7 Маңғыстау облыстық білім департаменті №4 гимназия-орта мектебі



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі462,09 Kb.
#33279
1   2   3

Сан есім.

  1. Жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

Үйден мектепке сағат нешеде шығасыз?

Мектепке дейін қанша уақыт жол жүресіз?

Мектеп сенің үйіңнен алыс па?

Мектебіңнің қасында қандай ғимараттар орналасқан?



  1. Жаттығу. Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударып, өздерің туралы ІІІ жақта сөйлем ойлаңдар. Үлгі: Сенің атың кім? Оның аты - Әлия.

Как тебя зовут? Сколько тебе лет? В каком году ты родился? В каком классе ты учишься?

В какой школе учишься? Ты где живешь? Где расположена школа? Твой дом далеко от школы? На чем (как) можно доехать до школы? У меня

есть два старших и один младший брат. Мы учимся в первую смену. Урок начинается в 8 часов.

3 – жаттығу.Мына мысалдар бойынша өзіңнің және досыңның отбасы туралы әңгімелеңдер.

Бұл - Тәукенің отбасы. Тәуке 53- те. Ол кісі- жазушы. Мына кісі – Бәтима. Бәтима – Тәукенің жұбайы. Ол кісі 46- да. Ол- дәрігер.

Мынау - Оспан. Оспан – Тәукенің ұлы. Оспан 15- те. Ол –оқушы. Мынау – Сәуле. Сәуле – Тәукенің қызы. Сәуле – студент. Сәуле 18-де. Мына кісі - Аман ата. Аман ата - Тәукенің әкесі. Ол – Сәуле мен Оспанның атасы. Аман ата 75- те. Ал мына әжей - Зере әже. Зере әже Оспан мен Сәуленің әжесі. Ол кісі 68-де. Олар – зейнеткерлер. Бұл отбасы – өте тату.

4- жаттығу. Берілген сан есімдерді сөзбен жазып, ауызша аударыңыз.

Бір жылда 12 ай бар. Олар 4 жыл мезгіліне бөлінеді: қыс,көктем, жаз, күз. 1 айда 30-31 күн болады. 1 ай 4 аптадан тұрады. 1 аптада 7 күн бар.Қалған 5 күн жұмыс күні деп саналады.

Жұма 5-күн, дүйсенбі 1- күн. 1 тәулікте 24 сағат бар. Бүгін 25 градус жылы. Мен биыл 18 ге толамын.

5- жаттығу. Сөзбен берілген сан есімдерді сан түрінде жазыңыз.

Сен үшінші жатақханада тұрасың ба? Достық даңғылымен төртінші трамвай жүрмейді. Зейнепте алма – алтау.Сәуле отыз бесінші бөлмеде тұрады. Биыл Ұлы Абайдың жүз алпыс жылдығы. Дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар. Ұлы Отан соғысы мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып, мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы аяқталды. Тоқтар Әубәкіров мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы ғарышқа ұшты. Қазақстан Ата заңы мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы қабылданды.

6- жаттығу. Берілген сандарды сөзбен жазып, мақалдарды жаттап ал.

1 құмалақ 1 қарын майды шірітеді. 6- ау ала болса , ауыздағы кетеді, 4-еу түгел болса, төбедегі келеді. 100 досың болғанша, 100 сомың болсын. 100 - ден жүйрік, 1000 - нан тұлпар. Қызға 40 үйден тыйым. Жігітке 7 өнер де аз. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. 7 өлшеп, 1 рет кес. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Білгенің ---бір 9, білмегенің – 99.

7- жаттығу. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне ажыратыңыз.

Ол 1984 жылы туды. Үйде қырық шамалы адам бар екен. Біз қаладан сағат төрттерде шықтық. Баласының жасы алты- жетілерде. Бұл бағытқа он екінші автобус жүре ме? Қала халқының саны бір миллионнан асты. Үшеуі үнемі бірге жүреді. Бірінші байлық- денсаулық. Екі жарым кило конфет алдық. Сан есімнің мағынасына қарай алты түрі бар. Жер учаскесінің көлемі – 15 шаршы шақырым.

8- жаттығу. Мына сұрақтардың қасына санмен жауап жазыңыз.

Нешеу? Нешінші? Неше? Нешеден?

9- жаттығу.Уақыт көрсеткішін сөзбен айтыңыз.

Сағат 09.30 -да «Копия» фирмасына телефон соғамын. Сағат 10.00 –де мектеп оқушыларымен кездесу белгіленген. Сағат 11.15-те көрмеге барамын. Сағат 14.35-те заңгерлермен кездесіп, құжаттарды қараймын.

Сағат 16.45-те келіссөз жүргізуге барамын.

10- жаттығу. Берілген сандарға тиісті септік жалғауларын жалғап, санмен жазыңыз. Сұраулы сөйлем құраңдар.

Сағат тоғыз.... дейін; сағат он... кейін; сағат он екі... кетт;, сағат алты.. он бес минут қалды; сағат тоғыз жарым болды.

11- жаттығу. Қанша кісі?

Атам ,әжем, ағаммен

Әкем,інім және мен,

Анам және енесі

Енесінің бөлесі-

Отыр едікшай ішіп,

Жеңгем кірді майысып.

Арқасында кіші інім.

Саны қанша айта ғой,

Үйдегі бар кісінің?

(С.Қалиев).

12- жаттығу.Болжалдық сан есімдердің астын сызыңдар.

Жаңа жерге қоныстанған бай екі жігітке құдық қаздырады. Әуелі тоғыз тарау «Қосбасардың» екі- үш тарауын шертіп шықты. Жамал мен Олжабек қосылғалы он шақты жыл өтеді. Олар 20-30 күндей демалады. Шахмат бұдан бір жарым –екі мың жылдай бұрын пайда болған. 1994 жылы Болат Асанов тұңғыш гроссмейстер атағын алды.Ә.Қашаубаев 1925 жылы парижде ән шырқады.Алты жердегі алты - отыз алты. Семей полигонында 450- дей жарылыс өткізіліпті. Жиынға 200 шақты адам қатысты.



13- жаттығу. Сан есімдердің сөйлемдегі қызметін анықтап, мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Үйдегі 5- 6 малымыз жоғалып кетті. Сен менен кейін екіншісің. Ол сол әнді бір тырғанда үш айтты. Ән айтатын өнрпаздар- осы үшеуіміз. Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Олар үштерде келеді. Биыл оның жасы он бесте. Әр үстелдің айналасында үш-үштен отырып кітапқа үңілген оқушыларды көрді. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Оның жасы қырықтарда. 1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал » романы басылып шықты.



14 – жаттығу.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылады?

Далаға он оннан шықтық. Оның жиырма отыз малы бар. Төрт мыңға жуық жылқы бағады. 6-ны 3 бөл. Сағат үштерде келемін. Екі бүтін оннан үші кетті. Оның келгеніне екі үш күн болды.



15 – жаттығу. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңдар.

Екіншісі – тау жолы. Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз. Оның жасы – жиырмада. Ортадағы үйден төрт-бес жігіт шығып келеді. Оның қасиетті саны – бес. Қыста он күн демаламыз. Екеуіне сырыңды айтпа. Бір қатарға бес- бестен тізіле қалды. Біз екеу едік. Қырық бірінші жылды ұмыту мүмкін емес. Бар ақылдымыз- осы екеуі.



16- жаттығу. Жинақтық және бөлшектік сан есімдердің астын сызыңдар.

Алматы – Қазақстанның үшінші астанасы. Келе жатқан үшеу екен. Сыныпта сегіз парта бар. Бір – дегенім білім. Жетеуін де шақырдым. Бір ғасырда жүз жыл бар. Екі жолдас келеді. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы қабылданды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылуда. Еліміздің жер көлемі – 2,7 млн. Шаршы шақырым. Бұдан жарты сағат бұрын кеткен. Алайын деген затымның тек төрттен бірін алдым.



17 – жаттығу. Сан есімнен болған сөйлем мүшелерін тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңдар

Менің туған күнім – 9- қаңтар. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Бес деген қандай жақсы баға.Бір жылда төрт мезгіл бар. Сыныпта жиырма бір оқушы бар. Үйден тоғыздан өте шықтым. Алты жүз қой сыярлықтай етіп қарды үңги алды ма екен?



18- жаттығу. Жинақтық және бөлшектік сан есімдердің астын сызыңдар.

Алматы – Қазақстанның үшінші астанасы. Келе жатқан үшеу екен. Сыныпта сегіз парта бар. Бір – дегенім білім. Жетеуін де шақырдым. Бір ғасырда жүз жыл бар. Екі жолдас келеді. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы қабылданды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы жәдігерлер табылуда. Еліміздің жер көлемі – 2,7 млн. Шаршы шақырым. Бұдан жарты сағат бұрын кеткен. Алайын деген затымның тек төрттен бірін алдым.



Есімдік.

  1. жаттығу. Сөйлемдерден есімдіктерді туып, сұрақ қойып, олардың мағыналық түрлерін анықтаңдар.

Үлгі:Бұл (қай?)түнді мен (кім?) бөлек бөлмеде өткіздім. Сол таза ,ақылды болатын балаңыз тазалыққа аяғын салуға бата алмай, кереуеттің шетінде ғана отыр. Сен мына оюыңды сатасың ба?

Міне, енді қар кетіп жер қарая бастады. Соның бәрін айтып жүргендіктен, аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Арнайы жолданған аз ғана сыйлықтың өзі адамды қуанышқа бөлейді. Бұл маңда ешкім жоқ. Оқшау тұрған қызыл үйге қарай біреулер келе жатыр.



2—жаттығу.Сөйлемнен жіктеу есімдіктерін тауып, түбірін табыңдар.

Қазақстан – менің атамекенім. Ол- тәуелсіз мемлекет. Оның өз рәмізі бар. Жер көлемі үлкен, бес Франция, он екі Бельгия сыяды. Мен далаға шықтым. Оған сәлем айта бар. Сіздің мұныңыз дұрыс емес. Саған доп алып беремін. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда сирек өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрі бар. Біздің өлкемізде арқар, таутеке, киік көп.



3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңдар.

1.Біз.... кітап оқып отырмыз. 2. «Ертесіне біз.... вагонды сүйреп алып кетті.(С.С.) 3.Ел де, жер де бұлар...... 4.Кітап се.... ақылгөйің, адал досың,өмірлік есті жолдасың.5. Шоқан өзі.... бес жарым ай уақытын Қашқарда өткізді. 6.Жігіт жылқышыларға осылар... айтуға уәде берді. 7. Мұ... ертеңге қалдырма. 8.Бұлар... ойы іске аспады. 9.Әкем әлдекім... бірдеңелер... айтып жатты. 10. " Өзің... бармен көзге ұрып, артылам деме өзге...(Абай). 11.Ешкім... қарсы сөйлеме.



  1. жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңдар.

1.Бұл жерде ....... сырымды білмейді , айтып не етейін? 2.Асқар, Абай, Айгүл - .... біздің үйге келді. 3. Бұл жерде я ---- тұрасың, я .... тұрамын. 4. Меніңше, .... – өте адал адам. 5. Атаңа ... қылсаң, алдыңа .... келер. 6. Ауылдан ..... әжесі келді. 7. Бүгінгі мереке ..... ұнады. 8. Сен де келдің, .... да жетті. 9. Қыран құс баулитын адамды .... атайды? 10. Сабақтан соң .... театрға бардық.

11. Сенің .... жаңалықтарың бар? 12. ...... өлең айтқым келді. 13. .... құлағы естімейді.

Керекті сөздер: бәрі, ол,менің, ешкім,сен, не, қандай, оның,оның, маған, қалай, ол, біз.

5 -жаттығу.Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңдар.

Кейбір адамдар қарсы шыққандай болып еді. Біздің дегеніміз болды. Жылы мен суықтың бәрін көрді. Олар жиналысқа түгел қатысты. Оған ешкімнің дауы жоқ. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Менің айтарым – сол. Біздің ойлағанымыз – сенсің.



  1. жаттығу.Есімдіктерді түрлеріне ажыратыңдар.

Барлық, кейбіреу, біздің. әлдеқашан, өзіміздің, қайда? мыналар, түгел, ешкім, күллі, осы, сонау, солар, маған, біреу, кімде- кім, өзді-өзіне, дәнеңе, ештеңе, әне, сонау, әркім, саған,барша, қанша, қайсы, бұл .

  1. жаттығу. Сөйлемнен есімдіктерді тауып, сұрақ қойыңдар.

Қадірлі достарым. Біз өзімізді қорғаған сияқты орманды да қорғайық. Орманның пайдасын бәріміз де білеміз. Біздің рахат өмір сүруіміз үшін орман ауаны тазалайды. Күн сайын миллиардтаған тонна оттегі бөледі. Ағаш тамырлары тереңге кетеді. Сөйтіп сел болғанда топырақтың жылжуына кедергі жасайды. Сондықтан бәріміз өз ормандарымызды , туған жерімізді қорғайық.

  1. Жаттығу. Сөздерді жұптастырыңдар.

  1. Олар орманды 1. Тыйым салынады.

  2. Сендер орманға 2. Аз жауады.

  3. Біз туған жерімізді 3. Ағаш егіңдер.

  4. Мен орманның 4. Көгалдандырамыз.

  5. Сізге ағаш кесуге 5. Ағаш ектің бе?

  6. Орман болмаса жаңбыр 6. Пайдаларын білмеймін.

  7. Орман 7. Ауаны тазартады.

  8. Сен өміріңде бір рет болса да 8. Қорғасын.



  1. жаттығу. Бос орынға керекті жіктік жалғауын қойыңыз.

Мен қорғай.....

Сен ойлана.....

Сіз тазалай....

Ол өмір сүре алмай.....

Біз орындай....

Сендер ағаш еге.....

Сіздер көгалдандыра ...

Олар тыйым сала....



10-жаттығу.Аударып , көршіңе сұрақ қойыңдар.

Меня зовут ----

Я учусь в .... школе.

Возле школы есть многоэтажные дома и три детских садов.

Классы с казахским и руским языком обучения учатся в две смены.

В школу иду вместе с другом.

После уроков иду домой, помогаю родителям.

Я взял книгу у Саши.

Саше зту книгу дал Андрей.

Родители Андрея живут в Караганде.



  1. жаттығу. Есімдіктердің қандай сөйлем мүшесі екенін сұрақ қойып анықтаңдар.

  1. Біздер олар туралы жақсы пікірдеміз. Маған айтып кетерсің.

Мұғалім сөзін бәрі үнсіз тыңдады. Ешкімге күліп, ешкімді сықақтап керек емес. Мен өзімнен үлкен адамдарды сыйлаймын. Сенің досыңның сүйікті пәндері қандай? Бұл өте қызық оқиға болды. Кейбіреу айтатын адамды тылсым күш басқарады деген рас болар.

  1. Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуына себеп болады. Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды.

Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.

13-жаттығу. Есімдіктерді мағынылық түріне ажыратып, бірінші жақ есімдіктерін екінші жаққа ауыстырыңдар.

Менің Рауза деген қарындасым бар. Мен оны өте жақсы көремін. Далаға жалғыз жібермеймін, Әрдайым қасыма ертіп, ойнатып жүремін. Оған түрлі ойыншықтар жасап беремін. Ол өзі сурет салуды жақсы көреді. Мен оған қағаз, қарындаш беремін. Ол әлденелерді сызып, не салғысы келсе, ақыры соны салып шығады. Раузада барлық аңдардың суреті салынған журналы бар. Ол соған қарап үйренеді. Біз екеуміз өте татумыз.



14-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, есімдіктерді түрлеріне ажыратыңдар.

Біздің еліміз - бай ел. Мына тау қандай биік! Бізде барлық халықтар еркін өмір сүреді. Кейбіреулер үй жұмысые орындамаған. Оның ағасы алыста тұрады. Әлдекім терезе алдынан өткендей болды. Бұл сөзді баршаңа айттым. Соған бола ренжіп қайтесің? Түгел сөздің түбі бір. Ешкімнің ештеңесі кетпес. Бүкіл әлем халқы осыны қалайды.

Етістік.

  1. жаттығу. Берілген естістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңдар.

Ашты, оқыды, тазалады, сүртті, келді, жауап берді?талдады, жариялады, қабылданды, өтті, жасалды.

  1. жаттығу. Негізгі және туынды етістіктерді бөліп жазып, сөз тіркесін ойлаңдар.

Зерттелу, қысқару, әлсіреу,ойлану, келу, жату, тасу, жоғалу,көмектесу,жазу,айту, сөйлеу, аудару, қарау, тігу,күшею,бұрқырау, шаңдату,тазалану, пікірлесу,тарау,сарғаю.

  1. жаттығу. Көшіріп жазып, күрделі етістіктердің астын сызыңдар.

Бұл түнді мен бір бөлек бөлмеде өткіздім. Әуелі мені көбігімді бұрқыратып жуындырып алды. Мына тазалыққа қалай жақындасудың ретін таба алмай, қатты қысылдым. Төбеде тұрған шамды айнала бір қарап шықтым.Мен басымды жастықтан жұлып алып, Шегенің тізесіне салдым. (Ғ.Мүсірепов).

Ақшоқыда күзден бері жазу соңында болған. Мағаш Африкада ніл дария бойындағы бір үлкен істі жыр етіпті. Әйгерім мен Баймағанбетке ол да өзі білетін құпия бір жайын ең алғаш баян етті. (М.Ә.)

4- жаттығу. Сөйлемдегі етістіктерді өздік етіске айналдырып, бір етістікті ауыспалы осы шақта жіктеңдер.

Дәурен ваннаға барып, беті –қолын жуды.Ол беті-қолын сүлгімен сүртті. Ол ішкі бөлмеге барып,киімдерін киді.Айна алдына келіп шашын тарады.Ол кешегі жарыс туралы ойлады.

Мысалы: Дәурен ваннаға барып, жуынды.

5- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шақ жұрнақтарын жазыңдар.

Кітапханадан кітап ал...қ. Кішкентай Ерланның тілі шығ..., былдырла.. сөйле...ді. Әкем машина сатып ал.... Біз саяжайда демал...мыз. Күн суытып адамдар тон ки.... жүр.асқар өзі білетін ертегісін бізге айтып бер... Күн ыстық, жолда шөлде...сің.Қанша күткенмен олар бүгін кел...с. Достарыммен бірге мұражайға бар... едім, бірақ кітапханаға баруым керек. Олар саяжайға алма, алмұрт ағаштарын отырғыз...

6- жаттығу.Төмендегі етістіктерді өткен шақтың түрлеріне қарай бағанға бөліп жазыңдар.

Үлгі: тұрдым – жедел өткен шақ; алып келгенмін – бұрынғы өткен шақ; қыдыратынбыз—ауыспалы өткен шақ.

Тұрдым, алып келгенмін, қыдыратынбыз, айттық, келгенсіңдер, жазыпты, суреттелген, әңгімеледі, айналды, дамытты, үлес қосқан, өткен, болған, жүретін, сыйлайтын, таңдапты, сайлады, жырлаған, баяндалған, киінді, сайрады, күлдіңдер, жоғалып кетті, апарған.

7 – жаттығу. Көп нүктенің орнына ортақ етіс жұрнағын қойыңдар.

Әй, бала, көмекте..іп жіберші. Маған жүктерді көрші балалар тасы...ты. Мен апама үй жина...тым. Жиһазды жоғары қабатқа дейін жабылып көтер...тік. Ақындар үш күн айт..ты.

8- жаттығу. Тиісті жіктік жалғауын қойыңдар.

Біз Қожанасыр туралы кино көрді... Біз әжемнің ертегісін тыңдады... Біз үйге кеш қайтты...Мен базардан екі кило алма сатып алды... Сен есікті сырлады...Олар саяжайға жеміс ағаштарын отырғыза.... Серуенде біз тамақты далаға пісірді...Біз «Абай жолы» романын оқыдық. Сіздер үйде болмады....

9 – жаттығу. Бос орынға керекті қалау рай жұрнағын қойып жазыңдар.

Менің алма шырынын іш.....м келеді. Сенің кешке қыдыр...ң келе ме? Оның кино көрсет...сі келді. Олардың суда жүз...лері келеді. Сенің қандай маман бол...ң келеді?

Менің бар...м келмеді. Оның бізге бірдеңе айт...сы келді ме екен? Қыздың сурет сал... келіп тұр.

10- жаттығу. Екінші сөйлемді толықтырып жазыңдар.

Менің бүгін теңіз жағасына баруым керек, себебі менің жағада ---------- келеді. Бүгін дүкен аралауым керек , өйткені тойға киетін көйлек ------ келеді. Менің салт-дәстүр туралы кітап алуым керек, себебі қазақ дәстүрін ------- келеді. Абай шығармаларын сатып алуым керек, өйткені ақынның өлеңдерін қайта ----- келеді.

11- жаттығу. Берілген етістіктерді келер шақ түрлеріне жіктеңдер.

Айт, сөйле, қыдыр, тыңда, жатта, оқы, әңгімеле, тазала, баста, түсір, аяқта, бітір, жап, ұш.

12 – жаттығу. Оқып, рай түрлерін ажыратыңдар.

Кітап, дәптеріңді орнына салып қой. Қанат бүгін үйге ерте келсін. Балалар, әрірек ойнаңдар. Сөзіңе жығылдым, биеке. Өкпелі жігітке қой берейін, ---депті амалы құрыған бай. Ойыма келген нәрсені жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын (Абай). Ал, қырғилар ,аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік. (Ғ.М.). Істі ерте бастасаң, тез бітіресің. Осы жерден бұрылсаңыз, алдыңыздан шығады. Мал да қорада тұрмай, жайылғысы келеді.

13 – жаттығу. Өзгелік етіс жұрнағының тиістісін қойыңдар.

Сен шетелдік азамататарға қаланы аралат(-тыр-тір). Қонаққа қой сой(-дыр-дір).Тәрбиеші балаларға гүлдің суретін сал(-дыр-тыр) ды. Жексенбіде апам маған еден жу(-дыр-дір)ды.Атасы немересін үйлен(-дір-дыр)іп, арманына жетті. Қонақтар Әлияны билет... ді. Бөлменің жарығын жан... ,---деді анам. Жуылған кірді Зейнепке жай....Ұзын бойлы жігітке үйдің төбесін сыр....Әжем автобусқа билет ал...ды.

14 – жаттығу. Сөйлемде етістіктердің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.

Оқыған білімді болады. Сөзді босқа айтпаңыз.Мен биыл мектепті бітіремін. Біз енді жарысуға кірістік. Білімнің шегі жоқ. Торғай жерге жақындай ұшты. Білгенге маржан, білмеске арзан. Айжан мая қардың арасын едәуір аршып алған кезде түске тармасып қалып еді.(Ғ.Мүсірепов).

Серікбайдан бір-екі адымдай жерде Тұрлықожа жатыр екен. (М.Әуезов).

15-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, есімше, көсемше, етіс, тұйық етістіктерді бағанға бөліп жазыңдар.

Жақын мен алысты жортқан білер. Ол өз ойын айта салды. Ол онымен қатты тартысты. Ынтымақ халықты асырар. Жоғары- төмен үйрек –қаз, ұшып тұрса сымпылдап. Білім -таусылмайтын кен. Оқу – инемен құдық қазғандай. Жел басылып қалған екен. Апам асықпай таранды. Бала өзі киінді. Інімді мен киіндірдім. Жиналыс тоқсан сайын өткізілді. Ертең Атырауға ұшпақпын. Туған жерді көркейт. Бүгін жүргелі отырмыз.

18. Берілген етістіктерге түрлі категориялар жұрнақтарын жалғап, сөз тіркесін құрыңдар.

Жаз, тыңда, қыдыр, аудар, тап, анықта, көрсет,әңгімеле,сөйле.

Үлгі: Айтқан сөзім, айтқалы жүрмін, айтуым керек, саған айтарым, басқаға айтпа. Айт- у; -ып;-қалы;-атын;-пақ;-ар;-қан;-са;-па;-ты,т.б.

Үстеу.

Еске сақта: қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін,себебін, мақсатын білдіреді.

Құрамына қарай: дара:кеше, былтыр,әрең; күрделі: бүгін, қыс бойы, жаздыгүні.

Тұлғасына қарай: негізгі: ертең,бұрын, ең; туынды: балаша, қазақша, зорға, текке.

Мағынасына қарай: мекен үстеу: қайда? Осында, ілгері; мезгіл үстеу: қашан? таңертең, кешке; себеп-салдар:неге? амалсыздан, босқа; қимыл-сын. қалай? әрең , шалқасынан; мөлшер: қанша? сонша, неғұрлым,қыруар; күшейткіш: қандай? ең, тым, аса,нағыз; мақсат: не мақсатпен?әдейі, жорта, қасақана.

1.Сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.

Мені бүгін кешке Тоғжан қонаққа шақырған. Біздің үй өте ыңғайлы орналасқан. Мен Батыс Қазақстанға он күннен кейін жол жүремін. Ертең біз тауға серуенге шығамыз.Бұрын сүйген адамды жек көру қиын екен.

2. Мезгіл үстеулерді тауып, сұрақ қойыңыз.

Мен саяжайда демалғанды жақсы көремін. Біз кеше қызық кино көрдік.Туыстарыммен жиі көріскенді жақсы көремін. Биыл ауа райы өте ыстық болды. Таңертең сабаққа барарда радиоқабылдағышты іске қосамын. Былтыр біздің мектеп оқушылары ҰБТ- ны жақсы тапсырды.

3. Керекті сөздерді қойып, жақшаны ашып жазыңыз.

(Мезгіл үстеу) ауа райы суық болады. Оқушылар (мезгіл үстеу) (мекен үстеу) барып қайтты. Менің досым әрдайым (сын- қимыл үстеу)еңбек етеді. Біз ( мезгіл үстеу) (себеп үстеу) жарысқа бара алмадық. Жанат ( мекен үстеу) ( сын-қимыл үстеу) жүгіріп шықты.

(Мезгіл үстеу) айналадағы адамдар ( сын-қимылүстеу) жиналып қалды.

4. Сөйлемдерді көшіріп, үстеулерді түрлеріне ажыратыңыз.

Олар жоғары көтерілді. Түске шейін оның жанында болды. Ол Отаны үшін жанын қиды.Ол аптығып сөйледі. Оқу үшін қалаға келді. Кеше күн өте суық болды. Біз ілгері жүрдік.Бұл жерге босқа келіппіз. Ол кілең бес алады. Нағыз жігіт екенсің. Әдейі қалаға келдік. Таңертең күн тұман болды. Олар емін –еркін сөйлесе алмады. Не болса да алға жүрдік. Аз өмірінде қыруар іс тындырыпты.

5. Берілген етістіктерді сын-қимыл үстеуімен байланыстырыңыз.

1.Қарай-қарай а) сөйледі

2. Жылдам ә) шаршады

3. Ақырын б) қарады

4. Ойланбай в) жауап берді

5. Ашуланып г) жүрді

6. Күліп ғ) айтты

7. Асықпай д) келді

6. Аударып, жауап беріңіз.

Ты в какой школе учишься? Она новая или старая? Где она расположена? Школа далеко от твоего дома? Что есть возле школы? Что есть с правой стороны школы?

7. Сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.Сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыз.

Кеше қар жауды. Еріншектің ертеңі бітпес. Олар лезде кетіп қалды. Мен онымен көзбе –көз сөйлесе алсадым. Бұл сапарға лажсыздае шықтық. Бала күн ұзаққа үйден шықпады. Ол амалсыздан үйге кетті. Біз бәріміз біргеміз. Талапты бала – талпынған құстай.

8. Туынды үстеулерді теріп жазыңыз.

Әрең, бұлбұлша, ілгері, лезде, тотыдайын, босқа, бірге, шикілей, айтпайынша, шалқасынан, жаздыгүні, биыл, ертең, қазір, нағыз, амалсыз, осында, ең, көзінше, осыншама, қыстай, текке, баяғыда, тосыннан.

9. Сөйлемдердені үстеулерді тауып, қай түрі екенін анықтаңыз.

Мысалы: Таңертең – күрделі үстеу.

Біз бүгін келдік. Мен қазақша білемін. Олар алға қадам басты. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған. Бұны жорта шақырыпты. Сыныпта ең алғыр оқушылар қалыпты.Есік шалқасынан ашылды.

10. Берілген үстеулерді аударып, мағыналық түріне ажыратыңыз.

Алға, әрең, қасақана, ертең, ілгері,әдейі, бүрсігүні,қыруар,өте,қолма- қол, нағыз,былтыр, орысша,кұндіз, шалқасынан, зорға, кеше,тездет,ала жаздай, ерте-кеші, таңертеңнен.

11.Көп нүкте орнына тиісті үстеуді жазыңыз.

Мен ....... сөйлей аламын. Әнші ...... сайрады. Шегіртке ..... ән салды. ...... күн ұзақ. Оқушылар ..... емтиханды өте жақсы тапсырды. Олар мұны .... жасапты. Пойыздан ..... түсіп қалдым. Ол ........ бері демалған жоқ.

( биыл, жорта, әдейі, бұлбұлша, таңсәріден, қазақша, ала жаздай)

Шылау.

Еске сақта: сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. 3 түрі бар.

1. Жалғаулық шылау: бірдей сұраққа жауап беретін сөздер мен бірдей тұлғаларды байланыстырады. Мағынасына қарай 6 түрі бар:

А).Ыңғайластық. және, әрі, мен, бен, пен,да,де,та,те.

Ә) бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, әйтседе, әйткенмен.

Б)Талғаулы мағына : я, я болмаса, немесе, әлде, не.

В)Кезектестік мағына : бірде, біресе, кейде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет