Ф.М. Мұхамедқалиев баға жетпес үлес қосты.
Ол төтенше жағдайларға бейімделген жануарлардың жаңа типтерін,
сондай-ақ асыл тұқымды қойшаруашылығын да зиготалардың транс-
плантациясы үшін маңызы зор бейім делу (адаптация) және микроэволю-
ция мәселелерін зерттеді. Ф. Мұхамедқалиев атын дағы Биотехнология
және жануарларды өсіру ғылыми-эксперименттік
орталығында зиготалар мен эмбриондар селек-
циясының әдістері, олардың трансплантация
кезінде тірі қалуын арттыратын әдістер, гамета-
лар мен эмбриондардың крио консервациясының
әдістері жасалды. іргелі зерттеулер қашық (алыс-
тан) түраралық шағылыстыру (гибридизация)
негізінде Қазақстан жағдайларына бейімдел ген
қойдың жаңа қолтұқымын (қазақ арқармериносы)
шығаруға мүмкіндік берді. Бия зы жүнді жабайы
саулықпен Тәңіртау тауларында тіршілік ететін
арқармен бұдандастырудан жаңа қолтұ қым –
арқармериносты алды. Бұл – қазақстандық
ғалымдар И. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Жандер-
кин т.б. ұзақ жылғы еңбектерінің жемісі.
Қазақтың биязы жүнді қойы – 1934–1946
жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым
В. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды
(107-сурет).