Г)Себеп –салдарлық мағына: себебі, өйткені, сол үшін, сондықтан, сол себепті.
Ғ) Шартты мағына: егер, егер де.
2. Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана қолданылады.
А) Атау с. Туралы, сияқты, тәрізді,үшін, сайын, арқылы, жайлы, шамалы, шақты,жөнінде.
Ә) Барыс с. Қарай, таман, жуық, тарта, жақын,дейін ,шейін.
Б) Шығыс с. Соң, кейін, басқа, гөрі,әрі, бұрын, бетер, бері.
В) Көмектес с. Бірге, қатар, қабат.
3. Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек қосымша мағына үстейді.
А) Сұраулық: ма, ме, ба, бе,па, пе,ше.
Ә) Күшейткіш : –ақ, -ау, -ай,да,де,та,те.
Б) Белгісіздік : –ау, -мыс- міс
В)Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.
Г) Шектік: ғана, тек-ақ.
Ғ) Нақтылау: -ды,-ді, -ты,-ті, қой, ғой.
Бос орынға керекті шылауды жазыңыз.
Мұрат -------- ойланады, ----жазады. Абай --- ақын, -----сазгер. Сәкен --- Ілиястың, Бейімбет ------ Жүсіпбектің , Мағжан --- Ахметтердің қалдырған мұралары ешқашан ұмытылмайды.
Отансүйгіштікті ---, ұлтжандылықты ---, сұлулықты --- Мағжан өлеңдерінен табуға болады. Мен өскенде --- суретші, ---- сазгер боламын. Мен бұл кітапты оқығанда ---- қайғырып, --- қуанып отырдым.
Керекті шылаулар: не, әрі, да-де , мен.
Демеулік шылаулары бар сөйлемдерді табыңыз.
Енді үйді таба аласыз ба? Сапарың сәтті болды ма? Осы сен-ақ шаршатып бітірдің. Бұл туралы білеміз. Жібек жолы Самарқанд, Бағдат қалалары арқылы өткен. Қыста және көктемде күн суық болады. Үйге кірген сол-ау деймін. Жаңбыр жауып кетсе ше? Олар кеше ғана кетті. Ертеде бір әулие болыпты-мыс. Сен түгіл мен де білмедім. Бұл істі я сен істе, я мен істейін.
Керекті септеулік шылауларды жазып, бұйрықты сөйлемдерді табыңыз.
Мен сенімен ---- барамын. Сабақтан --- теңізге барайық. Ә.Қашаубаев Париждегі концерттен --- Еуропаға белгілі болды. Мұның бәрін өзіміз --- жасайық. Ол Шоқан Уәлиханов ------ әңгімелесін. Қалаға ---- біраз бар. Сыныпта отызға ---- бала бар екен.
Жыл --- Астанаға барайық. Мен --- келсін.
Керекті шылаулар: сайын, үшін, туралы, бірге, соң, жуық, дейін.
Шылауларды түрлеріне ажыратып жазыңыз.
Үшін, ғана, қой, сияқты, туралы, және, әрі, сайын, ше, мен,дегенмен, сондықтан, бірақ, түгіл, мыс, біресе, я болмаса, бұрын,гөрі, таман,қабат,қатар, бері,себебі, ба, ақ, ау,тұрмақ.
Шылау қатысқан сөйлемдерді тауып оқыңыз.
Оның ойлағаны болды, бірақ мәселе шешіле қоймады. Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.Балам-ау, қалың киіміңді кисеңші. Ол кеше көп ойнаған, сндықтан бүгін демалды. Бұл оқиға жазда болған. Бүгін ерте келдік. Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды.
Шылауларды емлесіне сай жазып, тыныс белгісін қойыңыз.
Шіркін, сыбызғы ай. Ақан серінің есіне Көкжендет түсті. Қаршығаның қыраны еді ау. Бірдеңеге асығыс жауап беру мұның әдетінде жоқ ты. Ол осылай айтыпты мыс.
Жақшаны ашып, емлеге сай жазыңыз.
Күндізгі жаңбыр(мен) ернеуін керіп кетен өзен толқыны үңгірдің аузын етегі (мен) сипап кетіп жатыр. Талпынам(да), ұмтылам(да) , бірақ алдым тұйықтала береді. Інісі жақсы қандай(ды), дұшпаның көзін салмай(ды). Кешке( таман) барып қалармыз. Бұны жазған Самат (ау) деймін. Ертеректе бір әулие кісі болыпты(мыс). Жиналысқа қатыстың (ба?)
Сөйлемдерді оқып, септеулік шылаулардың түрін ажыратыңдар.
Қалаға дейін атпен, одан әрі машинамен жүремін. Көптен бері ағамнан хаьбар жоқ. Мен сен туралы көп ойладым. Шынында, сен жайлы өте аз білемін екен. Бір нәрсе жасаудан бұрын ойлану керек. Кезекте сізден кейін тұрамын. Мына есік кіру үшін, ал ана есік шығу үшін. Өзеннен көпір арқылы өттік. Біз жарқабаққа қарай жүріп келеміз. Қалаға шейін әлі біраз жер бар.
9. Берілген сөйлемдерді шылау түрлеріне қарай топтап жазыңыз.
Одан бұрын хабарды жеткізіпті. Қайық аударылып, адамдары суға батады – мыс.
Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды. Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.
Жайдақ суды ит те, құс та ішеді.Бірде зәрлі, бірде назды нақышпен айтып шықты.Ол үйіне ерте келген-ді.Қоңырау соғылып қалса ше? Бүгін ерте келдік, бірақ жарыста қалып қойдық. Ертеңге дейін барып қалармын.
10. Сөйлемдер ішіндегі жалғаулықтарды бөлек, септеуліктерді бөлек, демеуліктерді бөлек теріп жазыңыз.
Сабақтан соң біз театрға бардық. Ертең сабақ не өз кабинетімізде, не қазақ тілі кабинетінде болады. Біресе қар аралас жаңбыр жауады, біресе жел көтеріледі.
Боран соқты, бірақ біз сапарымызды жалғастырдық. Сыпайы болу керек, өйткені ол мәдениеттің белгісі. Біз ертең демаламыз, сендер демаласыңдар ма? Ойпырмай, күннің суығын-ай. Қоңырау соғылды да, оқушылар үзіліске шықты.Қаланы айналдыра қорған салынған және оның ұзындығы үш шақырымдай болған. Сен түгіл, өзіме де жоқ.
Біз Мағжан туралы оқыдық. Күн сайын теледидардан жаңалық қараймын. Ол менен гөрі пысықтау. Бұдан әрі төзе алмаймын. Автобуспен қатар такси де тоқтады. Қазақстанда сақталған ежелгі қалалар -- Түркістан мен Тараз ғана. Бір кездері құм астында небір қалалар болыпты –мыс. Оңтүстік ауа райы жылы, сондықтан егіншілік кәсібі жақсы дамыған.
16. . Зат есімнен кейін тиісті шылауды жаз.
Емтиханнан --------- демалыс басталады. Такси үйге ---- апарады. Мектеп ---- керекті жабдықтар сатып алдық. Абай ----- көп оқыдым. Аялдамаға ---- жаяу жүрдім. Астан --- бата берілді. Бала теңізге ------ кетті. Алгебрадан ----- физиканы ұнатамын.
Еліктеу сөз.
Еске сақта: әр түрлі дыбысқа , құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін(образ) елестету.
Құрамына қарай: дара: тарс, күмп, жалт; күрделі: қыбыр-қыбыр, ыржаң-ыржаң.
Тұлғаына қарай: негізгі: күрс, селк,мырс; туынды: қисаң, елпең, селпең, борбаң.
Мағынасына қарай: еліктеуіш – түрлі дыбыстарға еліктеу. Мысалы: сарт, сұрт, қарқ, гүрс, салдыр, шылдыр, түсір, дүсір, тасыр, тақ-тақ, шаңқ, қаңқ, баж, шырыл.
Бейнелеуіш- көру арқылы сипаттау. Мысалы: маң- маң, жалт- жұлт, жарқ-жұрқ, борс-борс, борбаң, маймаң, күрт, селтең-селтең, томпаң- томпаң.
Сөйлемдерді жазып, еліктеу сөздердің сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айтыңыз.
Алыстан бір суыл естілді. Сонда ірімшік жерге салп етті. Алдымыздан шаң бұрқ ете түсті. Шоқ қамыстың арасынан жасыл ұшқын жарқ етті. Ала мысық баж етіп, тұра қашты. Аюша маймаң- маймаң етіп жүреді. Жыланның үніндей ыс-ыс еткен дыбыс шықты.
Бастауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
Жақсы -- ісімен жақсы. Мұражай қашан ашылады? Мектеп жақтан біреу келе жатыр. Біз бірлікті ойлаймыз. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар. Сегіз оқушы кешігіп келді. Мынау – жеке дауыс. Үшеуі жамырай сәлем берді. Бұл – үлкен табыс.
Ол Көкшетаудағы Бурабайда орналасқан. Балалар тез үйлеріне қайтты.
Бейнелеуіш сөздерді бөліп жаз.
Тарс-тұрс, желп-желп, жымың-жымың, селк, салдыр-гүлдір,тық-тық,жыбыр-жыбыр, елпең-елпең,ақсаң-ақсаң, жалт-жұлт,қорс-қорс,зу-зу, қорбаң-қорбаң, маймаң, маң-маң.
4.Анықтауыш қызметінде тұрған еліктеу сөзді тап.
Үзеңгінің де сыңғыр-сыңғыр үні тыйылған.Қар жұлдыздары жылт –жылт етеді.
Пыш –пыштарыңды қойыңдар. Ығы –жығы адамнан ештеңе көрінбейді.Сылқ-сылқ күлкі естіледі. Ит дүрс сұлап түсті.
5. Еліктеу сөздерді табыңдар.
Мойны үзілген қаз тастай зымырап, өзенге гүмп береді. (М.М.) Жиренше күйініп қамшысын таянғанда,қамшының сабы шарт сыныпты. «Шешендік сөздер» кітабы.
Есік сыртынан шаң –шұң дауыстар естілді. Қарға қарқ етті. Қоңырау сылдыр –сылдыр етіп, балаларды мектепке шақырды. Қыз шолпысы сыңғыр етті.
Бұлт ашылып, күннің көзі жарқ етті. Ол мырс етіп күліп жіберді. Елбең –елбең жүгірген, ебелек отқа семірген. Желп – желп еткен ала ту, жырып алар күн қайда?
Одағай.
Еске сақта: дербес мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын, адамның көңіл –күйін білдіретін немесе жануарларға қарай айтылатын сөз.
Мағынасына қарай: көңіл-күй : алақай,әттең,шіркін;
жекіру: тәйт,жә, тек;
шақыру: аухау-аухау, шөре-шөре.
Қайсысы еліктеуіш, қайсысы одағай бөліп жазыңдар.
Ағараңдайды, мырс-мырс, тарс, паһ-паһ,қап, әттең, шұбалаңқы, жалт, шаңқ, пәлі, шіркін, шәйт, тәйт,алақай, құрау-құрау,моһ-моһ.
Жекіру одағайын шақыру одағайынан бөліп жазыңыз.
Борт, гу, құрау-құрау, жә, тек, шөре, пұшайт, сылқ-сылқ, ажыраң, кәуіс, кә, тәйт, қой, бәрекелде.
3. Одағайы бар сөйлемнің астын сыз.
Құммен аршылған ескі күмістей жарқ-жұрқ етеді. Япырау, қайда сол күндер! Жылт –жылт етеді, жылғадан өтеді. Далада үп еткен жел жоқ. Паһ-паһ ,неткен дауыс! Мәссаған, мынаны қара. Алақай, апам келді! О, жоғары шық, бала. Әттең, ағам болса ғой. Қап, ойбай-ай, ұмытып кетіппін!
Бастауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз.
Қазақ дауылпаздарының дүңкілі кең дала үстінен қалықтай жөнелді. Төңірек тым-тырс болып тына қалды. Қазақ бұрқ-сарқ қайнады. Беу, қарағым-ай, айтпадың ба? Құлағына ат тұяғының дүрсілі естілді. –Сауға!- деді саңқ етіп. Ол е сіктен ақырын аттады.
Көп нүктенің орнына тиісті одағайды жазыңыз.
.........! Достар түгел жиналыпты. 2. ............., қасымда ағам болғанда ғой.
3. ........ ,қоңыр қозым. 4. ......, қандай тамаша гүл! 5. ....., ......! батыр болсаң Қабанбайдай бол!
6. Одағайды бөлек, қыстырма сөзді бөлек жаз.
Амал қанша, арадан ерте кетті. Шіркін, балам мені қуантса. Шынында, оның айтқаны дұрыс еді. Ойпырмай, бұл не істегені?! Қап, кетіп қалғаны-ай. Есік дүрс қағылды. Мен, бәлкім, қателескен шығармын. Ойбай!—деді Жарғақбас.
Япыр-ай, келсе болар еді. Қысқасы, енді мұны қою керек. Бүгін ,сірә, жаңбыр жауар. Меніңше, бәрі дұрыс сияқты. Бала тәрбиесі, біріншіден, бесіктен басталады. Пәлі, мұнда екенсіңдер ғой.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы.
2. Т. Әбдіғалиева
Н.Оралбаева Практикалық қазақ тілі.Алматы. « Ана тілі» 1993
Б.Шалабаев
3.. И.Кубаева Қазақ тілі. Алматы. 2007
4.. Шың кітап. Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық – тест.
Достарыңызбен бөлісу: |