А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жемісі  (ерекшелігі) Гүлі  (ерекшелігі) қорытынды



Pdf көрінісі
бет191/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

249
Жемісі 
(ерекшелігі)
Гүлі 
(ерекшелігі)
қорытынды:
күрделену – эволюция барысында өсімдік бөлімдерінің 
жетілу үдерісін дәлелдеңдер. 
№4­зертханалық­жұмыс
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер 
 
кластарының белгілерін зерттеу 
Жұмыс­ мақсаты
: нақты өсімдіктің қандай класқа жа татынын 
анықтауды үйрену. 
Құрал-жабдықтар
: дара жар нақты және қосжарнақты өсімдіктер 
өкілдерінің ірі тұқым дарының жиынтығы мен кеппеөсімдік материал-
дары. 
Жұмыс барысы
1. Берілген өсімдіктердің тұқымдарын қараңдар, олардың қабығын 
алып тастаңдар. Оларды екі жарты бөлікке бөлуге бола ма? Анықтаңдар.
2. Берілген өсімдіктердің әрқайсысының кеппеөсімдігін қараңдар. 
3. Жапырақ, тамыр жүйесінің типі, жүйкелену типі сияқты 
құрылысын анықтаңдар. 
4. Гүлдерінің құрылысына қараңдар. Гүл бөліктерін санаңдар. 
Тостаған жапырақшалары бар ма? 
5. Жасаған бақылаулар негізінде өсімдіктердің гүлді өсімдіктердің 
белгілі бір класқа жататыны туралы қорытынды жасаңдар. 
6. Гүлді өсімдіктердің екі класының негізгі айыр машы лықтарын 
белгілеп, кестені дәптерге сызып алып тол ты рыңдар.
Даражарнақ тылар 
класы 
Белгісі
Қосжарнақ тылар 
класы 
Тұқымдағы тұқымжарнағының саны 
Тамыр жүйесінің типтері 
Жапырақтарының жүйкелену типтері


250
Жапырақтарының типтері 
Тостаған жапырақшаларының болуы
Гүл бөліктерінің еселенуі 
Камбий және сүрегінің болуы 
Тіршілік формалары
қорытынды: 
қарастырған өсімдіктердің кластарын дұрыс анық-
тағандарыңды дәлелдеңдер. 
№5­зертханалық­жұмыс
Азық-түлік құрамындағы
 
С дәруменін анықтау
Жұмыс­мақсаты
: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың 
қарапайым әдістерін меңгеру. 
Құрал-жабдықтар
: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, 
апельсин, картоп шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе 
коллоид
1
, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.
Жұмыс барысы
1. Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйыңдар. 
2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл-
ден құямыз. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырамыз. 
3. йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз. Енді осындай йодтың 1 мл-іне 
0,875 мг 
С
дәрумені сәйкес келеді. 
4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға 
тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар. Жұмсалған 
йод мөлшерін мұқият санап алыңдар. 
5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йод-
тың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына 
дәлел. Әр сынауыққа неше миллилитр йод жұмсалғанын жазыңдар.

Крахмал суспензиясын мұғалім алдын ала дайындап қояды. Оны бір апта 
сақтауға болады.


251
6. йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод 
мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері 
туралы қорытынды жасаңдар. 
7. Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бо йынша орналас-
тырып, кестені толтырыңдар. С дәруменінің мөлшерін шамамен есептеп, 
көрсетуге болады.
№6­зертханалық­жұмыс­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет