§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі Мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және
жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Гаплоидты және диплоидты, митоз және мейоз, гаметалар және зигота дегеніміз не? Олардың арасында қандай байланыс бар? 6-параграфтағы мате- риалдарды еске түсіріп, мүктер мен қырықжапырақтардың ерекшеліктерін айтыңдар. гаметофит және спорофит . Споралы өсімдіктер – мүктер мен қырық-
жапырақтардың тіршілік циклі екі фазадан тұрады: спорофит және га-
метофит.
Спорофит – өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ. Бұл –
өсімдіктердің спора түзу сатысы. Спорофит – әрқашан диплоидты, ал
споралар әрқашан гаплоидты болады. Сондықтан споралар мейоз жо-
лымен түзіледі. Спорофит – аталық пен аналықтың (сперматозоид және
жұмыртқа жасушасы) қосылуынан пайда болған зиготадан түзіледі.
Сондықтан спорофит жасушаларында хромосоманың жиынтығы екі есе-
ленген болады.
Гаметофит – өсімдіктердің тіршілік циклін дегі жынысты ұрпақ.
Бұл сатыда гаметалар түзіледі. Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты,
гаметалары жасушалардан митоз жолымен түзіледі. Гаметофиттердің өзі
гаплоидты споралардан пайда болады.