А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жынысты көбеюдің түрлері мен оларға сипаттама



Pdf көрінісі
бет145/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Жынысты көбеюдің түрлері мен оларға сипаттама. 
1. 
Партеногенез дегеніміз – ұрық танбаған жұмыртқа жасуша-
сы нан ұрықтың дамуы.
Бұл кезде ұрықтану үдерісі жүрмейді, яғни 
гаметалар қосылмайды. Аталық жыныс жасушалары – сперматозоид-
тар бұл үдеріске мүлдем қатыспайды. Сондықтан партеногенез кезінде 
тек аналық белгілердің ұрпақта қайталануы орын алады. Жануарлардан 
осындай жолмен паразит құрт тардың дернәсілдері пайда болады. Пара-
зит құрттардың ана лық тары иесінің ағзасының ішін де болатындықтан 
ол жерде ата лықпен қосылу мүмкіндігі жоққа тең. Аналық ағзада 
дернәсілдері ұрық танбай-ақ пайда болады. Омырт қасыздардан партеноге-
нез жолымен биттердің жазғы дернәсілдері, дафния (ұсақ шаянтәрізділер) 
және ара лардың аталықтары пайда болады.
100-сурет.
 Гидраның бүршіктенуі


186
2. 
Ұрықтану дегеніміз 
– жыныс гаметалары: 
сперматозоид пен жұ мыртқа жасушаларының 
қо сы луы. Ұрықтану өсімдіктерге де, жа нуар-
ларға да тән үдеріс. Ұрық танудың екі түрі бар: 
өздігінен ұрықтану және айқас ұрықтану. Өзді-
гінен ұрықтану тек қосжынысты (гер мафродитті) 
ағ заларда жүреді. Ол партеногенез сияқ ты 
көбінесе паразит жа нуарларда (қа рама-қарсы 
жынысты серіктес кез дестіре алмайды) болады.
Бірақ көптеген паразитті қос жынысты 
(гермафродитті) жануарлар да өздігінен ұрықтану 
жүруі мүмкін емес. Бір жануардың ағзасында 
аналық жұ мыртқа жасушасы мен аталық спер-
матозоид түзілгеніне қарамастан ешқашан өзді-
гінен ұрықтану жүр мейді.
Бұл құбылысты жауынқұрттан көруге бо ла-
ды. Қысқы тыныштық тан кейін көктемде бел- 
сенді түрде ұрық тар пайда бола бастайды. Со-
дан соң жауынқұрттар жұп құрады, сөйтіп, 
өзара аталық гаметалары бар сұйықтықтарымен 
алмасады. Демек, әр жауынқұрт екінші бір 
жауынқұрттың аталық гаметаларын алып, 
өздерінің аталық гаметаларын соларға береді. 
Содан соң барлық жауынқұрттар аналық құртқа 
айналады (шамамен 7–10 күннің ішінде), олар-
да ұрықтары бар сұйықтық жұмыс істеуін 
тоқтатады да, аналық жұмыртқа бездері белсенді 
түрде жұмыс істей бастайды. Түзілген аналық 
жұмыртқа жасушалары екін ші жауынқұрттан 
алынған спермамен ұрықтанады. Жауынқұрт 
өзді гінен ұрықтана алмайды. 
Осылай генетикалық жағынан түрлі ұрпақ-
тар пайда болады. Со ны мен бірге әрбір ұрпақ өз 
ұрпағын қалдырады. Демек, тек ана лықтары ғана 
емес, барлық жауынқұрттар ұрпақ қалдырады. 
Сонымен, айқаспалы ұрықтану ар қылы кейбір 
ішекқуыстылар, бауыр аяқты ұлулар және т.б. 
кө бейеді. Омыртқалы жануарлардың ішінде 
қосжыныстылары өте сирек кездеседі, ал олардың 
өздігінен ұрықтануы мүлдем мүмкін емес. 
1
2
3
4
5
6
7
101-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет