158
және көру гигиенасының басқа да бұзылуы кезінде пайда болады. Ол
кезде алыстағы заттар бұлыңғыр болып көрінеді.
Жас өскен сайын көру қабілеті өзгереді. 45–50
жастан кейін көз-
бұршақ эластикалығының азаюы салдарынан жақыннан көру қабілеті
нашарлайды (90,
ғ
-сурет). Бұл кезде сәулелер
тор қабықтың сыртында
шоғырланады. Алыстан көргіш адамға жақында тұрған заттар бұлыңғыр
болып көрінеді.
Аккомодация бұзылған кезде линзасы әртүрлі көзәйнек қолда нылады.
Жақыннан көргіштік кезінде бейнелер торлы қабықта емес, оның алдын-
да қалыптасады. Сондықтан екі жағы ойыс шашырататын линза (кө з-
әйнек) қажет. Алыстан көргіштік кезінде бейне тор қабықтың сыртында
қалыптасады. Сон дық тан екі жағы дөңес жинақтаушы линза керек.
Дальтонизм–
түсті ажырата алмау – тұқым қуалайтын ауру. Көбінесе
ондай адам қызыл және жасыл түсті, кейде жеке түстердің реңдерін
ажырата алмайды.
Конъюктивит
– көздің кең таралған жұқпалы ауруы. Бұл сілемейлі
қабықтың – қасаң қабықтың жоғары қабатының бактериялық қабынуы.
Конъюктивитке жұқпадан басқа көздің ластануы:
оған шаң-тозаңның,
құмның, қоқымның және т.б. түсуі де себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: