тиіп кетсең су тамшылайды. Есік алдына қоқыс жинайтын мәшін салдыр-гүлдір етіп кеп тоқтады. Мамыр айында тасбақалар жиі кездеседі. Далалы жерлерде қарақұрт көп болады. Құрылыс алаңында тау-тау топырақ үйіліп жатыр.

Зат есім.

1-жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді тауып, сұрақ қойыңдар. 2. Көптік жалғаулы сөздерді тауып, жалқы есімдердің астын сызыңдар.

Азамат қалада тұрады. Әкесі елтірі өңдеу зауытында жұмыс істейді.

Әкесі – өндіріс озаты. Анасы – трамвай жүргізушісі.

Азаматтың мектебі үйге жақын. Қарындасы Сәуле -- екінші сынып оқушысы. Олар -- оқу озаттары. Демалыс күндері олар ата – анасымен бірге демалады, қала бағында қыдырады.

2- жаттығу. Зат есімдердің септік жалғауын ажыратып, жай септеулі зат есімдерді бір бөлек, тәуелді септеулі зат есімдерді бір бөлек жазыңдар.

Ұлжан Абай жүзінен көз алмай, көп қарады. Әбдірахманды өз қолына алып иіскеді де, Ділдәға берді. Аз ғана күрсініп қалып Абайды да өз қасына тартып, бетінен сүйді.

Қуаң тартқан жүзінде ана жүрегінің терең бір толқыны сезіледі.

-- Қарағым, әжең марқұм сені жалғызым деуші еді. Айналасындағы өзге өрен –жараны бір төбе болғанда, сен оған бір төбе едің. Есіңде бар ма, жоқ па? Сырқаттанып жатқан шағында, зауал уақытында бір тілек айтып еді. Осы қарағыма өзгелердің тас бауыр, қатыбас мінезін бере көрме деген еді. Сол сөзді айтқан анаң да кетті!.. -- деп, тоқталыңқырап қалды. (М.Ә.)

3 – жаттығу. 1. Тәуелдік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар. 2. Деректі және дерексіз зат есімдерді тауып, сөз тіркесін құраңдар. Үлгі: жайлы өмір, әдепті бала.

Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті -- сен бақытты болса екен деп тілеу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап. Көңілдеріне кейістік сала көрме.

Анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен әбігершілікті , қиналыс пен кейістікті көре біл. Ата –анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсатын, ырзалығын ал. Ұл мен қыздың шынайы еркіндігі дегеніміз – тіл алғыш бала болуы. (В. Сухомилинский)


  1. жаттығу. 1. Қазақшаға аударып, зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңдар. 2. Бір сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

Я родился в городе Астане. В нашей семье пять человек: отец, мать, бабушка, старший брат и я. Я заканчиваю школу. Мне 16 лет. Отец работает архитектором. Мать - бухгалтер. Брат работает в городском акимате. Бабушка не работает , на пенсии.

Меня зовут—Бектас, брата –Мирас, отца -- Аскар, мать – Назым, бабушку -- Сара. Наша фамилия -- Алимжановы. Моя семья очень дружная. Я очень ее люблю и дорожу своей семьей. У нашей семьи много друзей.

Наш город расположен на берегу реки Есиль. Есиль – большая река. Летом жители города отдыхают на берегу реки и в парке. (Қазақ тілі 3-деңгейлі оқу құралы З.Ерназарова, т.б.).

5 -жаттығу. Сөйлемдерден бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді тауып жазып, тыныс белгісіне назар аударыңдар.

Қазақ музыкасының жұлдыздары сейтек пен сүгірдің ,мұрын жырау мен қызыл жыраудың ,біржан мен абайдың , жамбыл мен динаның, әміре мен елубайдың,, манарбек пен әбікеннің домбыралары, ықылас пен дәулеттің қобызы, шашубай мен нартайдың сырнайы қойылған зал жұртшылықтың айырықша ықыласына ие. (М.Тоқашбаев).

6 –жаттығу. Туынды және негізгі зат есімдерді бағанға бөліп жазып, асты сызылған сөзді сөз құрамына ажыратыңдар.

Апам сабаумен жүн сабайды. Өтініш- таныс емес адамдарға өте бір ілтипатпен айтылатын сөз. Облыстық ақындар айтысы өтпекші. Қазір жемқорлықпен күрес күшеюде. Бір қапшық картоп қанша тұрады екен? Айтылған сөз атылған оқпен тең. Қазақ халқа сөз өнеріне ерекше мән берген. Нанның үгіндісін жерге тастама. Ақылды кісінің белгісі –аз сөйлеп, көп тыңдайды. «Туу» десең түкірігің жерге түспейтін аяз екен. Терезе желдеткішін ашып тұру керек. Мұнай бұрғыларын жаңартты . Егіншінің еңбегі – ерен.

7 – жаттығу. Зат есімнен болған бастауыштарды тауып, астын сызыңдар.

Арада жеті жыл өтеді. Алпамыс еліне диуана кейпінде оралады. Келсе, елінде Ұлтан бек болып, әкесі Байбөрі мен бабасы Құлтайды мал соңына салып қойыпты. Өзі жоқта туған баласы Жәдігерді жалаң аяқ ,жалаң бас қозы бақтырып қойыпты. Ұлтанның өзі Гүлбаршынды алмақшы екен.

8--жаттығу. 1. Берілген зат есімдерді септеңдер. 2. Өз мектебің туралы әңгімеле.

Тәуелді септеу: Баласы, кітабың, оқулығым, досы, терезесі,

Жай септеу: Мектеп, мамандық , үйшік, ауыл, ата, әже.

9 – жаттығу. Зат есім жалғауларын бөліп жазыңдар. Асты сызылған сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

. Халқы мәңгі сағынып өтетін бір өзі дәуір, заман құбылысына айналған тұлғалар болады. Соның бірі – көмейіне мың сан бұлбұл ұя салған әйгілі әншіміз –Күләш Байсейітова. Қазақ ән,опера, драма өнерінің тарихына көз салсаңыз, оның аса бір жарқын белесін Күләштің сан қырлы таланты, терең шығармашылығы құрайды. Қазақ өнерін кеше де, бүгін де осы бір тұлғасыз көзге елестету мүмкін емес. Алғаш театр ашылғанда «Еңлік- Кебекте» - Еңлік, кейін музыка студиясы опера театрына айналғанда «Айман- Шолпанда»- Айманды ойнады. Ол алғаш «Қыз Жібекпен» кездескенде 21 жаста еді.

..... Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. «Әке –асқар тау» деп бекер айтылмаса керек.

Ана орны да ерекше. Әке де, бала да ананы сыйлайды. Отбасының татулығы әкеге де, анаға да байланысты. (Басылымдардан).

10—жаттығу. Тәуелді септеулі зат есімдердің астын сызып, олармен сөз тіркестерін құраңдар. Үлгі: Біздің үйімізден, үйдің қасындағы.

.. Басқа үйлер де ауылға келген соң,үйімізден дәм таттыруымыз керек қой деп күбінген. Көптен бері теңде жатқан, жаңа киімдерін киіп, топ –топ болып күтіп, бүгін келмейтін шығар деп ойлаған, Сүйінқара қасындағы екі серігімен бұлар тосқан жолдан емес, теріс жақтан шықты.Олар үш аттыны ауылға тіреліп келгенде ғана көрді....

...Осы кезде әлгі шал қайта бұрылып, әрігіректе тұрған екеуіне көзі түсіп кетті. Оның біреу Сүйінқара екенін шырамытып:

-- Уа, Сүйекем келді. Үйден шығыңдар,-- деп дауыстап жіберіп, өзі де лып етіп орнынан жеңіл көтерілді. (М.Әбдіхалықовтан).

11 – жаттығу. Төмендегі сөздерді құрамына ажыратып , олармен сөз тіркестерін құраңдар. Үлгі: оқы – оқу – оқулық. Кітап оқы, жақсы оқу, жаңа оқулық.

Оқулық, әдептілік, әділдік, жамандікі, құпиялау, адамдарымыз, кісілерін, тұмсығына, алақанымен, саусақтай, қапталына, көктегі,бағдарды, сулығын, қонысым, тірлігің, отаршылдықтың, жаста.

12 –жаттығу. Аударып, жалқы зат есімдердің астын сызыңдар. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табыңдар.

Орнамент на Флаге показывает своеобразие казахского народа. Время - дороже золота. Сильно радоваться. В Мангистау много святых мест. Дешевый вещ быстро портится. Подснежник расцветает под снегом. Она укоротила свои длинные волосы.

13 – жаттығу.. Тәуелдік және жіктік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.

Үлгі: Қоңыр бел,

Қара мауыт қой тастар-ым- Т.ж.,

Саздауға арқа салып бой тастады –ң –Ж.ж.

Қоңыр бел ,

Қара мауыт қой тастаррым,

Саздауға арқа салып бой тастадың.

Сарытас,


Салқын самал Шақпақ атам,

Сар желіп

Сағым мініп ойқастадың.

Кеткендей

Мың алыптың байлап басын,

Еңкейіп


Тұра қалған сай жаққа шың.

Алланың

Ақ нұрына ғашық болған,

Ұстазы


Ұлылықтың қай жақтасың? (С.Адаев)

14 - жаттығу. Сөйлемдегі зат есімердің септік жалғауларын ажыратыңдар. «Жағы» сөзін септеп, септеудің қай түрі екенін айтыңдар. Бірнеше көмекші есімдерді жазыңдар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасында күн сәулесі сияқты уықтар бар. Екі жағында қанатты аттар бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Рәміздер туралы ғылымды «геральдика» дейді. (оқулықтан).

15- жаттығу. Көп нүкте орнына керекті жалғауды жазыңдар.

1) Барыс - мысық тұқымдасы... жататын аң. 2) Ол ымырт жабыла қорек іздеу... шығады. 3) Ол жабайы аңдар... қоректенеді. 4) Итбалық қорек....судан тауып жейді. 5) Оның артқы аяқтары балық.... құйрық.... ұқсас. 6)Қазір ол... саны күрт азайып кетті. 7) Апам қала... кеше келді.

8) Дала... жаңбыр жауды.

16- жаттығу. Сөйлемдерді аударып, зат есімдердің жалғауларын ажыратыңдар. «Әжем» сөзін септеп, «ас» сөзін тәуелдеңдер.

У меня есть бабушка. Она встает очень рано. И всем нам готовит завтрак. На завтрак она варит 6 яйц или рисовую кашу, хлеб с маслом и чай с молоком. В 7 часов она включает местное радио. В 7 часов 15 минут внимательно слушает сведения о погоде.

17 –жаттығу.

Дара зат есімді бір бөлек, күрделі зат есімді бір бөлек жаыңдар. Он жалпы есімді бөліп жазып, аударыңдар. Жалқы есімдердің жалғауларын ажыратыңдар.

Ахметден деген аққұба жігітті Мағжанның әкесі Бекен ізетпен қарсы алды. Қыркүйек айы жаңа басталды. Абай үйін өзінің көзі тірі кезіндегі қалпынан өзгертпей ұстау міндетін Күнжан алды. (М.Ә.)

Тасбақаның аузынан шөп алған адамды бақытты,жолы болғыш дейді. Аққұс туралы ертегіні Ш.Қалдаяқов айтып берген. (О.Бодықов). Бір құсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға, торғай, көгершіндер түсіпті. ...Бәріміз қанатымызды бірдей қағып ұшып көрейік, мүмкін торды көтеріп кетерміз,-- деседі. Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шышында да,торды көтеріп әкетті.Сөйтіп олар торды көтеріп әкеті. Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырады.(Үнді ертегісі).

18 – жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар..

Үлгі: Ат, есім, ныспы.



  1. Есім, әлем, заман, ағайын, парыз, мұғалім, думан, апта, қария, мақсат, қоныс, сәби, тыныштық, жау, қас, өмір, тағам.

19- жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің синонимін жазып, құрамына ажыратыңдар.

Ауылдағы үлкен кісілер алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шығып, кері қайтқанда жерлестеріне, көрші–көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар ала келеді. Елеп – ескерудің нақты көрінісі ретіндегі бұл заттарды «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде де қабылданады.

(С.Кенжеахметұлы «Балдырған»№11)

20 – жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді құрамына ажыратып, бір сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.



Атасы мен Бекболат көрші өзбек еліне сапарлап барып қайтатын болды. Мақсаттары – сол елдегі тарихи жерлерді аралап, сонда жатқан бабалар рухына тағзым жасап қайту.

---Менің өмірімнің көбі кеңестік дәуірде өтті. Ол кезде Кеңестер Одағының құрамындағы он бес республиканың арасында шекара деген болмаушы еді.Енді Қазақстан да , Өзбекстан да өз алдына тәуелсіз мемлекеттер.Шекара бар, кеден бар. Құжаттарды реттеп алайық,-- депатасы екеуінің тиісті қағаздарын жөнге келтірді.

( №11«Балдырған».Н.Қадырбаев).

Сын есім. Табиғат.



  1. Жаттығу. Сын сімдердің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Күн аяз еді. Суық ызғар бетті шымырлатады. Таудың бергі баурайында бетін мұз басқан Бурабай көлі бозарады. Жақындаған сайын оның сұлулығы көзге еркін шалынды. Батыс жағалауда қолдан орнатқан діңгектей, тіп- тік, сүп- сүйір Оқжетпес шыңы көз тартады.

Табиғат , сенің жұпар ауаң, аппақ қарың, мөлдір суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен құсың -- - бәрі – бәрі керемет.

2- жаттығу. Жақшаны ашып, сәйкес жұрнақты жазыңдар.

Дүкендегі қалаштың бағасы тоқаштан қымбат (-тау-теу) болды. Жігіт қызға алманың қызыл (-дау-деу) ын берді. Мен қабырғаға үлкен ( -ырақ-ірек) суретті ілдім. Кітаптың көлемі суреттен кіші (-лау- леу). Базарға таңертең кеткен айжан кеш (- теу- тау) келді.

3- жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді бөліп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

1. Бұл – қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші. 2. Ескерткіш қаланың ең бір көркем жерінде орналасқан. 3. Мынау – Ақжайық қонақ үйі. 4. Ол - қаладағы ең үлкен қонақ үй. 5. Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп. 6.Көкшетау жерін «Қазақстан Швейцариясы» дейді. Себебі оның биік таулары, тұнық көлдері, хош иісті гүлдері мен ормандары бар. Көкшетаудың оңтүстік- шығысында республикаға белгілі курортты аймақтары орналасқан. Бурабай шипажайы минералды суымен , балшығымен белгілі.

4 – жаттығу. Туынды сын есімдерді тауып, олармен салыстырмалы шырай түрін жасаңдар.

Күй – адамды толғандыратын қасиетті де құдіретті күш. Көне заманнан келе жатқан домбыра қастерлі аспап. Домбыра - халқымыздың тағдырын бейнелеуші. Домбыра - небір замандарды басынан өткерген куәгер. Оған Құрманғазы атамыздың күйлері айғақ.

5 – жаттығу. Етістіктен жасалған сын есімдерді табыңдар.

Ашық, жабық, қатал, төзімді, ажарлы, сарғылт, түртіншек, тырысқақ, алыстау, жібектей, жуас, көргенді, сұйықтау, сирек, сүріншек, өнегелі, шыдамды, білгіш, алғыр, білімді, қорқақ, ұрысқақ, жүргіш, жабысқақ, айтқыш, аспалы, жазғы, ұйқышыл, ілулі, ұялшақ.

6 – жаттығу. Аударып, сын есімнің астын сызыңдар..

Просторная прихожая, гостиная светлая, деревянная кровать ,японский телевизор, на заслуженном отдыхе, высокого роста, черноволосый, волосы покрашены в черный цвет, голубоглазый, светлый, смуглый, трудолюбивый, с седыми висками.

7 – жаттығу. Сөйлемдерді аударып, парталасыңды сипатта.

Моего друга зовут - Аскар. Ему 15 лет. Он учится в средней школе №19 в 9 классе. Он учится хорошо. Любит читать художественную литературу. Он высокого роста, худощавый, черноглазый, черноволосый, нос прямой, глаза маленькие черные, волосы кудрявые короткие.

8 – жаттығу.Тиісті жұрнақтарды жалғап,туынды сын есім жасаңдар. Өнер.. . кісі. Қайрат... жігіт. Әдеб.. шығарма. Халық.... мереке. Маңыз... құжат. Тәрбие.... бала. Ақыл... адам. Сабыр..... мінез. Ашу.... болма. Әдеп... оқушы. Қыс... кеш. Тарих.... оқиға. Мәден.. орталық. Тау... жер.

9 -- жаттығу.Өлеңді оқып, сын есімдерді табыңдар.

Көктем,

Қарды ерітіп өкпек жел , Күркіреп кеп көк аспан,



Қақты көктем қоңырауын. Ағыл-тегіл нұр төгіп.

Мұз аралас ақты сел, Көк соқта боп ұласқан,

Жуып жердің омырауын. Жаңбырдан қар күрт еріп.

Жер дегдіді, көгерді,

Жасыл барқыт жамылып.

Бәйшешегі түрленді,

Иіс майын жағынып. (Қ.Мұқышев)

10- жаттығу. Тиісті шырай жұрнағын қойып, көшіріп жазыңдар.

Апамның үстінде көк.... көйлегі бар. Мына кәмпит тәтті.... екен. Ана тау мына таудан аласа.... Менің жүгім сенікінен жеңіл..... Досымның машинасының түсі қоңыр..... Мына ағаштың тамыры жуан....

11 -жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқып, сын есімдерді атаңдар.

Әр күйді тыңдағанда көз алдыңа әр түрлі суреттер елестейді. Бірде көгілдір аспан астында жүйрік атпен шауып келе жатқан батыр елестейді, бірде шалқыған теңіз толқыны елестейді.

Елімізде орманды алқаптарға жақсы күтім керек. Жазғы шілденің ыстығында өрт тууы мүмкін.Жас бала ұйқышыл, сөзшең, ашушаң болмағаны жақсы. Шетінен кішкене шағын қоңырқай үйлердің орта тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі.(М.Ә.) Сырттан жағымды қоңыр дауыс естілді. Серіктің асыранды иті тым қабаған екен.

12 -жаттығу. Сын есімдерді тауып, күшейтпелі шырай жасаңдар.

Шөл- жер шарының ыстық әрі құрғақ өңірі. Дүние жүзінде үлкен шөлдер бар. Олар : Африкадағы Сахара, Аустралиядағы Виктория, оңтүстік Америкадағы Атакама шөлдері.орта азиядағы ең үлкен құмды шөлдер: Қарақұм мен Қызылқұм. Шөл өсімдіктері мен жануарлары судың тапшылығына шыдамды,аптап ыстыққа да төзімді.

13 -жаттығу. Мына сын есімдердің антонимдерін жазыңдар.

Аласа ---- алыс ------

Ұзын ------ жуан-------

Қымбат------- ыстық------

Ұсақ-------- үлкен---------

Қараңғы ------- жас-----

Ескі -------- ауыр-----

14 – жаттығу. Антонимдік қатарды құрайтын сын есімді теріп жазыңдар.Үлгі: Мейірбан – қатал.

Айрықша- ерекше, майлы- семіз, мейірбан – қатал, қиын – оңай, тентек- ерке, жаңа- көне, биік- жоғары, ірі- ұсақ, ақымақ – ақылды, тентек- момын, асау – жуас, ұзын- ұзақ, әдемі- көркем, ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа, ақырын – баяу, жылдам- тез.

15- жаттығу. Синоним болатын сын есімдерді топтастырыңдар.Үлгі: көне, ескі, ежелгі.

Көне, жаңа, ескі, ежелгі, адал, бай, құнды, сұлу, төзімді, сабырлы, ұзын, қысқа, әдемі, бағалы, күшті, арам, таза, лас, кір, мықты, берік, әлсіз, айлалы, өнерлі, шебер, жылы, суық, салқын, мұздай, жұмсақ, жуас, бойшаң, сұңғақ, қайратты, алыс, көркем, қажырлы.

16 – жаттығу. Сөйлемнен сын есімдерді тауып, қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Қырдағы қызыл –сары гүлдер көздің жауын алады. Ол кең бөлмеде жалғыз отыр. Сен өте ақылдысың. Ол ыстық – суыққа қарамайды. Білімді мыңды жығар. Олардың үлкенірегі алда келеді. Қорқақ түнде далаға шықпайды. Лаура домбырада шебер ойнайды. Біз таудағы аспалы көпірден өттік. Мен бұл туралы терең ойландым.

17- жаттығу. Негізгі сын есімдердің астын сызып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай түрлерін жасаңдар.

Биік тау көрінді. Ол ұзын бойлы, қара мұртты жігіт екен. Ол менің жақсы досым. «Ұзын арқан, кең тұсауға» салмай, істі тез бітір. Бүгін аспан ашық. Кеше өте ыстық болды. Қартаңдау кісі суыт жүріп келеді. Ақтайдың үйі салтанатты. Отан оттан да ыстық. Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды. Досыңа адал, жауыңа әділ бол.

18- жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді бөлек жазыңдар..

Қайырымды, қатал, адал, қорқақ, сұрамсақ, алыс,жылтыр, жұмсақ, қызықты, лас, кенді, күрең, ақшыл, таза, шыдамды, қаһарлы, батыл, саяз, білгіш, ашушаң, тұнық, терең, мөлдір, өткір, сүйкімді, көрікті, мақтаншақ, тапқыр, ұстамды, өзекті, қызық, қиын, жеңіл.

19 –жаттығу. Берілген сын есімдерді қатыстырып, сөйлем ойлаңдар. Туынды сын есімдерді құрамына ажыратыңдар.

Таулы ,сары, кішірек, сұлу, қой көзді, биік- биік, тамаша, ауыр, азу- азу,рухани, қызықты, мәдени, келбетті, жазық, әлсіз, терең, жұқа,көшпелі, қара торы, өнерлі,

Сабырлы, төзімді, оңай, жеңіл, суық, аласа, шалғай, ирек, түзу, тіке, қисық, қысқа, ұзын.

20- жаттығу. Туынды сын есімді тауып, сөз тіркестерін жасаңдар.

Үлгі: Күшті жел, тырысқақ адам, тапқыр бала.

Күшті, тәтті, киелі,қоңыр, жасыл, тырысқақ, тапқыр, бұлтты, көргіш, қонақжай, жақсы, кең, кеш, аласа, алғыр, зерек, білгіш, түзу, ыстық, жақын, көңілді, әсерлі, ашық, жас, ежелгі, мәдени, берік, әдеби, әлемдік, мақтаншақ, бәлеқор,кәрі.

21- жаттығу. Берілген сын есімдерді аударып, сөз тіркестерін құра. Мягкий , крепкий, легкий, ,открытый, длинный, далекий,корткий, глубокий, жаркий, теплый, высокий, твердый (камень).

22--жаттығу. Сын есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңдар. Мәтін мазмұнын жазбаша баяндаңдар..

Текше таудың бауырында, мөлдір бұлақ жағасында ұзын терек болатын еді. Бұл терекке жақын жерде, қалың шөптер арасында жылда жайнап шешек атып, айналаға жұпар иісін тарататын бір қызыл гүл өсетін еді.

Саяхатта жүрген жастар мөлдір бұлақ жағасына, көркем терек саясына кеп отырып демалатын, қызыл гүлдің жұпар иісін таза ауада еркін жұтып көңілденіп, шаттанатын.

Бір күндері бір қыз келіп, бұлақ жағасынан қызыл гүлді көрді-дағы, қасына кеп отырды....

Көкке мойнын созған терек тәкаппар боп өскен ғой. Ол іші күйіп қызғанады, қыз да қызыл гүл екенін қайдан білсін,сүзілген сұлу гүлге құмар болатынын қайдан білсін, қыз жүрегін ұрлап алған қызыл гүлді көп ойланып, мұқатпақшы болады терек. (Саттар Ерубаевтан).

23 -жаттығу. Сын есімдерді тап, мәтінді аудар.

Бір балапан торғайды енесі жылы ұяда мәпелеп өсіріпті.Балапанның жүні жетіліп,қауырсыны қатайған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанына:

---- Үлкейдің, ұшуды үйрендің, енді өз күніңді өзің көр,-- дейді.

---- Мен ұшпай-ақ ұямда жата берейін.

---- Неге?

--- Әлі жаспын. Қауіп –қатер қайдан келетінін, кімнің тұзақ құрып, қай жерде торып отырғанын қайдан білемін?

--- Айналаңа көз тігіп, жіті қара. Қауіпті жерге қонба.Әлдеқалай қатер төнсе, ұшып кет, ---- дейді де торғай ұшып кетеді. (Дәулет Қасеновтен).

24- жаттығу. Өлеңді жаттап алып, сын есімдерді атаңдар.

Шоқпардай кекілі бар ,қамыс құлақ.

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын ,салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жоталы ,болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті...

... Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек,

Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем,

Иек қағып, еліріп жүрсе әсем.

Шапса жүйрік, мінсе берік,жуан, жуас.

Разы емен осындай ат мінбесем. (А.Құнанбаев Шығармалар жинағы).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет