Сүйектің химиялық құрамы. Сүйек-
тер органикалық жә не бейорганикалық
заттардан тұрады. Бейорганикалық заттар
(кальций тұздары) сүйекке беріктік және
қаттылық қасиет береді. Органикалық
заттар (
оссеин нәруызы) сүйектің сер-
пімділік, эластикалық және иілгіштік
қасиетін арттырады. Бала ағзасында
органикалық заттар көп, сондықтан
олардың сүйектері эластикалық және
серпімді. Балаларды 4–7 жас тан бастап
балет және цирк мек теп терінде, сондай-
ақ спорт секцияларына алады. Жас өскен
сайын сүйек құрамында органикалық
заттардың мөлшері азаяды. Сүйек иілгіш-
тік қасиетін жояды
.
71-сурет.