Сиырдың асқорыту жүйесі басқа сүтқоректілер, соның ішінде
адамдағы сияқты мүшелерден тұрады. Ол асқорыту бездерінің үш типі:
сілекей ,
бауыр және
ұйқы безі . Асқорыту жолына
ауыз, жұтқыншақ, өңеш,асқазан мен
ішек кіреді. Басқа күйіс қайыратын жануарлардағы
сияқты сиырдың асқорытуының ерекшелігі асқазанының құрылысына
байланысты. Оның асқазаны әртүрлі төрт бөлімнен тұрады (32-сурет).
Ең үлкені бірінші бөлім –
үлкен қарын (месқарын). Жайылып жүрген
сиырдың жеген шөбі үлкен қарынға түседі. Онда келесі екі бөлімдегі
сияқты өсімдік жасұнығын қорытуға көмектесетін бактериялар мен бір-
жасушалылар көп болады.
Тойған сиыр (үлкен қарнын толтырып) «күйіс қайырады». Осы
кезде бактериялар арқылы жартылай қорытылған шөптің кішкентай
Жұтқыншақ
Өңеш
Жемсау
Қарын
Ауыз
Iшек
31-сурет.