А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет149/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Мүктердің көптүрлілігі:
1
– көкек мүгі; 
2
– сфагнум магелландық;
3
– маршанция; 
4
– антоцерос;
5
– жапырақсыз мүк
1
3
2
4
5


191
тәрізді гаплоидты, жапырағы және сабағы бар жасыл түсті мүктер – га-
метофит дамиды. Алдымен спорадан өскінше пайда болады. Бұл – жіп 
тәрізді жасыл балдырға ұқсас бірнеше жасушалар. Содан соң жасушалар 
санының артуынан мүктердің денесі түзіледі. Ересек мүктердің денесінде 
гаплоидты жиынтықты аталық және аналық жыныс жасушалары – га-
металар түзіледі (18-суретті қараңдар). 
қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклі. 
Қырық жапырақ-
тәрізділер – өткізгіш ұлпалары жақсы жетілген жоғары сатыдағы 
өсімдіктер. Мүктерге қарағанда қырық жапырақтәрізділердің артық шы-
лығы тіршілік цик лінде спорофиттер дамиды, яғни жапырағы мен 
сабағы бар қырық жапырақтәрізділердің ересек ағзалары диплоидты жа-
сушалардан тұрады (103-сурет). Ди плоидты қырықжапырақтәрізділердің 
жапырағының астың ғы жағында спорангийлердің жиынтығы – сорустар 
дамиды (103-сурет, 2). Оларда мейоздың нәтижесінде гаплоидты спора-
лар түзіледі. Пісіп-жетілгеннен кейін спорангийлерден (3) шашылған 
споралар өнеді (4). Өнген спорадан өскінше деп аталатын гаплоидты га-
метофит түзіледі. Өскіншенің жасушасы гаплоидты болады, себебі олар 
103-сурет. 
Қырықжапырақ және оның даму айналымы:
1 – қырықжапырақ; 2 – жапырақ 
астындағы спорангийлері; 3 – спорангийдiң ашылып, споралардың шашылуы; 4 – споралардың 
өнуi; 5 – өскiнше: өскiншеде түзiлген аталық (5
а
) және аналық (5
ә
) жыныс мүшелері; 6 – пiсiп-
жетiлген өскiншеден дамыған жас қырықжапырақ
ә


192
гаплоидты спорадан дамиды. Гаметофит – мөлшері 1 мм болатын, жа-
сыл түсті, жүрек пішінді (5) қырықжапырақтың өскіншесі. Гаметофитте 
жапырақ та, сабақ та болмайды, бірақ төменгі жағында ризоиды бола-
ды. Ризоидтың жан-жағынан жыныс жасушалары: аталық спермийлер 
(ә) мен аналық жұмыртқа жасушалары (а) түзіледі. Гаметалар гапло-
идты болады, олар митоз жолымен өнген гаметофит жасушаларынан 
түзіледі. Жыныс жасушалары түзілгеннен кейін ұрықтану жүреді. Ол 
үшін аталық спермийлер жұмыртқа жасушаларына жылжып барып 
онымен қосылуы керек. Қозғалатын аталық гаметалары бар мүктер мен 
қырықжапырақтәрізділердің спермийлері жұмыртқа жасушасына жетуі 
үшін су қажет. Сондықтан мүктер мен қырықжапырақтәрізділер ылғал 
жерде өседі. 
Ұрықтанғаннан кейін 
диплоидты­ зигота
– жұп хромосомалы 
ұрықтанған жұмыртқа жасушасы түзіледі. Оның жасушалары митоз жо-
лымен бөліне бастайды, жас қырықжапырақтәрізді өсімдік түзіледі (6). 
Спорофит,­өсінді,­гаметофит,­өскінше,­гаплоидты,­диплоидты,­
гаметалар,­зигота.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет