253
саусақпен басып, тамырдың соғуын анықтауға болады. Тамырдың соғуы
арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.
2. Отырып, өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар. 1 ми нуттағы
жүректің жиырылу санын санаңдар.
3. Тұрыңдар және 1–2 минуттан кейін
тұрған кездегі тамырдың
соғуын есептеңдер.
4. 20 рет отырып, тұрыңдар. Сосын тамырдың соғуын са наңдар.
Кестені
дәптерге сызып алып, барлық алған деректеріңді жазыңдар
.
1
минуттағы тамырдың соғу саны
Тыныш күйде
20 рет отырып,
тұрғаннан кейін
Отырған
кезде
Тұрған кезде
қорытынды жасаңдар.
Жүректің жиырылу санының неліктен
өзгергенін түсіндіріңдер.
№8зертханалықжұмыс
өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу
Жұмысмақсаты:
өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар:
сұйық, ауа немесе электрондық спирометр.
Жұмыс барысы
1. Спирометр жұмысымен танысыңдар.
2. Отырып, барынша терең тыныс алыңдар. Спирометрге бүкіл деміңді
шы ға рыңдар.
3. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді дәптерге жазыңдар.
4. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді анықталған нормамен салыстырыңдар.
Өз өкпелеріңнің функциялық даму деңгейі туралы қорытынды жасаңдар.