180
Білу және түсіну:
1. Бұлшық еттердің бақылаусыз жиырылуы, тері саңылауларының жабы-
луы мұның бәрі ненің нәтижесі екендігін анық таңдар.
2. Күнделікті ең кем дегенде 700 м жүгіріп жүрген адам реті келгенде
автобустың артынан жүгірген адамға қарағанда 3
км-ді жеңіл және
жылдам бағындыра алуының себебін түсіндіріңдер.
қолданылуы:
1. Тері арқылы қанша жылу бөлінеді?
2. Тері жылу реттеудің қандай және қанша түрін жүзеге асырады?
Талдау:
1. Біздің денемізде жылу түзілудің себебі неде? Оған қандай мү шелер
қатысады?
2. Температураның ең қолайлы көрсеткішін атаңдар.
Синтез:
1. Жылу реттеуде қан қандай қызмет атқарады? Жалпы си пат тама
беріңдер.
2. ыстық ауа райында теріде қанша пайыз қан болуы мүм кін?
Пікірталас:
Денені шынықтыру адам өмірін ұзартуға қалай септігін тигізеді?
Талқылаңдар. Неліктен суықта тіршілік ететін ағзалар төмен темпе-
ратураны, ал ыстық климатта тіршілік ететіндер жоғары температу-
раны жеңіл қабыл дайды?
181
10-бөлім. КөБею
§45. Митоз және мейоз, олардың биологиялық маңызы
Тірі ағзалардың тіршілік
әрекетіндегі митоз бен
мейоздың маңызын түсіндіру
Жасушалық цикл дегеніміз не? Тірі ағзаларда хромосоманың қандай
жиынтықтары кездеседі? Хромосомалардың гаплоидты және диплоидты
жиынтықтары не үшін керек? Олар қандай жасушаларда кездеседі?
Митоз және мейоз.
Жасуша бөлінуінің екі түрі бар:
митоз
және
мейоз
.
Митоз жолымен
біржасушалы да, көпжасушалы эукариоттардың барлық
дене жасушалары бөлінеді. Митоз кезінде түзілген жас жасушалардың
хромосома
саны өзгермей, аналық жасушаның хромосома санымен
бірдей болып өзгеріссіз қалады. Бір аналық жасушадан екі жас жасуша
түзіледі, олардың хромосома саны аналық хромосома санымен бірдей бо-
лады. Аналық жасушаның хромосома саны гап лоидты немесе диплоидты
екендігіне қарамастан жаңадан түзілген жас жасушалардың хромосома
саны аналықтың хромосома санымен бірдей болады. Егер де
бұл жасу-
шалар
митозжолымен
бөлінетін болса, міндетті түрде хромосома саны
аналықтың хромосома санымен бірдей екі жас жасуша түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: