98 Адамның және басқа да сүтқоректілердің жүректері төрт бөліктен
тұрады: екі қарынша (оң жақ және сол жақ) және екі жүрекше (5-кес-
те). Жүрек те қан тамырлары сияқты үш қабаттан тұрады. Сыртқы
жұқа дәнекер қабаты –
перикард – жүрек қабын түзеді. Жүрек пен
жүрек қабының арасында аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін
жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Ортанғы қабат
мио- кард деп аталады. Ол ерекше
көлденең жолақты бұлшық ет қабатынан
тұрады. Оның
жасушалары бірігіп тұтасып кеткен (қаңқа бұлшық етінен
айырмашылығы). ішкі қабаты –
эндокард – қанмен үйкелісін азайтатын
тегіс эпителийден тұрады (54-сурет).
Жүрек үздіксіз жиырылып, босаңсу арқылы қанның қан тамырлары
бойымен қозғалысын қамтамасыз етеді.
5-кесте.